111.pptx
- Количество слайдов: 26
БДТ МЕН ЖК ҚОЛДАНЫЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНСТРУМЕНТАЛЬДЫҚ ӘДІСТЕРМЕН БАҒАЛАУ.
БДТ МЕН ЖК ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА АУАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫН АНЫҚТАУ. Информатика және электро есептеуіш техника кабинеттерінде полимерлік, синтетикалық материалдардың сіңімділігіне гигиеналық зерттеу жүргізу. Сол кезде едені линолеуммен, қабырғалары майлы краскамен боялған, жиһаздары полимерлік материалдардан жасалуы керек. Компьютермен жұмыс жасаған кезде, әсіресе жоғары температурада және ауадағы ылғалдылықтың өзгеруі кабинеттегі ауаның қосымша химиялық ластануына әкеледі. Компьютер тұрған бөлменің ауасын зерттеу кезінде сабақтың соңына қарай көмірқышқыл газы ШРЕК деңгейінене 2 есеге көбейеді. Токсинді емес шаңдардың саны қалыпты деңгейден 2 -4 есеге көбейеді. Ауадағы аммиактың құрамы және көбеюі 37 пайыз сынама кезінде ШРЕК 1, 5 -2 есе көбейеді, керісінше оттегі құрамы 1, 5 -2 пайызға төмендейді.
ИНФОРМАТИКА КАБИНЕТТЕРІНДЕГІ АУАДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ Химиялық заттар Формальдегид Ацетон Бензин Концентрация, мг/м 3 0, 001 -0, 003 0, 02 -0, 05 0, 01 -0, 05 Толуол М, n-ксилол Мезитилен Псевдокумол Фенол 0, 01 -0, 05 0, 005 -0, 01 0, 003 -0, 01 0, 001 -0, 003
БДТ ЖӘНЕ ЖК ЖҰМЫС ЖАСАУ ОҚУШЫЛАР АҒЗАСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ӘКЕЛЕТІН СЕБЕПТЕР: - ҰЗАҚ УАҚЫТ КОМПЬЮТЕР АЛДЫНДА ДҰРЫС ОТЫРМАУ; - БӨЛМЕ МИКРОКЛИМАТЫНЫҢ ДҰРЫС БОЛМАУЫ; - КОМПЬЮТЕР БӨЛМЕСІНІҢ ДҰРЫС ЖАБДЫҚТАЛМАУЫ;
Оқушылар ағзасының функционалдық жағдайына баға беру үшін: • Ауаның химиялық ластануын анықтау • Шу деңгейін анықтау • Шаңдану деңгейін анықтау • Бөлме микроклиматын анықтау
Метеометр МЭС-200 А атмосфераның температурасын, ауа ағынының жылдамдығын, ортаның жылулық жүктемесінің параметрін анықтауға арналған. Ауа ағынының жылдамдығын ашық кеңістікте де, сонымен қатар желдеткіш түтікөткізгіштерде де өлшеуге болады. Температура Т арпімен белгіленіп, өлшеу бірлігі градус-Цельси. Қызыл кнопканы басып қосамыз сол кезде 2 показание (темп, ылғалдыл)көрсетеді. содан соң Р басамыз қысым, Р+ басамыз жылдамдық. Жұмыс жасау диапазоны: темп-40+80 С 0. Сонымен қатар ауа температурасын Термометр, анемометр ИСП-МГ 4 аппараты арқ. да өлшейді. Анемометр үлкен диапазоны бар жұмыста сенімді қолдануға қолайлы.
Аспиратор-М 822. Бұл ауадан сынама алып, құрамын сараптау үшін қолданылады. Бұл санэпид. станцияда, лабораториялар, еңбек гигиенасы және аурудың алдын алу жөніндегі ғылыми зерттеу институтында, өндірістік ұйымдардағы ауа құрамын анықтап, тексеру үшін арналған. Аспираторды атмосфералық қысым 84 -106, 7 КПа-ға тең болғанда қолданамыз. өзінің арнайы шаң сорғыш шлангасы болады фильтрімен. Шланга басына фильтрді салмас бұрын салмағын өлшеп аламыз. фильтрді салып өлшеп алған соң қайта өлшейміз сосын екі салмағын салыстырамыз. Жұмыс істеу диапазоны минутына 1 ден 20 литрге дейін. Аспиратор АМ 5. Бұл аппарат ауа құрамындағы газ компоненнтерін анықтауға арн. Арнайы газдың ерітіндісімен трубка арқ. зерттелетін ауаны сорып алу арқ. анықтайды.
Универсалды газоанализатор. УГ-2 Жұмыс істеу принципі. бұл жанжақты қолға алып жүретін газоанализатор. Ол өнеркәсіп орындағы ауа құрамындағы улы, зиянды заттардың-азот тотықтарын, этилді эфирді, бензолды, толуолды, хлорды, аммиакты, кеосин, трактор жанармайын анықтауға арналған құрылғы. Газоанализатордың жұмысы индикаторлық түтікше арқылы ауа сорғыштың көмегімен құрамында зияны газдар бар ауаны сорып алу арқ. анықтайды. Егер зиянды заттар табылған жағдайда индикаторлы түтікше ішіндегі ұндақ өзгереді, осы түсі өзгерген ұнтақ мөлшері газдың концентрациясына тура пропорционал болады да, мгм 2 өлшемімен анықт. Газоанализатор. МГЛ-19. 1 А Ауада Со көмірқышқылды газын өлшейді. Жарылғыш қауіпті аймақта жұмыс жасайтын орындардың ауасының көмірқышқылды массалық концентрациясын өлшейді. Режим В-P. Күнделікті қосулы жағдайда болу керек. Арнайы балоны болу керек. Сол арқылы өлшейміз. Өлшенетін концентрацияның диапазоны- СО 0 -200 мг/м 3.
Шуыл деңгейін анықтайтын құрал. Жұмыс істеу принципі. ВШВ 003 М 3 аппараты. Бұл аппарт тәжірибе кезінде шудың жиелігін немесе үйлерде және өндірістік орындарда күнделікті болатын шудан қорғау мақсатымен өндіріс орында өнім дайындау мен тексеріс кезінде шу тексеру үшін қолд. Аппарат құрамында жиелікке сәйкес келетін фильтрлер болады. Шуды өлшеу кезінде режим тандаймыз 20 -80, 0 -50 аралығында. Өлшегішпен жұмыс жасауда дыбыс деңгейі және дыбыс қысымы диапазонның жиелігі 2 ден 1800 Гц капсюлмен өлшенеді. Дыбыстың қысымды деңгейін өлшеуде диапазон жиелігі 2 Гц -18 к. Гц, ал октавалық және үшоктавалық жазықтық жиелігі 2 Гц-16 к. Гц аралығында. шуды өлшейтін арнайы микрофоны бар. Ендігі бір аппарат ИШВ-1, шумомер Ш-70.
Хронометраж – зерттеудің қарапайым және қолжетімді әдістерінің бірі. Мұнда балалар мен жасөспірімдердің атқаратын негізгі істерінің ұзақтығын, кезектілігін анықтауға болады. Бақылау жүргізер алдында балалардың негізгі қызмет көзін анықтап, негізгі элементтерін анықтау керек. Хронометражды секундомер көмегімен белгілі бір уақыт ішінде жүргізеді.
ХРОНОМЕТРАЖ ӘДІСІ КЕЛЕСІДЕЙ МӘЛІМЕТТЕРДІ АЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. Нақты атқарушы қызмет ұзақтығы және оны құрайтын негізгі элеметтердің жиынтығы Бала сабағының тығыздығы Нақты негізгі сабақтың тығыздығы Кіші үзілістер саны Сағат бойынша балалар мен жасөспірімдер еңбей түрлері, өндірістік практика саны.
Хронометражды бақылау нәтижесінде балалар мен жасөспірімдердің функционалдық жағдайын, рационалды күннің ұйымдастырылуын, оқу-тәрбие жүктемелерін, балалар демалысының ұйымдастырылуын анықтауға, бағалауға мүмкіндік береді. БДТ мен Жк жұмыстары кезіне балалар мен жасөспірімдерге берілген негізгі тапсырмалар мен оған берілген уақытты анықтау өте маңызды. Алынған мәліметтерді таблица түрінде тіркеу.
Хронометраж жеке және топтық түрде жүргізілуі мүмкін. Сыныптағы оқушылардың сабаққа белсенділігін анықтауда протоколдардың арнайы формасы топтық хронометраж қолданады. Зерттеуші 20 оқушыны бақылай отырып әр 2 минут сайын жұмыс атқарушылар мен бос оқушыларды сандық мәнін хронокарта қолданып есептейді. Алынған мәліметтерді өңдеу және мәліметтердің анализін “+”, “V”, “-”, “У”, “от” тігінен және көлденең толтырылады. Мұндағы “+” – сабақта қызмет түрі соның ішінде компьютермен жұмыс. “-” – сабақта бос отыру “V” – кез келген алаңдаудың түрі “Y” – сыныптан шығып кетті. “от” – оқытушыға жауап.
Жеке хронометраж сабақтың жекелеген элементтерінің мәнін алуға, топтық хронометражға қарағанда нақты мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бақылау 1 -2 оқушыға жүргізіледі. Протоколда уақыт, жекелеген қызмет түріне жұмсалған уақыт, демалыс тіркеледі.
БАЛАЛАР ТӘРТІБІНІҢ БА ҚЫЛАУ
БАЛАЛАР МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІ КЕЗІНДЕГІ ГИГИЕНАЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘРТІБІН БАҚЫЛАУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. Тәртібін бақылау кезінде ескерілетін жағдай: - Орындалатын тапсырамаға деген қызығушылық пен назарын; - Еңбекке қабілеттіліктің төмендеуінің объективті белгілерінің пайда болуы; - Үзілістердің жиелігін бақылау; - Басқа іспен және әңгімелерге көңіл бөлуіне; - Дене қалпының орналасуы. Сонымен қатар субъективті белгілердің яғни бастың ауруы, бас айналу, шаршағандық белгілерімен бақылауды толықтыруға болады.
ОРГАНИЗМНІҢ СУБЪЕКТИВТІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ ӘДІСІ. Әртүрлі қызмет жағдайын негіздеу немесе гигиеналық нормалау кезінде міндетті түрде организмнің субъективті жағдайы және баланың эмоционалдық жағдайын бақылау керек. Мектепке дейінгі кіші және орта мектеп жасындағы балаларда осы мақсатпен түсті жазу әдісін қолданады. Бұл кезде эмоционалық жағдайы берілген бояудағы палитралар арқылы беріледі. Зерттелушіге түрлі түсті қиықтарды береді, осы қағазға бала дәл қазіргі кездегі жағдайын анықтайтын түсті белгілейді. Берілгендерді түстің таралуы және динамикасы бойынша өңдейді.
ӨҢДЕУ ЖЕҢІЛ БОЛУЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ТҮСТЕРДІ 3 ТОПҚА БӨЛЕДІ. 1. 2. 3. “Көңілді” – қызыл, қызғылт сары, сары. “Байсалды” – жасыл, көгілдір “Көңілсіз” – көк, күлгін, қара.
ХРОНОРЕФЛЕКСОМЕТРИЯ ОЖЖ-ң функциясының жағдайын бағалау үшін кеңінен қолданылады. Мұнда зерттелушінің көздік немесе ету тіріркендіргіштеріне қозғалыс әсерінің жасырын уақытын анықтайды. Зерттеу жүргізу үшін хронорефлексометрияның әр түрлі түрін, сонымен қатар көп каналды түрлерін де қолданады. Зерттелуші сигнал беретін (жарық, дыбыс) шығарылатын блокка отырылады. Блокта электрондық есептеуішті таңдайтын кнопка болады, бұл кнопка сигнал берілген кезде іске қосылады. Зерттелуші сигнал берілгеннен кейін мүмкіндігінше тез арада басу керек. Тітіркендіргіш ретінде әр түрлі түстегі импулсті лампаны жарық етпе түрінде 0, 001 сек ұзақтығында беріледі. Латентті периодты анықтау үшін ақ түсті 15 сигналды 3 -5 сек интервалмен беріліп реакцияның орташа уақытын есептейді.
Жұмыс қабілеттігі бала организмінің физиологиялық және психикалық қызметтер ішінде және нақты жұмыс уақытында талап етілген сапада нақты іс-әрекетті орындаумен байланысты мүмкіндігі деп аталады. Организмнің өмір сүруінің әр түрлі деңгейлерінде жұмыс қабілеттігі әр түрлі болады. Балаланың жұмысқа жарамдылығының бастапқы деңгейі субъективті факторларға байланысты: жүйке жүйесінің типтері; бұлшық ет күші мен шыдамдылық; денсаулық жағдай; кәсіптік шеберлік пен жаттығу деңгейі; «энергетикалық үнемді» біршама тиімді жұмыс орындау мүмкіндігі; еңбектің оң себебінің бар болуы; жұмыс мазмұнына оның мақсатындағы жетістіктерге қызығушылық; оқушының жасы, эмоционалды жағдайы және т. б.
Қысқа уақытты есте сақтауды қабылдауды анықтау. Кестеде көрсетілген кесінділерді қарап 20 секунд ішінде еске сақтау. Содан 1 минуттан соң есте сақтаған кесінділерді айту қажет. Есте сақтау қабілетін анықтау үшін геометриялық фигуралар, символдар, кескіндер беріледі. Зерттелушінің қай деңгейде екенін анықтау жалпы балын есептей келе анықтаймыз. Қысқа уақытты есте сақтаудың қалыпты деңгейі мысалы 10 сұрақ болса 6 дұрыс жауаптан жоғары болуы тиіс.
111.pptx