Беларусь Республикасы.ppt
- Количество слайдов: 29
Беларусь Республикасы
Беларусь республикасы 1991 жылы 25 тамызда Егемендік туралы деклорациясын қабылдап, Беларусь жеке тәуелсіз мемлекетке айналды.
l l l l l Мемлекет: Жер көлемі: Халқы: Беларусь Республикасы 207, 6 мың км 2. 9, 7 млн адам (2008 ж. ) Астанасы: Минск Мемлекет басшысы: Президент Заң шығарушы органы: Парламент Мемлекеттік тілі: Беларусь тілі Ұлттық валютасы: Беларусь рублі Діні: Православие Облыс саны: 6
Брест облысы l l Құрылды: 4 желтоқсан 1939 ж. Ауданы: 32 786, 44 Халықы: 1 391 476 Орталығы: Брест
Витебск облысы l l Құрылды: 15 қаңтар 1938 ж. Ауданы: 40 050, 32 Халықы: 1 214 041 Орталығы: Витебск
Гомель облысы l l Құрылды: 15 қаңтар 1938 ж. Ауданы: 40 369, 5 Халықы: 1 429 707 Орталығы: Гомель
Гродно облысы l l Құрылды: 20 қыркүйек 1944 ж. Ауданы: 25 126, 98 Халықы: 1 061 248 Орталығы: Гродно
Минск облысы l l Құрылды: 15 қаңтар 1938 ж. Ауданы: 39 894, 75 Халықы: 1 403 491 Орталығы: Минск
Могилев облысы l l Құрылды: Ауданы: Халықы: Орталығы: 15 қаңтар 1938 ж. 29 068, 63 1 080 120 Могилев
1. Экономикалық-географиялық орны Беларусь Республикасы солтүстік-батысында Литва және Латвия мемлекеттерімен, шығысында Ресеймен, оңтүстігінде Украинамен, ал батысында Польшамен шектеседі. Географиялық орны өте қолайлы. Елдің теңіздік шекарасы жоқ; ол ұзақ уақыт бойы Ежелгі Орыс мемлекеттерін Еуропа елдерімен жалғастырып жатқан көпір секілді болып келді. Шекарасының 1/3 -і Ресей Федерациясымен. Ел аумағында “Достық” мұнай және “Союз” газ құбырлары бар.
Беларусь Республикасында халқаралық маңыздағы Мәскеу. Минск, Мәскеу-Варшава, Киев-Санкт-Петербург тас жолдары орналасқан. Тас жолдарының жиілігі 1 км 2 – 350 м шамасында. Темір жолдарының ұзындығы 5, 5 мың км. Халқаралық маңызы жоғары. Аумағының 1/3 -ін ормандар алып жатыр. Орман шарушылығына өте қолайлы. Ел аумғы жазықты болып келеді. Ауыл шаруашылығыны қолайлы. Бірақ аумағының 20 %-ға жуығын батпақтар құрағандықтан, қосымша жумыс қажет етеді.
2. 1. Табиғаты Беларусь аумағын Ежелгі Орыс платформасы негізінде қалыптасқан жазықтар алып жатыр. Ел аумағының ең биік бөлігі Минск қыраты (345 м). Батыстан шығысқа қарай кесіп өтетін салыстырмалы түрде биік қыраттар мен жалдар жүйесін Беларусь жалы деп атайды. Елдің Польшамен шекарасында Беловеж нуы созылып жатыр. Мұнда жасы жүзден асқан алып қарағайлар өседі және орман зонасының көптеген жануарлары кездеседі. Беларусь жерінің қайталанбас табиғатын сақтап қалу мақсатында Беловеж ұлттық саябағы, Березин, Припять және Полесье қорықтары ұйымдастырылған. Полесье радиациялық-экологиялық қорығы шекаралас Украинаның Чернобыль АЭС-індегі жойқын апаттан кейін, радиоактивті ластанудың табиғи ортаға қалай әсер ететінін арнайы зерттеу мақсатында құрылған. Жалпы Беларусь жеріндегі мыңдаған гектар ауыл шаруашылықты алқаптар радиациялық жағынан қауіпті аудандар болып табылады.
2. 2. Климаты Беларусь жеріне қоңыржай континетті климат тән. Ел аумағында климат онша айырмашылық жасамайды. Қаңтардың орташа температурасы -5 -тен -8 градусқа дейін. Жазы қоңыр салқын. Шілденің орташа температурасы +15 градустан жоғары. Бұлтты күндер саны басым келеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 -700 мм. Ылғал мөлшері ауыл шаруашылығына жеткілікті болғанымен, кейбір дақылдар өсіру үшін жылу жетіспейді.
2. 3. Ішкі сулары Беларусь арқылы Днепр мен оның салалары: Припять, Березина және Неман, Батыс Двина, Батыс Буг өзендері ағады. Өзендері жазықтан ағатындақтан ағысы баяу келеді. Елде жалпы саны 4 мыңға жуық ірілі-ұсақты көлдер бар. Елдің солтүстігін Поозорье деп те атайды. Ең ірі көлі: Нарочь көлі. Ауданы. 80 км 2, тереңдігі – 25 м. Ішкі сулары, негізінен, елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге және қатынас жолдары ретінде пайдаланылады.
2. 4. Табиғат байлықтары Ежелгі платформа шегінде жатуы минералды шикізар құрамына да әсер еткен. Солигорск – калий тұзы (42 млрд тонна) Мозырь, Давыдов – ас тұзы. Ел аумағында құрылыс материалдары мол. Речица – мұнай кені – ілеспе газ.
3. 1. Ұлттық құрамы
3. 2. Халқы l l l 2008 жылғы санақ бойынша 9, 7 млн адам. ТМД арасында халқының саны өте баяу өсіп келе жатқан ел. Табиғи өсу – 0, 5 ‰ (2000 ж. ) Туу 9 ‰, ал өлім 14 ‰. Халықтың орташа жас ұзақтығы – 69 жас. Халықтаң 70 %-ы православ, 15 %-ы католик. Елдің орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 47 адамнан. Ең тыцғыз қоныстанған облыс Минск (1 шаршы км-ге 85 адам). Ең сирек қоныстанған облыс Витебск (1 шаршы км-ге 33 адам). Елдің солтүстігі мен орталығында шағын ауылдар (хуторла) көп. Олардың 90 %-ының халық саны 200 адамнан аспайды. Урбандалу деңгейі: 70
4. 1. Шаруашылығы l l Тәуелсіздік алғаннан кейінгі онжылдықта Беларусь шаруашылығы терең дағдарысты бастан кешірді. Елде өнеркәсіп соңғы жылдары тұрақты дамуда. Ауыл шаруашылығына қолайлы жол ашылған. Беларусь Республикасының аумағының 1/3 -ін ормандар алып жатқандықтан, елде ағаш шаруашылығы да жақсы дамыған.
Өнеркәсібі 4. 2. Машина жасау кешені Минск, Могилев, Жодино қалаларында орналасқан автомобиль мен автопойыздар шығарады. Тау-кен өнеркәсібіне қажет, 180 тонна жүк таси алатын “Бел. АЗ” машиналарын шығарады 2004 жылы Беларусь 11 мың дана жүк машинасын және 34 мың трактор жасап шығарды. Елде ауыл шарушылық машиналары мен тракторлар шығаруға маманданған Минск трактор зауыты бар. Витебск, Гомель, Брест, Минск, Могилев қалаларында мал азықтық дақылдар оратын, картоп жинайтын, мал шарушылығына қажетті құралжабдықтар жасайтын зауыттар бар. Радиоэлектроника, оптика, электронды есептеу машиналары шығарылады. 2004 жылы 1, 3 млн теледидар, 953 мың дана тоңазытқыштар мен мұздатқыштар шығарылды.
4. 3. Химия өнеркәсібі l l l Газ өңдеу зауыты – Речице Шина жасау зауыты – Борбуйск Жасанды талшықтар – Гродно Мұнай өңдеу зауыты мен мұнай химиясы зауыты – Новополоцк Беларусь жасанды талшық шығару жөнінен 2004 жылы ТМД көлемінде 1 орынға ие болды.
4. 4. Өнеркәсіптің басқа түрлері l l l Шыны өндірісі, ағаш өңдеу, жиһаз жцне тамақ өнеркәсібі дамыған. Шыны бұйымдары мен беларусь жиһаздары ТМД елдерінде жоғары бағаланады. Зығыр талшықтары – солүстік пен солтүстік-батыста. Косторма зауытынан кейін 2 -ші орын. Минск, Могилев, Гродно, Лида – былғары және аяқкиім. Елдің барлық аудандары – ет комбинаттары, сүт-ірімшік, сутконсерві зауыттары.
4. 5. Ауыл шаруашылығы l l l l Ауыл шаруашылығына жарамды жер 10 мың га. 40 %-ға жуығы шабындықтар мен жайылымдар. 2004 жылы 7 млн тонна, 2008 жылы 9 млн тонна астық. Орталықта жердің 60 -80 %-ға жуығы жыртылған. Орталық, батыс – қант қызылшасы. Барлық өңірлерде – картоп (2008 ж. 8, 7 млн тонна; ТМД 3 орын). Оңтүстік-шығыс – жеміс-жидек. Мал азықтық дақылдар егістік алқаптарының 1/3 -ін құрайды.
5. 1. Сыртқы экономикалық байланыстары. l l l l Еуропа мен Ресей. Басты серіктестері: АҚШ, Ресей, Польша, Италия, Германия, Латвия, Литва. ЕО 1991 ж, БҰҰ 1991 ж, ТМД 1991 ж. Кедендік одаққа мүше болып табылады. Экспорты – Ресей (мұнай-газ, электр энергиясы, кара металлургия, өсімдік майы), Германия, Польша. Шетке – машина, химия, көлік құрал-жабдықтары, жеңіл және тамақ. 2008 жылы экспорт – 33 млрд, импорт – 39, 2 млрд доллар.
Дайындаған Бақи Әсет Садыққали Ғани
Беларусь Республикасы.ppt