111-12 2 тап.pptx
- Количество слайдов: 8
БАЗАЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕР Орындаған: Төкей М. К Қабылдаған: Лесбаев А. Ө Тобы: 111 -12
Компонент–бұл белгілі бір қасиеті бар және программистпен форма терезесіне орналастырылатын функционалды элемент. Компоненттер палитрасы - бірнеше қатпарлы блокнот сияқты, компоненттер жиыны орналасқан контейнер деуге болады. Әр қатпары қызметіне қарай топтастырылған әр түрлі компоненттер жиынынан тұрады. Қасиет - қалыпқа орналасқан компоненттің мазмұнын ашатын белгілерді айтуға болады: компоненттің көлемі, орналасу реті, жағдайы, егер сөз жазылса, сол сөздің харпі, әріп көлемі, компоненттің тақырыбы, т. с. с.
Timer компоненті - On Timer оқиғаларының кезектілігінің генерациясын қамтамасыз етеді. Timer компонентінің қасиеттері Name Компонент аты. Бағдарламада компонентке қатынау үшін қолданылады Interval On. Timer оқиғасының генерациясының іске асырылуының уақыт аралығы Enabled Жұмысқа рұқсат беру. On. Timer оқиғасының генерациясына рұқсат береді (True мәні) әлде рұқсат бермейді (False мәні)
Media. Player компоненті - видеороликті, дыбысты және де дыбыспен сүйемелденетін анимацияны ойнатуға мүмкіндік береді. Media. Player компонентінің қасиеттері Name Компонент аты. Компонент қасиеттеріне және плеер жұмысын басқаруға қатынау үшін қолданылады Device. Type Құрал түрі. Компонент болып табылатын нақты құралды анықтайды. Media. Player. Құрал түрі атаулы тұрақтымен тағайындалады: dt. Auto. Select − құрал түрі автоматты түрде анықталады; dt. Vawe. Audio − дыбыс ойнатқышы; dt. CDAudio − CD-ойнатқыш File. Name Ойнатылып жатқан дыбыстық үзінді әлде видеоролик орналасқан файл аты Auto. Open Бағдарлама қосылғанда, видеороликтің немесе дыбыстық үзіндінің автоматты түрде ашылуының белгісі Display Видеоролик ойнатылатын компонентті анықтайды (әдетте видео көрсетілімге экран ретінде Panel компонентін қолданады) Visible. Buttons Құрамдас қасиет. Компоненттің көрінбейтін тетіктерін анықтайды. Кейбір тетіктерді көрінбейтін етуге мүмкіндік береді
Speed. Button компоненті - сыртқы бетінде сурет орналасқан тетік болып табылады. Speed. Button компонентінің қасиеттері Name Компонент аты. Бағдарламада компонент пен оның қасиеттеріне қатынау үшін қолданылады Glyph Биттік бейне − әрқилы күйдегі тетіктің белгіленуі Num. Glyphs Glyph биттік бейнесіндегі суреттердің саны Flat қасиеті батырманың түрін анықтайды (шекараның болмауы). Group. Index Батырмалар тобының идентификаторы. Down Батырма күйінің идентификаторы. Қасиеттің мәнін өзгертуге болады, егер Group. Index қасиетінің мәні 0 тең болмаса Left Батырманың сол жақ шекарасынан пішімнің сол жақ шекарасына дейінгі аралық Top Батырманың жоғарғы шекарасынан пішімнің жоғарғы шекарасына дейінгі аралық Height Батырма биіктігі Width Батырма ені Enabled Батырмаға қатынаудың белгісі. Visible Батырманы жасыруға (False) әлде оны көрінбейтін қылуға (True) мүмкіндік береді Hint Тышқанды командалық батырмаға апарған кезде, меңзердің жанында түсіндірме мәтін шығуы үшін (мәтін пайда болуы үшін, Show. Hint қасиетінің мәні True болуы керек)
Picture компоненті (бейне-қорап) компоненті формаға графикалық объектілерді кірістіру үшін қолданылады. Picture объектісінің графикалық өрісіне әртүрлі типті графикалық файлдар мен текстік фрагменттерді, ішіне геомтериялық фигураларды салуға және басқа да графикалық объектілерді кіргізуге болады. Сонда графикалық өрістер форманың ішінде форма сияқты жұмыс жасайды. Picture Box объектісінің негізгі қасиеттері: Auto. Size – графикалық өріс өлшемдерін кірістірілген элемент (сурет, картина) өлшеміне шақтап өзгерту, Picture кірістірілген графикалық файл жолы , Image – қосымша орындалып жатқанда бір өрістен екінші өріске сурет көшіру, мысалы процедура денесінде мынадай қатар жазылса: Piture 1. Picture=Picture 2. Image онда Piture 1 графикалық өрісінде орналасқан суреттің орнына Picture 2 өрісіндегі сурет келеді.
111-12 2 тап.pptx