Prezentatsia_12lekts_ka.pptx
- Количество слайдов: 14
БИІКТІКТЕН ТУЫНДАҒАН АУРУ. доцент м. а. Садыкова Г. С.
Биіктіктен туындайтын ауру – бұл қоршаған газды ортадағы парциалды қысымның күрт төмендеуінің салдарынан туындайтын ауру. Бұл аурудың негізгі этиологиялық факторы – биіктікке көтерілген кезде дем алатын ауада оттегінің парциалды қысымының төмендеуі. Бұл биікке ұшатын ұшқыштарда, космонавтарда, альпинистерде кездеседі.
Биіктікке көтерілген кезде дамыған күрделі патологиялық процессті тау немес биіктіктен туындаған ауру деп атайды. Оның қалыптасуы негізінен оттегінің жетіспеушілігіне байланысты гипоксияға бейімделмеген бірнеше адамдар тобын бөлуге болады. 0, 5 км дейінгі теңіз деңгейі индифферентті зона, одан әрі 2 км дейін – бұлшық еттердің қалыптасуының төмендеу зонасы. 2 -5 км аралығында тау ауруы дамиды: 4 -5 км жеткенде аурудың жедел түрі дамуы мүмкін. 5 -7 км жеткенде интелектуалды және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуі және жоғалуы пайда болады. 7 км жоғары естен тануға дейін жетеді және уақыты минутпен өлшенеді, 11 -12 км жоғары секундпен өлшенеді. бұл мәліметтер әртрүрлі деңгейдегі биіктікке көтерілген кездегі мүмкін болатын нәтижелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Тамырлар зонасындағы (синокаротоидты және аорталды) рефлексогенді хеморецепторлардың тітіркенулері өз кезегінде ағзаның қан мен тіндерінің оттегімен қанығуын төмендетеді, оттегінің жетіспеушілігі биіктік ауруының пайда болуындағы негізгі орынды алады. Хеморецепторлардағы импулстардың күшеюі көптеген рефлекторлы адаптирленген реакциялардың пайда болуына әкеледі.
Осы кезде гипервентиляцияның нәтижесінде гипокапния дамиды, ол биіктік ауруының патогенезінде маңызды орынды алады, сонымен қатар ол тыныс және қан айналымының реттелуінің бұзылуларының себептері болуы мүмкін. Қанның көмір қышқылымен бірігуі қышқылды сілтілі жағдайдың алкалоз жаққа қарай ығысуын тудырады және ағзада тотықпаған өнімдердің жиналуына әсер етеді. Кейіннен артериялды қанда оттегінің жетіспеушілігінің салдарынан ОНЖ және басқа ағзалардың, сонымен қатар барлық зат алмасу түрлерінің қызметтері өзгереді.
Сонымен қатар биіктік ауруында оттегінің жетіспеушілігімен қатар таудың биіктігінде жоғары күн радиациясы деңгейінің, ауа ионизациясының, ауа ылғалдылығы мен температураның күрт өзгеруі, сонымен қатар тамақтанудың белгілі бір ерекшеліктерініңде әсері бар. Ағзаның жағдайы әсіресе жүрек тамыр жүйесіндегі жағдайларының маңызы зор. Адамдардың гипоксияға қабілеттенуінің жеке ерекшеліктері жасына байланысты. Бала кезінде ұйқышылдық, ал жасөспірім кезінде эйфория бақыланады. Шамадан тыс физикалық және эмоционалды күш түсу, суық өту биіктік ауруларының дамуы мен және оның көріністерінің пайда болуына әкеледі. Өкпе және жүрек тамыр жүйесінің аурулары тез және айқын зақымданулардың дамуына әкеледі.
Клиникасында. Бұзылыстардың бірінші белгісі болып, ОНЖ зақымданулары жатады: жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, көру қызметінің, қозғалыс координациясының бұзылыстары, назар мен есте сақтаудың бұзылыстары, бас айналу болып жағдайы нашарлап, адинамияға ауысып, жүрек айнып және құсып, асқазан-ішек жолдарынан, мұрынннан қан кетуілер болады. Осы көрінстердің барлығы тыныстың жиілеіумен тереңдеуі, жүректің жиырылуының жиілеуі мен жүрек қызметінің күшеюімен жүреді, ол ауадағы оттегінің жетіспеушілігінің көрінісі болып табылады.
Биіктікке жаяу тез жоғары көтерілгенде, машинамен көтерілген кезде, транспорттың басқа түрлерінде, көбінесе арқан жолдары кезінде аурудың көрінісі неғұрлым айқын болады. Жиі баяу көтерілген кездері аурудың симптомдары 2 -ші, 3 -ші күндері айқынырақ көрінеді. Кейінірек биіктікке әсіресе оттегінің жетіспеушілігіне бейімділік пайда болғандықтан оның көріністері шамалы болады. Бейімдену кезеңінің ұзақтығы биіктік деңгейі мен оның өсуіне байланысты. Толық бейімдену үшін кем дегенде 1 -2 ай қажет. Қалыпты атмосфералық қысымға қарағанда, толық адаптация кезіндегі 3 -4 км деңгейдегі биіктікте жұмыс істеу біршама қиынырақ.
Биіктік жағдайында жұмыс істейтін адамдарды таңдау кезінде міндетті түрде ауадағы оттегін көтере алу сынамасын жүргізеді. Кез келген орталық жүйке жүйесінің және жүрек тамыр жүйесінің бұзылыстары, гипофизарлық- эндокриндық бұзылыстар, сезу ағзалары мен асқорту бездерінің ақаулары бар адамдар биіктікке көтеруге жол берілмейді.
Емі. Емдеу әдісі оксигенді терапия немесе карбогенді ингаляция (оттегі қоспасы және 3 -5 % көмір қышқыл газы). Биіктіктен баяу төмен түсіру. Көбінше симптомды ем: бас ауырғанда цитрамон, басқа массаж; тамыр тонусын көтеру үшін – ащы шәй немесе кофе, кофеин; жүрек әлсіздігінде - камфора, кордиамин, строфантин; тынысты тітіркендіру үшін - мүсәтір спирті, лобелин, цититон беріледі.
Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Биіктік аурулардың жеңіл түрлерімен ауырып, денсаулыққа тұрақты өзгерістер әкелмесе, науқас ары қарай өз кәсібі бойынша жұмысын жалғастыра береді. Бұл кезде 10 күн мөлшерінде ауруханалық парақ беріледі. Айқын және тұрақты өзгерістер жұмыс қабілетінің жоғалуына байланысты науқастар еңбек ету қабілетінің жоғалту деңгейін анықтау үшін және реабилитациялық сипаттағы шараларды жүргізу үшін МӘСК жіберіледі.
Алдын алу. Биіктікке арналған инструкцияларды сақтау, ақырындап оттегінің жетіспеушілігіне жаттығулар жасау, биіктік ауруы дұрыс кәсіптік таңдаулармен жүргізіледі. 8 км және оданда жоғары көтерілген кезде оттегімен тыныс алдырады, арнайы құрал жабдықтар, жылы киімдер, скафандарлар қолдану. Алдын алуда С, В 2, В 6, РР, Р, витаминдері, фоли қышқылын пайдалану оң әсер береді. Негізгі емдеу әдісіне оттегімен немесе оның ауамен қоспасымен тыныс алдыру жатады.
1 -3 км биктікте өмір сүретін адамдар ұзақ жасаумен және әртүрлі қолайсыз факторлардың әсеріне қарсы тұрады. Осы мәліметтер тау ауруының алдын алуларындағы гипоксияның жаттығулары ғана болып қоймай, сонымен қатар жалпы резистенттілікті көтереді. Биіктікке шығуға ОЖЖ және қан тамыр жүйесінің, гипофизарлы-эндокринді , сезу және асқорыту бездерінің бұзылыстары бар адамдарға болмайды.
Биіктік ауруының нәтижелеріне қарап жұмыс қабілетінің сараптамасын жүргізуде аурудың этиологиясы мен диагнозын қоюда ерекше қиындық туындайды. Жиі осындай жағдайларда анықталынатын жүрек тамыр жүйесінің және сүйек буын жүйесінің ауруларын жасқа байланысты аурулармен және жалпы симптомдармен салыстыру керек. Аурудың себебін анықтау арқылы кессонды аурулар және оның басқада зақымдануларына қарап жұмыс қабілетінің жағдайын шешеді.
Prezentatsia_12lekts_ka.pptx