Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым министрлігі С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті СӨЖ № 2 Тақырыбы: Микроағзалардың өзара және басқа ағзалармен қарым-қатынасы Дайындаған: Каирбекова Мадина (АТТТ-211) Тексерген: Қансеитова Н. Т. Астана 2015
Микроорганизмдер, микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А. В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар.
Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды. Микроорганизмдер физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан әр түрлі. Олардың кейбіреулері басқа организмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Мысысалы, 70 – 1050 С ыстықта, жоғары деңгейдегі радиацияда және концентрациясы өте күшті қышқылды (p. H<1, 0) немесе сілтілі (р. Н 9, 0 болатын, кейде одан да жоғары) орталарда, Na. Cl-дың жоғары концентрациясында (25 – 30%), оттек жоқ жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік ете алатын Микроорганизмдер белгілі. Олар өте төмен температурада да, құрғақшылық ортада да көбейе алады. Кейбір бактериялар мен балдырлар өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО 2 -ні пайдаланады, бұларды автотрофтар деп атайды.
Бұлардың ішіндегі кейбіреулері (мысысалы, сүт қышқылы бактериялары және қарапайымдылар) өздерінің дамуына қажетті өсу факторларын, яғни дайын витаминдер, амин қышқылдары немесе т. б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайды. Мұндай Микроорганизмдерді – ауксотрофтар деп атайды. Көптеген Микроорганизмдер өте күрделі органикалық қосылыстарын (белоктар, көмірсулары, соның ішінде целлюлоза, липидтер, нуклеин қышқылдары, көмірсутектері) ыдыратса, кейбіреуі адамдарды және жануарларды уландыратын (метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер) заттарды пайдалана алады, ал кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата алады (ксенобиотиктер).
Микроорганизмдер табиғатта топырақта суда ауада
Эпифит микроорганизмдер Жасыл өсімдіктердің органдарының сыртында орналасқан микроорганизмдерді – эпифит микроорганизмдер деп атайды. Эпифит микроорганзмдер өсімдіктер өсетін ортада, оның ішінде топырақта тіршілік етеді. Өсімдіктердің тамырында мекендеген бірқатар бактериялар мен саңырауқұлақтар бірте-бірте өсімдіктердің жапырағы мен сабағына ауысып, сонда тіршілік етіп, өсіп-дами алады. Эпифит микроорганизмдердің саны тұрақты болмайды. Олар жыл маусымның ылғалды және жылы кезеңдерінде көбірек болады. Сонымен қатар, эпифит микроорганизмдер кейбір өсімдіктерде көп кездеседі. Эпифит микроорганизмдердің ішіндегі ең көп тарағандары – спора түзбейтін таяқша бактериялар. Олар өсімдіктердің вегетативтік органдарынан бөлінетін заттармен қоректенеді. Эпифит микроорганизмдердің ішінде сүт қышқылы бактериялары, ішек таяқшасы, зең саңырауқұлақтары мен ашытқы саңырауқұлақтардың мөлшері аз болады. Әдетте бұл микроорганиззмдер тек қана белгілі бір мехникалық әсерден бүлінген өсімдіктердің клеткаларында тіршілік етеді.
Микроағзалардың қарым- қатынасы. Ассоциациялық қарым- қатынас – орта компоненттерін өзгерте отырып, микроағзалар басқа микробтардың тіршілік етуіне қолайлы жағдай туғызады. Метабиоз – микроағзалардың бір түрінің тіршілік әрекетінің өнімдері басқа ағзалар үшін қоректік заттардың немесе энергия көзі болып табылады. Селбесу – тығыз және ұзақ кеңістіктік қатынас жағдайында серіктестің екеуі өзара бірге өмір сүруге бейімделген микроағзалардың ассоциациясы. Экзоселбесу – микроағзалардың қожайын жасушасының сыртына орналасуы, ал эндоселбесуде – микроағзалар қожайын жасушасының ішінде дамиды. Мутуалистік селбесу – ассоциативті тіршілік ету барысында серіктестердің екеуі де пайда көреді.
Паразиттік селбесу (комменсализм) – серіктестердің біреуі ғана пайда көреді, ал екіншісі пайда көре алмайды. Факультативті селбесу – серіктестерді бір-бірінен бөлек өсіруге болады, облигатты селбесу – симбионттарды жеке өсіруге болмайды. Кооперация – популяцияның екеуі де бірге тіршілік ету кезінде пайда көреді, бірақ ол серіктестердің ешқайсысының өсуі мен дамуы үшін қажеті жоқ.
Паразитизм және жыртқыштық – популяцияның біреуі екіншісінің есебінен күн көреді, бірақ біріншісі екіншісіне тәуелді емес. Антагонизм микроағзалардың бірі екіншісіне жойқын әсер ететін химиялық заттарды субстратқа бөлуі арқылы көрінеді. Микроағзалар арасындағы антагонизм келесі себептерден туындайды: қоректік заттар үшін бәсекелестік; микроағзадан бөлінетін антибиотиктермен әсер ету; бір микроағзаның екіншісін жоюы. Фагия – вирус жасушасының микроағза жасушасына еніп көбею нәтижесінде микроб жасушасының жұмысының тежелуі немесе жойылуы.
Назарларыңызға рахмет!

