ahmet-bajt9rsyinov.pptx
- Количество слайдов: 63
Берік Еламан Жұмыстың тақырыбы: Ахмет Байтрұрсынов Пәні: қазақ әдебиеті Сыныптар : 5 -11 -сыныптар Жұмыстың сипаттамасы Жұмыс «Ахметтану» курсының материалдары ретінде және оқыту бағдарламасындағы Ахмет бапйтұрсынов тараулары бойынша қолданылуға болады. Жинақ «Ахметтану» » модулі бойынша «хронология» , «Қазақ тілбілімінің негізін қалаушы» , «аудармалары» , «түркітану» , «әдебиеттанытқыш» , «шығармалары» , «ғалымның жарық көрген еңбектері» , «мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалары» , «Ахмет атаның туыстары» , «фотосуреттер» , «мұражайы» , « Ахмет байтұрсынов атындағы марапаттаулар» , «өзіңді өзің тексер» , «интеллектуалдық ойын» мазмұнында берілген. Берілген оқу материалдары, фото бейнелер, ойын ережелері, тапсырмалар мультимедиалық анимациялардың және бейнетізбектердің көмегімен түсіндіріледі. Оқушылар 16 түсініктемені қажетті оқу материалдарын толық оқып-меңгергенше бірнеше рет қайталап қарап көре алады. Мұнда оқушылар Ахмет байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын, оның отбасы, туыстары жөнінде таныса алады. Сондай ақ бірнеше өлеңін оқып, оны жаттауға мүмкіндік бар. Сонымен бірге Ахмет байтұрсыновтың мұражайы бойынша мағлұматтар ала отырып, фото суреттер арқылы мұражайға саяхат жасауға, онда сақталған құнды мұрағаттармен танысуға болады. . (2 -сурет) Берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар алған білімдерін өздері бағалай алады. Бұл жинақ оқушыларға мектепте қазақ әдебиеті сабағында немесе үйде өз бетінше жұмыс істеу үшін пайдалануға ұсынылады.
Хронология Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Аудармалары Түркітану Фильмдер Әдебиеттану «Әдебиет танытқыш» Шығармалары Ғалымның жарық көрген еңбектері Мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалары Ахмет атаның туыстары Фотосуреттер Ахмет ата мұражайы Ахмет Байтұрсынов атындағы марапаттаулар Өзіңді өзің тексер Интеллектуалды ойын
Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). 1882— 1884 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895— 1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды. 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді. . 1918 -19 жж. Алаш Орда қатарында болады. 1919 ж маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады. 1922 -25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер. 1925 -29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және Қаз. ПИ-де оқытушы болды. 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.
Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1 -съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады. Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды. [8][9]
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И. А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И. И. Хемницердің «Атпен есек» , А. Пушкиннің «Балықшы мен балық» , «Алтын әтеш» , «Ат» , «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С. Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды. Ахмет атаның мысалдары Байқау
Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Москвада шығарды. Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. « 23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926).
«Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі Екінші бөлімі
«Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі» , өлең айшықтары, «шумақ түрлері» , «тармақ тұлғалары» , «бунақ буындары» , «ұйқастығы» т. б. сөз етіледі.
«Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме» , тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, пайымдама, пайымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады. Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады. Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15 -17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.
1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ. Умаров Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм” 2009 — «Алашорда» Алашорда режиссері: Қ. Умаров Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы “Алашорда» деректі фильм Ахмет Байтұрсынов видео Ұлт ұстазының ізі А. Байтұрсыновтың жұбайына ескерткіш қойылды.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды- жіңішкелі үндестік зааңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқуағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911 -1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының [7]әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912 -1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын таныптанытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған. Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты» , «Қазақ, қалпы» , «Досыма хат» , «Жиған-терген» , «Тілек батам» , «Жауға түскен жан сөзі» , «Бақ» т. б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
Киргизские приметы и пословицы // «Тургайская газета» № 39, 24 сентября 1895. Кітаптар жайынан (Қол қойған: Маса) // «Айқап» № 1, Б. 12 -13, 1911. Қазақтың өкпесі // «Айқап» № 2, Б. 12 -14, 1911. Жазу тәртібі // «Айқап» № 4, Б. 84 -86, 1911. Тағы да жер жайынан // «Айқап» № 4, Б. 1 -4, 1911. Аз уақытта көп білу жолының басы (Қол қ. : А. Б. Б. ) // «Айқап» № 4, Б. 82 -83, 1911. Тағы да народный сот хақында // «Айқап» № 6, Б. 6 -10, 1911. Бастауыш мектеп // «Айқап» № 6, 1911. Қазақ пайдасындағы жерді алу турасындағы низамдар, бұйрықтар // «Айқап» № 9, Б. 9 -13, 1911. Қазақ жерін алу турасындағы низам (Жалғасы, басы № 9) // «Айқап» № 10, Б. 14 -16, 1912. Шәйзіман мырзаға (Ш. Жияшевтің 1912 -ші жылы № 6 -7 -ғы «Бірге қозғалайық» мақаласына жауабы) // «Айқап» № 9, Шәйзіман мырзаға (Жалғасы, басы өткен санда) // «Айқап» № 10, Б. 229 -233. Қазақ һәм төртінші Дума // «Айқап» № 12, Б. 259 -262, 1912. Құрметті оқушылар! // «Қазақ» № 1, 2 ақпан 1913. Жақын арада басылып шыққан кітаптар әм шығатын кітаптар ( «Оқу құралы» кітабы туралы хабар) // «Қазақ» № 1, 3, 1913. Қазақтың тарихы (Түрік баласы) // «Қазақ» № 4, 10 ақпан 1913. Қазақша сөз жазушыларға // «Шора» № 4, Б. 110 -113, 1913. Бес мың десетина жер // «Қазақ» № 6, 1913. Бас қосу турасында // «Қазақ» № 8, 1913. Тағы да народный сот хақында // «Қазақ» № 8 -9, 1913. Оқу жайы // «Қазақ» № 11, 21 сәуір, 1913. Шәйзіман мырзаға (Жалғасы, басы өткен сандарда) // «Айқап» № 11, Б. 251 -254. Қазақша оқу жайынан // «Қазақ» № 14, 16 мамыр 1913. Орыс «мейірманшылығы» // «Қазақ» , 1913.
. Білім жарысы // «Қазақ» № 16, 31 мамыр 1913. . Білім жарысы хақында // «Қазақ» , 1913. Бас қосу турасында // «Қазақ» № 18, 16 маусым 1913. Қырық мысал (Аударма өлең туралы) // «Қазақ» № 18, 19, маусым 1913. Көшпелі һәм отырықшы норма // «Қазақ» № 20, 29 маусым, 1913. Шаруа жайынан // «Қазақ» № 24, 31 шілде 1913. Земство // «Қазақ» № 25, тамыз 1913. Орысша оқушылар // «Қазақ» № 26, 15 тамыз 1913. Қазақ жерін алу турасындағы низам // «Қазақ» № 29 -30, 1913. Ауру жайынан. // «Қазақ» № 27, 25 тамыз 1913. Оқыту жайынан // «Қазақ» № 29, 7 қыркүйек 1913. Қазақ жерін алу тураасындағы низам // «Қазақ» № 29, 30. 1913. Жауап хат (Қол қ. : Ахмет) (Сейдалин Жиһаншаның сиез туралы мақаласына жауап) // «Қазақ» № 30, 14 қыркүйек 1913. Жауап хат (Қол қ. : Ахмет) // «Қазақ» № 31, (Жалғасы, басы өткен санда), 21 қыркүйек 1913. Уақ қарыз // «Қазақ» № 32, қазан 1913. . Егін егу // «Қазақ» № 33, 9 қазан 1913. Жер жалдау жайынан // «Қазақ» № 34, 1913. Жазу мәселесі (Қол қ. : А. Б. ) // «Қазақ» № 34, 16 қазан 1913. Жазу мәселесі (Қол қ. : А. Б. ) // «Қазақ» № 35, (Жалғасы, басы № 34 -те), 24 қазан 1913. . Бас қосуға рұқсат берілмеді // «Қазақ» № 35, 24 қазан 1913. Жазу мәселесі (Қол қ. : А. Б. ) // «Қазақ» № 36, (Соңы, басы өткен сандарда), 31 қазан 1913. Орынбор әм 13 октиабір // «Қазақ» № 36, 31 қазан 1913. Қазақтың бас ақыны // «Қазақ» № 39, 23 қараша 1913. Қазақтың бас ақыны // «Қазақ» № 40, (Жалғасы, басы өткен санда), 30 қараша 1913. Алаш азаматтарына (М. Дулатовпен бірге) // «Қазақ» № 42, 15 желтоқсан 1913.
Қазақстан құрылысының жаңа дәуірі // «Еңбекші Қазақ» № 225 -226, 12 -13 қазан 1926. Араб әліп-биін жақтаған байандамасы [А. Байтұрсынұлы] // Әліппе айтысы. Б. 16 -29. , – Қызылорда, 1927. Түзетілген әріп // «Жаңа мектеп» № 1, Б. 32 -36, 1927. Дыбыстарды жіктеу туралы // «Жаңа мектеп» № 5, Б. 65 -70, 1927. Ана тілінің әдісі // «Жаңа мектеп» № 9, Б. 23 -31, 1927. Жалқылау (айырыңқы) әдіс // «Жаңа мектеп» № 11 -12, Б. 45 -49, 1927. Ел мектебі // 29 желтоқсан 1927. Жалқылаулы-жалпылау әдісі // «Жаңа мектеп» № 1, Б. 31 -37, 1928. Қай әдіс жақсы // «Жаңа мектеп» № 4, Б. 3 -11, 1928. . Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізіу керек? // «Қызыл Қазақстан» № 4, Б. 3 -11, 1928. Сәбитке жауап // «Еңбекші қазақ» № 21, 26 қаңтар1928. . Тағы да жат сөздерді қолдану туралы // «Еңбекші қазақ» № 109, 17 мамыр 1928. Қазақ университетінің ашылуы (А. Байтұрсынұлының құттықтау сөзі) // «Еңбекші қазақ» № 225, 4 қараша 1928. Емле туралы // «Еңбекші қазақ» , 27 наурыз 1929. . «Жауға түскен жан сөзі» , «Қарқаралы қаласына» , «Жұртыма» // «Сарыарқа самалы» , 28 қаңтар 1933.
1. Қырық мысал. Крылов мысалдарының аудармалар жинағы. Санк- Петербор, 1909. -116 б. ; Қазан, 1913. -96 б. , Орынбор, 1922. -96 б. – 3 рет; 2. Маса. Өлеңдер және аудармалар жинағы. Орынбор, 1911. -46 б. ; Қазан, 1914. -94 б. ; 1922. -95 б. , Қолжазба. (Шыққан жылы белгісіз) – 3 рет; 3. Оқу құралы. Бірінші кітап: Балаларға арналған әліппе. Орынбор, 1912. -40 б. ; О. , 1913. -40 б. ; О. , 1914. -96 б. ; О. , 1916. -98 б. ; О. , 1921. -90 б. ; О. , 1922. -70 б. ; Ташкент, 1922. -95 б. ; О. , 1923. -126 б. ; О. , 1925. -72 б. – 9 рет; 4. Оқу құралы. Екінші кітап: Алифбаға жалғасты. Орынбор, 1913. - 54 б. ; Қазан, 1913. -52 б. ; О. , 1923. -73 б. ; О. , 1924. -72 б. – 4 рет; 5. Оқу құралы. Усул сотие жолымен, қазақша әліпбиге байаншы. Қазан, 1913. -15 б. ; Ташкент, 1921. -14 б. – 2 рет; 6. Оқу құралы. Бірінші кітап: Үлкендер үшін. Семей, 1921. -30 б. – 1 рет; 7. Тіл – құрал. 1 -нші жылдық: Грамматика (Дыбыс жүйесі мен түрлері). Орынбор, 1914. -53 б. ; Ташкент, 1918. -32 б. ; Т. , 1922. -90 б; О. , 1924. -48 б. ; Қызыл-Орда, 1925. -39 б. ; Семей, 1927. -38 б. ; Қ-О, 1927. -39 б. – 7 рет; 8. Тіл – құрал. 2 -нші жылдық: Этимология (Сөздің жүйесі мен түрлері). Орынбор, 1914. -120 б. ; Ташкент, 1920. -96. ; Қазан, 1920. -104 б. ; Т. , 1922. -96 б. ; О. , 1923. -128 б. ; О. , 1924. -128 б. ; Қызыл-Орда, 1925. -122 б. ; Қ-О. , 1927. -122 б. – 8 рет; 9. Тіл – құрал. 3 -нші жылдық: Синтаксис (Сөйлем жүйесі мен түрлері). Орынбор, 1923. -68 б. ; О. , 1924. 67 б. ; Қызыл-Орда, 1925. -73 б. ; Қ-О. , 1926. -73 б. ; Қ-О. , 1927. -73 б. ; Қ-О. , 1928. -72 б. – 6 рет; 10. Байаншы. Әдістемелік құрал. Қазан, 1920. -15 б. – 1 рет; 11. Уголовный кодекс РСФСР. (Табылмады. Баспаға 1921 -ші жылы дайындалып, өндіріске жіберілгені туралы мұрағаттық мәлімет бар). 12. Ер Сайын. Мәскеу, 1923. -95 б. – 1 рет; 13. Мәдениет тарихы. Қызыл-Орда, 1923. -беті белгісіз. (Табылмады. 1923 -ші жылы басылғандығы туралы М. Әуезовтың мәліметі бар, 1929 -шы жылы түрмеден жазған мәлімдемесінде өзі айтады). 14. Әліпби. Жаңа құрал. Қызыл-Орда, 1926. -116 б. ; Қ-О/Ташкент, 1927. -116 б. ; Қ-О, 1928. -116 б. – 3 рет; 15. Әліппе – астары. Әліппеге жетекші құрал. Орынбор, 1924. -26 б. – 1 рет; 16. Сауат ашқыш. Ересектерге арналған әліппе. Орынбор, 1924. -114 б. ; Семей, 1926. -83 б. – 2 рет; 17. 23 жоқтау. Мәскеу, 1926. -155 б. – 1 рет; 18. Әдебиет танытқыш әдебиеттануға кіріспе. Қызыл-Орда, 1926. - 286 б. ; Ташкент, 1926. -286 б. – 2 рет; 19. Оқу құралы. Хрестоматия (Т. Шонанұлымен бірге, Қызыл-Орда, 1926. -412 б. , Қ-О, 1927. -412 б. – 2 рет; 20. Тіл – жұмсар. 1 - бөлім: Практикалық грамматика. Қызыл-Орда, 1928. -46 б. – 1 рет; 21. Тіл – жұмсар. 2 -бөлімі: Практикалық грамматика. Қызыл-Орда, 1929. -90 б. – 1 рет. 22. Практическая грамматика. 2 -ое стреотипное издание. Второе книга. – Кзыл-Орда, 1929. 23. Шарушылық өзгеріс. /Қолжазба/. Әңгіме № 4. , Жылы белгісіз, беті белгісіз. (Мәлімет Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхананың Сирек кітаптар қорынан алынды).
Алаштың үш арысы (солдан оңға): Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы.
Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы алдыңғы қатарда сол жақтан үшінші отыр. Бұл фотосуреттің сыртында «Ғылыми қызметкерлердің бүкілодақтық съезі. 1927 жыл. Ақпан 513» деп жазылған
Ахмет Байтұрсыновтың туыстары • Самұрат Кәкішев – Ахмет Байтұрсынұлының кіші інісінің баласы, Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қор мен Байтұрсынұлының мұражай-үйін құрған адам. Меруерт Тыныбекова – Ахмет Байтұрсынұлының қарындасының немересі, оның әжесі Зиляш 1962 жылы 83 жасында қайтыс болады. Меруерт Тыныбекованың әкесі Бәкібай Бейісов – Зиляштың ұлы.
Ахмет Байтұрсынұлы МҰРАЖАЙ-ҮЙІ
Ахмет Байтұрсынов Алматы қаласында қызмет істеп жүргенде тұрған үш үйі болған екен. Оның жазбалары арқылы осы үш үйдің орнын зерттеушілер анықтаған. Алайда ол тұрған екі үй қалада жаңа құрылыстар басталғанда алынып тасталынған болып шықты. Соның ішінде тек Ахмет Байтұрсынұлы МҰРАЖАЙ-ҮЙІ ғана қалған. Ахмет Байтұрсынов бұл үйде 1934 -1937 жылдар аралығында тұрған. Ахмет Байтұрсынов саяси қуғын-сүргінге ұшырап айдаудан келгеннен кейін, көпшілік оны «халық жауы» деп, қол созып, көмек көрсетуден қорқақтаған еді. Сол кезде оның қызы Шолпан мен күйеу баласы осы үйге қамқорлыққа алады.
• Үй мұражай ретінде 1998 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 125 жылдық мерейтойы қарсаңында ресми түрде ашылды. Алайда, Ахметтің қызы Шолпан бұл үйдің ашылғандығын көрген жоқ. Бүгінде мұражайға Байтұрсынов Серік Самратұлы төрағалық етіп отыр.
Суретте Ахмет Байтұрсыновтың жары Бәдрисафа апа бейнеленген. Суреттің авторы Arhun. Ахмет Байтұрсыновтың жарына арнаған өлеңі: Сұрасаңыз есімі Александра Ивановна, Ризамын құдайдың оны маған қиғанына. Бір кәпірді мұсылман қылып сауаптапсам, Тұрмайма он молданың иманына.
Ахмет Байтұрсынұлы мен Бәдрисафа апаның (Бәдрисафа - А. Байтұрсыновтың әйелі Александра Ивановнаға қойған аты. Бұл есім арабшадан аударғанада «Бадрун» — толық ай, «сафа» — кіршіксіз таза деген мағынаны білдіреді) туған балалары болмаған. Олардың бауырларына салып, асырап алған Аумат, Қазихан және Шолпан деген үш балалары болған. Аумат пен Қазихан ертеректе қайтыс болып кеткен. Ал Шолпан халық жауының қызы ретінде Бәдрисафа апамен бірге айдауда болған.
Мұражайда үш зал бар: 1. Қайта оралу — мұнда Ахмет Байтұрсыновты ақтау туралы анықтамалар, оған көрсетілген құрмет қағаздары бар. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсыновқа берілген «Ана тілдің айбары» , «Ғасыр саңлағы» деген медальдары сақтаулы тұр. 2. Қазақ санасының шам шырағы — ғалымның мектептегі күндерінен бастап, «халық жауы» атанып ұсталып кеткенге дейінгі өмір жолдары мұрағат құжаттары негізінде сақталған. Бұл залдың маңызды құжаттың бірі ғалымның жары Бәдрисафаның Дала губернаторына жазған — «Жеделхаты» болып табылады. Ресми хат 1909 жылдың 5 тамызында жолданған. 3. Саяси қуғын-сүргін құрбаны — бұл залда Ахмет Байтұрсыновтың бес рет түрмеге түсіп, екі рет жер аударылғандығы т
А. Байтұрсынов атындағы орден А. Байтұрсынов атындағы медаль
• А. Байтұрсынов атындағы орденнің сипаттамасы: негізі – сары түсті металл (жез), көгілдір түсті эмаль; қаптамасы – сары түсті металл (жез); тіреуіші – визорлық құлыпты ине. Ахмет Байтұрсынов атындағы орденге ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының логотипі бейнеленген ақ жолақтары бар жасыл лента қоса ұсынылады. • 2. Ахмет Байтұрсынов атындағы орденімен еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, жаңа буын мамандарын даярлаудағы жаңашыл идеялары мен инновациялық ұстанымдары үшін тұлғалар мен ұйымдар марапатталады.
• Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы жоғары оқу орындары арасында кеңінен қолданыс тапқан оқулықтар, оқу құралдарын жазудағы көп жылдық нәтижелі еңбегі үшін авторларды А. Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» медалімен марапаттайды.
« Өзіңді өзің тексер 1911 жылы Ахмет Байтұрсыновтың қай жинағы жарық көргенін белгілеңіз. A) «Маса» B) «Жыл мезгілдері» C) «Ақын ініме» D) «Бақыт» E) «Қырық мысал» А. Байтұрсынов Ұлы Абай шығармашылығы туралы қай мақалада сөз еткенін көрсетіңіз. A) «Әдебиет танытқыш» B) «Ала қойлар» C) «Қазақтың бас ақыны» D) «Маса» E) «Қырық мысал» Қазақ» газетінің бас редакторы болған тұлғаны көрсетіңіз. A) Ш. Уәлиханов B) А. Байтұрсынов C) М. Дулатов D) Ы. Алтынсарин E) Ш. Құдайбердиев А. Байтұрсынов «әдебиет» сөзін қалай аударды ? а) қымбат сөз б) асыл сөз в) алтын сөз г) жай сөз д) күміс сөз Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысалы» басылып шыққан жерді белгілеңіз. • Семейде Ырғызда Торғайда Петербургте Алматыда
Жарайсың!
Дұрыс емес
Кім көп біледі? Ахмет Байтұрсынов поэзиясы білгірлері Сұрақтар мен тапсырмалар
Ахмет Байтұрсынов поэзиясы білгірлері • Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, Жанға көңіл қалып тұр, Жан бұл күйге салып тұр. Қайран еркін Замандарың, Тарлыққа жоқ Амалдарың Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай! Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай! Үйілген өлексені өрге сүйреп, Шығармақ қыр басына іңкәрің-ай
Өлеңдері • Қазақ қалпы Қазақтың бала жұбату өлеңі Жауға түскеннің сөзі Оқуға шақыру Достыма хат Анама хат Адамдық диқаншысы Қазақ салты
• ҚАЗАҚ ҚАЛПЫ • Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, • Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ. • Жел соқса, құйын қуса жылжи беру • Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ. • Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік, • Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік. • Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз, • Алалық алты бақан дертпен кірдік. • Бейне бір құдіретті сынағандай, • «Сақтар деп сақтар болса» сертпен жүрдік. • Жат жақты жаратқанға күзеттіріп, • Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік. • Білдірдік елдің сырын, ердің құнын, • Еліріп ерегеске екі-үш күндік. • Кіреді тентек есі түстен кейін, • Мүшкілін халіміздің жаңа білдік. • Әлі де саңлаусыз салтын бағып, • Түрі жоқ іс ететін пәлен дерлік. • «Ұлы той — көппен көрген» жалғыз мен бе • Деп отыр, не болса да жұртпен көрдік.
• • Жауға түскеннің сөзі Жанға көңіл қалып тұр, Жан бұл күйге салып тұр. Тәнге көңіл қалып тұр, Тән шыдамай, арып тұр. Жұртқа көңіл қалып тұр, Жұрт жалғанға нанып тұр. Өтірік өрлеп күшейіп, Шын жеңіліп, талып тұр. Бақ дегенге байлау жоқ, Уағдадан танып тұр. Тағдыр шіркін тап беріп, Тамағымнан алып тұр. Бәле деген аңдушы Аяғымнан шалып тұр. Жала деген төбеті Балтырымнан қауып тұр. Жау білегін сыбанып, Пышағын қайрап, жанып тұр. Сауысқан, қарға, қарақұс Жемтік аңдып, бағып тұр. Көре алмаған күншілдің Көңіліне мұным жағып тұр. Табалаған жаманның Шаян тілі шағып тұр. «Әй, сені ме? !» дегеннің Айызы әбден қанып тұр. Жаны ашыған жақынның Жас көзінен ағып тұр. Айыруға амал жоқ, Қылышын жерге шауып тұр. «Әлдеқалай болар» деп, Жүрегі жұлқып қағып тұр. . . Түгі жылы, білмедім, Түледі ме - нағып тұр? Түлемеген түпкі дос, Түлегенің барып тұр!. .
• • Қазақтың бала жұбату өлеңі Қайран еркін Замандарың, Тарлыққа жоқ Амалдарың. Еркін дала, Еркің қайда? Еркіңдегі Көркің қайда? Нулы, нулы Жерің қайда? Сулы, сулы Көлің қайда? Еркін көшкен Елің қайда? Ел қорғаны Ерің қайда? Тура айтатын Биің қайда? Би бардағы Күйің қайда? Адал көңіл Ақтық қайда? Жалған анттан Сақтық қайда? Бауыр тартқан Жүрек қайда? Намыс қызған Сүйек қайда? Нулы жерден Көшті айырды, Сулы көлден Сұсты айырды. Ер орнына Еркек қалды, Көлеңкеден Үркек қалды. Би орнына Биің болды. Би деу бірақ Қиын болды. Қаралды би Жақтау болды. Қараны жан Ақтау болды. Бауыр, жүрек Талас боп тұр. Намыс, сүйек Қалаш боп тұр. Малың алдау, Талауда тұр. Жаның арбау, Қамауда тұр. Аяғыңды Тұсау қысты. Жақтарыңды Құрсау қысты. Көрмесіңе Пердең мықты. Өтпесіңе Кермең мықты. Енді жатып, Ұйықтау қалды. Ұйықтағанды Мақтау қалды. «Әлди, әлди!» Деп тербеткен, Ұйықтасын деп Көп тербеткен. Қарның ашса, Ұлықтарың Жілік шағып, Май бермекші. Тоңсаң, түлкі Құйрықтарын Жіпке тағып, Бай бермекші. «Әлди, әлди!» Мен де деймін. Сірә, «әлдиге» Сенбе деймін.
Достыма хат • Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай! Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай! Үйілген өлексені өрге сүйреп, Шығармақ қыр басына іңкәрің-ай! Жарқырап жақсылықтың таңы айтпай тұр, Түнерген төбемізден бұлт арылмай. Көк етті, көн терілі, көніп қалған, Сықса да шыдай беру, жұрт жарылмай. Кім біліп, ер еңбегін сезіп жатыр, Кім шыдап, жолдастыққа төзіп жатыр? Сасық ми, салқын жүрек санасыздар Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр. Сынайтын жақсы менен жаманды өлшеп, Құлдықтың қолдарында көзі жатыр. Кешегі кеңшілікте керек қылған Бостандық болмаған соң, безіп жатыр. Айтқанмен таусыла ма оны-мұны, Талайдың таңдамалы түпкі сыры: Жанасқан шын көңілмен жақындық аз Көбінің іші салқын, сырты-ақ жылы. Ақшаға абыройын, арын сатып, Азған жұрт, адамшылық қалмай сыны. Жаны ашып, жақын үшін қайғырар ма Жаны мал, жақыны мал, малдың құлы? !
• Оқуға шақыру • Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап! Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! Шақырды тауық мана әлдеқашан, Қарап тұр терезеден күн жылтырап. Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да, Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да: Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп, Барады аралар да ұшып балға. Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман, Оянып жан-мақұлық түнде қонған, Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы, Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған. Өзенде балықшылар ау қарап жүр, Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған. Аллалап, ал кітапты қолдарыңа! Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
Анама хат • Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам! Арнап хат жазайын деп, алдым қалам. Сені онда, мені мұнда аман сақтап, Көруге жазғай еді Хақ тағалам! Бара алмай, өтірікші болып әбден, Семейдің түрмесінде отыр балаң. Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ, Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң! «Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар, Жолдар көп жәннатқа да тарам-тарам. Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп, Бітпеген жүрегімде бар бір жарам. Алданып тамағыма, оны ұмытсам, Болғандай жегенімнің бәрі харам. Адамнан туып, адам ісін етпей, Ұялмай, не бетіммен көрге барам? ! Көп айтпай, қысқасынан сездіретін Балаңның мінезі бар сөзге сараң: Кетер деп «суға құлап, отқа түсіп» , Қайғы жеп, менің үшін болма алаң! Отырмын абақтының бөлмесінде, Бұйрықсыз көз жетеді өлмесіме. Есіктің құлпы мықты, күзетші кеп, Ажалдан басқа ешкім келмесіне. Қоршаулы айналасы, биік қорған, Берік қып салған темір терезесіне. Қалайша мұны көріп көңіл сенбес Аттанып жау келсе де бермесіне. Каламда Лаухул-Махфуз ұмытқан ба, Жазбапты бұл орынды көрмесіме. Қаңбақпен салмағың тең бұл бір заман, Ылаж жоқ жел айдаса ермесіне. Тайпалған талай жорға, талай тұлпар Тағдырдың кез болып тұр кермесіне. Солардан жаным, тәнім ардақты емес, Орынсыз күйзелейін мен несіне!
Қазақ салты • Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ. Жел соқса, құйын қуса жылжи беру Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ. Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік, Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік. Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз, Алалық алты бақан дертпен кірдік. Бейне бір құдіретті сынағандай, «Сақтар деп, сақтар болса» - сертпен жүрдік. Жат жақты Жаратқанға күзеттіріп, Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік. Білдірдік елдің сырын, ердің құнын, Елеріп ерегіске екі-үш күндік. Кіреді тентек есі түстен кейін, Мүшкілін халіміздің жаңа білдік. Әлі де, саңылаусыз салтын бағып, Түрі жоқ іс айтатын пәлен дерлік. «Ұлы той көппен көрген жалғыз мен бе? Деп отыр, - не болса да жұртпен көрдік» .
• Адамдық диқаншысы • Адамдық диқаншысы қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың. Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет, Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. Оттай бер, жануарым екі аяқты, Адамдық хайуанға қанша қажет? ! Жаратқан малды Құдай не керекке. Мінуге, сою, соғу, жүндемекке. Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп, Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке. Таяққа еті үйренген қойшы жайлап, Көк есек қозғала ма түрткенге айдап? Есептен алданғандай болғандар көп, Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.
. Орынбордағы мектепте қай жылдары оқыды 1873 -1938. А. Байтұрсынов өмір сүрген жылдар 1891 -1895 Хаблықтың тілін әдебиетін сақтау ізденістерін, кімге жолығудан бастады Алекторов 1896 ж. Олардың жанұяларының қуғынға ұшырауына себепші болған кім? Полковник Яковлев 1926 -1928 жинституты, Алматы уневерситеті Ташкент қандай оқу орында сабақ берді? 401909 жылы Петербурга) мысал кітабы қайда, қашан шықты? отаршылдық саясатқа қарсы өлең шығарып, 1907 жылы Қарқаралы түрмесіне не себепті отырғызылды? патшаға хат жазуды ұйымдастырғаны үшін 1920 ж Халық ағарту комиссары болып қашан сайланды? . (1886 -1891) Торғай қаласында екі сыныптық мектепте оықған жылдары Маса 1911 жылы Орынбордашықты? жинағы қашан, қайда Шығу
“Алашорда» деректі фильм
Ахмет Байтұрсынов
Ұлт ұстазының ізі
А. Байтұрсыновтың жұбайына ескерткіш қойылды.
Ойынға қатысушы сертификаттары
ahmet-bajt9rsyinov.pptx