озин озин тану.pptx
- Количество слайдов: 11
Белсенді оқыту әдістері ешкімді де танымдық әрекеттен тыс қалдырмайтындай оқу процесін ұйымдастыруға жол ашады. Оқушыларды оқыту процесіне тартуға белсенді оқыту технологиясының мынандай келесі ерекшеліктері себеп болады: • оқушыны белсенді ойлау және әрекетке тартуға оңтайлылығы; • оқушылардыэмоциялық күйін арттыруға және сабаққа шығармашылық сипат дарытуға ыңғайлылығы; • оқушылардың өзара бір-бірімен, сондай-ақ мұғаліммен тікелей өзара бірлескен әрекетін жүзеге асыруға бағытталатындығы; • ұжымдық күш-қуатты қалыптастыруға бейімділігі, оқыту үдерісінің интенсивтендірілуі.
Оқытудың белсенді әдістері қолданылатын сабақтарды ұйымдастырудың шарттары: Ø проблемалылық; Ø ынтымақтастық және ұжымдық өзара әрекет; Ø оқушылардың дара-психологиялық ерекшеліктерінің дамуын басшылыққа алу; Ø оқушыларды ұдайы белсендіріп отыру: оларды жауап беруге, талдау жасауға, бағалауға, топтастыруға және т. б. әрекеттерге тартып отыру; Ø мұғалімнің моделін өзгерту: ұйымдастырушы, серіктес, кеңесші, бағыттаушы және т. б. рөлдерді атқаруы.
Интерактивті әдістер бұл – адами өзара қатынастар мен өзара әрекеттестіктерді тану жолдары, тәсілдері. Ол әдістер жеке дара индивид емес, сұрақтарды талдау арқылы пікір алмасатын, бір-бірін белсендіретін өзара әрекеттесуші оқушылардың тобы орталық орынға ие болатын белсенді диалогқа негізделеді. Интерактивті әдістер интеллектілі және рухани белсенділікті, сондай-ақ ақиқатты іздеуде ұжымдық шығармашылықты дамытады. Аталмыш әдістерді қолдануда оқушылар эмоциялылығымен және бастамашылдығымен ерекшеленген қайсыбір тақырыпты талқылау үдерісіне белсенді қатысады.
Топтық пікірталас әдісі Мұнда топ мүшелері көзқарастарының, ұстанымдары мен мақсаттарының мәнін ашуға (мүмкіндігінше өзгертуге) мүмкіндік беретін қайсібір даулы мәселе бірігіп талқыланады. Топтық пікірталастың психологиялық құндылығы оның кері байланысқа құрылуы мен жетекшінің шеберлігі арқасында оған қатысушы әрбір адамның бір мәселенің өзін бірнеше түрлі жолмен шешуге болатынын түсінуіне мүмкіндік беруінен көрінеді. Өйткені, әр адамның өмірде кездесетін түрлі қақтығысты жағдайларды қабылдауы мен оны шешуде сан түрлі көзқарастарды ұстанатыны анық, ал, оны білу, тану, оқушының барлық мәселеге ой көзімен қарап, түрлі нұсқалардың ішінен ең ұтымдысын таңдауы қажеттігін түйсінуіне әкеледі. • Пікірталастар барысында төмендегідей жағдайлар жиі талқыланады:
ü топ мүшелерінің басым бөлігі үшін маңызды деп танылған мәселелер (тақырыптық пікірталас). Мұндай пікірталастың міндеті - талқыланатын мәселеге сәйкес субъектілердің өз тәжірибесін бөлісуі мен оны шешу жолдарына қатысты түрлі көзқарастарын ортаға салу. Егер талқылауға нақты бір мәселе қойылса, онда пікірталастың міндеті оны шешудің жолын таңдау болып табылады. ü топ мүшелерінің жинақталған тәжірибесі (өмірбаяндық пікірталас). Өткеннің тәжірибесі тар мақсатта пайдаланылмайды. Егер сол тәжірибенің топ үшін бүгінгі мәселені оң шешуіне тигізетін ықпалы болса ғана қолданған дұрыс.
. . Топтық пікірталастардың сатылары Бағдарлау. Бұл кезеңде пікірталастың тақырыбы мен мақсаты анықталады. Пікірталас тақырыбының барлық қатысушыға теңдей түсінікті әрі өзекті болғаны тиімді. Талқылау барысында алынған ақпараттарды реттеу, негіздеу және бірлесе бағалау кезеңі. Бұл кезеңде талқылауға қойылған мәселені шешудің бұрын ұсынылған нұсқаларына сыни талдау жасалады. Ақпараттарды жинау. Бұл кезеңде қатысушылар қарастырылатын мәселеге қатысты өз ойларын, сезімдері мен пікірлерін білдіре алады. Егер пікірталас нақты бір мәселенің шешімін табуды көздесе, онда қатысушылардың қайқайсысына да өздері ойлаған барлық шешімдерді ортаға салуға мүмкіндік берген жөн Пікірталастың аяқталуы: қорытындылар шығару, пікірталастың мақсаты мен алынған нәтижелерді өзара салыстыру Егер нақты мәселе талқыланса, онда оны шешудің тәсілдері атап көрсетіледі
Топтық пікірталасты басқару тәсілдері Ережелерді ендіру. Топтық пікірталас кезінде барлық ережелер қатысушыларға алдын ала ескертіліп, ол пікірталас барысында қатаң сақталуы тиіс. Әсіресе, оқушыларды «біреу сөйлеп тұрғанда, басқалар тыңдауы тиіс» деген ережені ұстануға үйрету шарт. Егер бұл ереже сақталмаса, онда қосымша шарттар қарастырылуы керек: Мысалы: қатысушыларға әлдеқандай зат - мысалы, кішігірім жұмсақ ойыншық беріледі. Сол ойыншық кімнің қолында болса, сол ғана сөйлейді де, қалғандары тыңдап отырады. Кей кезде мұндай ойыншықтың екеуін қатар қолдануға болады, ондайда оның біреуі тек жүргізушінің (яғни, жүргізуші екінші ойыншықтың қатысушылардың қайсысының қолында болғанына қарамастан, сөйлеу құқығын өзінде қалдыра алады) қолында болады да, ол қажет жерінде сөзге кірісіп отырады. Пікірталасқа қатысушы өзінің алдындағы сөйлеуші өзіндік ой қорытындысын жасағаннан кейін ғана пікірін білдіруіне болады
Тікелей нұсқау беру. Құрылымы айқын пікірталастарда оны қалай жүргізу керектігі жөніндегі ережелер алдын ала нақтыланып, қатысушыларға дәлме-дәл түсіндіріледі. Мысалы, нақты қойылған мәселенің шешімін іздестіру кезінде бұл «миға шабуыл» ережесі болуы мүмкін (мәселені қою – бір-бірінің пікіріне ешқандай сын айтпай оны шешудің бірнеше нұсқасын ұсыну–сыни тұрғыда баға беру - олардың ішінен ең тиімдісін таңдау). Кей кездерде талқылау құрылымын әдейі басқаша құруға да болады: v қатысушының біреуі қарастырылатын мәселенің мәнін түсіндіріп, оған қатысты жауап алу мақсатында бірнеше сұрақтар қояды, v әр қатысушы мәселені нақтылау үшін өз сұрақтарын қояды;
vәрбір қатысушы мәселеге қатысты өз көзқарастарын білдіреді әрі топқа қойылған сұрақтарға жауап береді; v басында мәселені түсіндірген қатысушы айтылған пікірлерді қорытып, тұжырымдайды. Жүргізушіге қойылатын талаптар • сөзінің мазмұны басқалардыың сөзіне қарағанда қатысушыларға әсерлірек болуы; • сөзі өзгелерге сөйлеудің үлгісін көрсететіндей, өте сауатты, жүйелі, мазмұнды болуы
Пікірталасты тиімді ұйымдастыруда жүргізуші үшін келесі талаптар: • пікірталасты тек өзі дұрыс деп санаған ретпен ұйымдастырудан, өзге қатысушыларды мәжбүрлеуден аулақ болу; • пікірталастың барысын қатысушылардың диалог үстінде айтқан пікірлерінің даму бағытымен сәйкестендіріп отыру; • теориялық тұжырымдарды тәжірибелік жаттығулармен бекітіп отыруы; • қатысушылардың өзара тілдесуіне қолдау көрсетуі; • пікірталас барысында қатысушылардың өзі айтқан сөздерінің, ұсыныстарының, идеяларының, сұрақтарының мәнін түсінуіне көмектесуі;
• айтылып жатқан сөздерді дұрыс тыңдай білуі, пікірталасқа қатысушылардың өзара тыңдау мәдениетін көтермелеп отыруы; • пікірталас үстінде өзіндік ой-пікірін, дәлелдемелерін ұтымды жеткізе білетін қатысушыларды көтермелеп отыруы; • қатысушылардың әр сөзі өзгелерді ойландыратындай болуын қадағалау; • өз пікірін айтуда, оны бекітуде абай болу, керісінше қатысушылардың ойлауына мол мүмкіндік беруге тырысуы; • әңгімеге, диалогке, пікірталасқа өз билігін жүргізуге жол бермеуі; • өз пікірін өтімді ету мақсатында пікірталасты бұрмалаудан бойды аулақ салуы;
озин озин тану.pptx