ббз.pptx
- Количество слайдов: 13
Биологиялық белсенді заттар Оспан Айжан Рабанова Айғаным
Биологиялық белсенді қоспалар — дәрі емес, ол ағзадағы жетіспейтін дәрумендер мен минералдардың орнын толықтыру үшін қолданылады. Биологиялық белсенді заттар - организмнің қандай да бір қызметін атқаратын, арнайы жоғары әрекетті іске асыратын органикалық қосылыстар. Бұл заттарға ферменттер, гормондар, дәрумендер және т. б. заттар жатады. Ферменттер организм жасушаларының барлығында бар, олар күрделі химиялық реакцияларды ыдыратуды тездетеді. Дәрумендер организмде және одан тыс көкөністер, жеміс-жидектердің т. б. құрамында бар. Дәрумендер - организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті заттар, олар адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.
ББЗ-ды өсімдік, жануар және баактериалды шикізаттардан алады, сонымен қатар химиялық және биотехнологиялық әдістермен де. Оларға сонымен қатар асқазан-ішек трактатының микрофлорасына реттеуші әсер көрсететін ферменттік және бактериологиялық препараттар (эубиотиктер) жатады. ББЗ экстракттар, тұнба, бальзам, изолят, ұнтақ, сұйық және құрғақ концентраттар, сироп, таблетка, капсула және т. б. түрінде шығады.
ББЗ олардың құрамына, функционалдық белсенділігі, әсер ету тиімділігіне және т. б. байланысты әртүрлі жіктеледі. Жалпы ББЗ-ды нутрицевтиктер мен парфармацевтиктер деп бөледі. Нутрицевтиктер деп – адам тағамының химиялық құрамын түзетуге арналған ББЗ-дың нутрицевтиктері келесі топтарға бөлінеді: - ақуыз бен аминқышқылдардың көздері; - май қышқылдарының, липидтердің және майда ерігіш витаминдердің көздері; - көмірсулар мен қанттардың көздері; - тағамдық талшықтардың көздері (пектиндер, өсімдік жасунықтары, микрокристаллды целлюлоза және т. б); - суда ерігіш витаминдер көздері; - макро және микроэлементтер көздері.
Парафармацефтикьер келесідей бөлінеді: - Жануарлар шикізатынан: ет-сүт өнімдері мен олардан алынатын өнімдерді, балықтар мен теңіз өнімдерін өңдеу негізінде алынған ББЗ; - Микроорганизмдердің таза культуралары мен аралас құрамының (эубиотиктер мен пребиотиктер) негізінде алынған бактериялық препараттар. Пребиотиктер – бұл микроб небасқа тектестірі микроорганизмдер. Бұл табиғи түрде физиологиялық қызметтерге қолайлы әсер еткенде организм иесіне биохимиялық реакция көрсетеді. Яғни организм иесінің микрофлорасының қызметіне ыңғайлы әсер ететін және өлі микроорганизмдердің қоршаған ортаға жақсы бейімделуіне әсер ететін кез келген тірі не өлі микроорганизмдер, сонымен қатар басқа да тектес заттар.
Организмге әсер етуі: Бионертті Биоүйлесімді емес Биоактивті
Уыттылығына қарай: Қарапайым Күшті әсерлі улы
Қызметтері: Организмде заттардың клеткалық алмасуы Заттар айналымы Қажетті заттар синтезі Организмде биореакциялардың катализі
Негізгі қасиеттері: Температураға төзімсіздігі Биологиялық белсенділігі Активаторлар мен ингибиторлардың әсері Стерильды болуы
Тағамдық биологиялық белсенді заттар Алкоидтар Белоктар, пептидтер Ферменттер Витаминдер Макро-микроэлементтер гормондар
Назарларыңызға рахмет!
ббз.pptx