эссе.pptx
- Количество слайдов: 18
Білім грантына қол жеткізудің жолдары
Эссе және оған қойылатын талаптар
Эссе - философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанр.
Әдебиеттегі Эссе – соңғы пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, рухани әлеміне азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білгенін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.
Эссе Субъективті Авторды жан-жақты ашу, таныту Объективті Белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту
ЭССЕНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІКТЕРІ
Эссе тақырыбы Тақырыптың атауына мән беріп, мақсатын, сізден не сұралып отырғанын, оған қатысты жағдаяттарды, өзекті мәселелерді т. б. жанжақты ойланыңыз. Тақырыпты ашатын, жазатын мәселелерді жүйелеп алу үшін жоспар құрыңыз. Сіздің жоспарыңыз келесі бөліктерден тұруы тиіс:
Кіріспе Аталған тақырыптың мәні. Эссе жазудың бұл кезеңінде өз жұмысыңызда қандай сауалға жауап іздейтініңізді анықтау қажет. Бұл ретте сізге «Мен жазбақшы тақырып қазіргі кезде көкейтесті ме? » , «Бұл тақырыпты ашу үшін қандай түсініктерді анықтап алу қажет? » , «Тақырыпты бірнеше тақырыпшаларға бөліп ажырата аламын ба? » деген мәселелерді анықтап алған жөн.
Негізгі бөлім Бұл бөлімде негізгі идея мен көтерілген мәселе аясында шоғырланған дәлелдер мен сараптамалар, негіздемелер болу керек. Тақырыпты тақырыпшаларға бөліп, алға тартатын дәйектерді, сараптама жоспарын жүйелі түрде құрып алған жөн. Аналитикалық материал ретінде графикалар, сызба, тірек-схемаларын да қолдануға болады. Қарастырылатын мәселеге байланысты сараптама мына жүйемен жүзеге асуы керек: себеп-салдар, жалпыжалқы, түрі-мазмұны, бөлшек-бүтін, тұрақтылықөзгермелілік. Эссе құрастыруда бір параграф тек қана бір дәлелдемеден тұратынын естен шығармаған дұрыс. Жоспар құрып, бөлімдерді тақырыпшаларға ажыратқанда, осы ережеден ауытқымау қажет. Сонда жоспар бөліміндегі тақырыпшалардан қарастырылатын тақырып дәлелдемелері қаншалықты жүйеге сай екендігі бірден байқалады.
Қорытынды Тақырып бойынша қорытынды ой түйіні. Қорытынды құрастыру үшін қажетті әдіс -тәсілдер: қайталау, иллюстрациялар, цитата, сенімді дәлел.
Ұрпағымын ұлтымның тақырыбына эссе жазып көрелік. 1. Тақырыптың мазмұнын ашатын жоспар құрыңыз. 2. Эссе мазмұнының логикалық желіде біртұтастықпен құрылуы үшін қыстырма құрылымдар мен шылаулар, тірек сөздерін пайдалану қажет. Төмендегі тірек сөздерді эссе жазу барысында қолдану ұсынылады: ұлт болашағы, ұлт тағдыры, байтақ жер, жастар ие болып қалады.
Сіздің әрекетіңіз: v ұсынылған тақырыпты түсініп, онда түйінделген мәселені нақтылаңыз; v эссеңізде баяндалатын жағдаятты ойша бірнеше бөліктерге бөліп алыңыз; v әрбір бөлікті қамтитын жоспар құрыңыз; v эссенің кіріспесін жазыңыз. Эссе жазудың бұл кезеңінде өз жұмысыңызда қандай сауалға жауап іздейтініңізді анықтау қажет; v негізгі бөлімде тарихи, саяси-экономикалық өмірден, кітаптан, өзіңіздің тәжірибеңізден алынған мысалдар ендіре отырып, нақты деректер мен дәйектер келтіру арқылы тақырыбыңызды ашуға тырысыңыз; v эссені жеке ұстанымыңыз, пікіріңіз, көзқарасыңыз айқын көрінетін қорытындымен аяқтаңыз.
Жоспары І Ұлт ұрпағы ІІ Кең байтақ жер ІІІ Әр адам өз ұлтымен мақтана алады
Дені саудың – тәні сау Ø Тақырыптың мазмұнын ашатын жоспар құрыңыз. Ø Эссе мазмұнының логикалық желіде біртұтастықпен құрылуы үшін қыстырма құрылымдар мен шылаулар, тірек сөздерін пайдалану қажет. Ø Төмендегі тірек сөздерді эссе жазу барысында қолдану ұсынылады: салауатты өмір салты, денсаулық керек, себебі ақшаға сатылмайды және т. б.
Жоспар І Денсаулықтан қымбат не бар? ІІ Біз өмірді қалаймыз. ІІІ Шынығудың маңызы.
Бағалау межелері: ü эссе жүйесіне қатысты жоспар құруы; ü тақырыптың толық ашылуы; эссе мазмұнының логикалық тұтастығы және ішкі бөліктерінің өзара байланыстылығы, жұмыстың өз бетінше орындалуы; ü талдау-сараптау категорияларын сауатты пайдалана алуы; көтерілген мәселеге өзіндік баға бере алуы; ü нақты да түсінікті, мазмұнын айқын етіп жаза алуы; ü эссе көлемінің берілген нұсқаға сайлығы; ü қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларын сақтауы, жазу сауаттылығы.
Қаз. ГЗУ-ге қош келдіңіздер!
Сәттілік тілейміз!
эссе.pptx