Биосфера.pptx
- Количество слайдов: 17
Биосфера – ғаламдық экожүйе Орындаған: Капсатарова Б. К Майлыбай Н. Т Қабылдаған: Дағжан Ж.
БИОСФЕРА (Грекше bios – тіршілік, sphaira - шар) Биосфера – тіршілік бар Жердің қабықшасы.
«Биосфера» терминін 1875 жылы австрия геологы Эдуард Зюсс ұсынды. Зюсс бойынша Жер сферасының (қатты, сұйық, газ), яғни литосфера гидросфера, атмосферадағы тірі ағзаларды бір-бірімен байланыстырды.
Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын Вернадский Владимир Иванович тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның, химиялық құрамы мен энергиясын қарастырды. В. И. Вернадский тұжырымдаған константалық заңы бойынша: биосфераның тірі затының мөлшері тұрақты шама болып табылады.
В. И. Вернадский биосфераның Жердің ғаламдық біртұтас жүйесі ретіндегі көзқарасты жасады. Бұл жүйеде геохимиялық және энергетикалық өзгерістердің жүруі тіршілікпен анықталады. В. И. Вернадский тірі ағзалардың геологиялық рөлі туралы ілімнің негізін қалады. Ғылыми еңбектері
Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы судың болуы. Биосераның тағы бір белгісі – оның космоспен тығыз байланыстылығы. 1852 жылы Швейцария астраномы Р. Вольт Жердің магнитизмінің Күндегі дақтардың пайда болу циклдігіне тәуелді екенін есептеп шығарды.
Биосфераның шекаралары 1926 жылы В. И. Вернадский биосфераның шекаралары туралы мәселені қойды. Қандай физико-химиялық жағдайлар тіршілікке анағұрлым қолайлы болып табылады? üКөмірқышқыл газы мен оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы. üСудың жеткілікті болуы (міндетті түрде сұйық күйде). üТемпературалық режим тым жоғары (ақуыздардың ұюына әкелетін) және тым төмен (ферменттердің жұмысын тоқтататын) болмауы керек. üМинералдық қоректену элементтерінің жеткілікті болуы. üСу ортасының белгілі бір тұздығы.
Биосфераның энергетикасы Күннің энергиясы – Жер биосферасының жылу балансы мен термиялық режимін анықтайтын негізгі қуат көзі. Жердің күнді айналуына байланысты Жер бетіне түсетін Күн сәулесінің интенсивтілігі Жер – Күн қашықтығының өзгеруіне байланысты жыл бойы өзгеріп отырады.
Жер биосферасын құрайтын заттардың негізгі типтері Әр түрлі зат табиғат бөліктері Тірі зат Биокостық зат Биогенді зат Радиоактивті ыдыраудағы зат Костық зат Космостық табиғаты бар зат
Тірі зат - бірқатар өзіне тән қасиеттерге ие бола отырып, биосферада белгілі бір биохимиялық функциялар атқарады.
Тірі зат қасиеттері • Биосфераның тірі заты энергияның үлкен қорымен сипатталады; • Тірі және өлі заттың айырмашылығы химиялық реакциялардың жылдамдығынан көрінеді; • Тірі затты құрайтын химиялық қосылыстар – ақуыздар, ферменттер және т. б. – тек тірі ағзаларда тұрақты болады; • Ерікті қозғалу биосферадағы кез келген тірі затқа тән;
Тірі заттың негізгі биологиялық функциялары 1. 2. 3. 4. Энергетикалық функциясы; Газдық функциясы; Концентрациялық функция; Тотығу дәрежесі өзгермелі атомдары бар заттардың химиялық өзгерістері 5. Деструктивтік функция; 6. Орта түзуші функция; 7. Тасымалдаушы функциясы.
Қорытынды Миллиардтаған жылдар барысында тірі ағзалардың көбеюі, өсуі, зат алмасуы мен белсенділігі, планетаның беткі бөлігін толық өзгеріске ұшыратты. Сөйтіп жылданжылға биосфера дамуда. Соның ішінде Вернадский өз үлесін көп қосты. 1926 жылы Ленинград қаласында 3 жылдан соң Парижде және кейінірек Берлинде В. И. Вернадский «Биосфера» деген жалпы атпен «Космостағы биосфера» , «Өмір аймағы» атты очерктері жарық көрді. Жалпы биосфера – тіршілік қабаты, яғни біздің тірі ағзаладың тіршілік жасатын Жер шарының бір бөлігі.
Пайдаланылған әдебиет: 1. Оспанова Г. С. , Бозшатева Г. Т. Экология. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2002. – 405 бет. 138 -158 беттер 2. Ғаламтор желісі
Биосфера.pptx