Лекция 9-Аурулар Б-х.ppt
- Количество слайдов: 20
БАУЫР БИОХИМИЯСЫ 1. Бауырдың функциясы 2. Көмірсулардың алмасуында бауырдың қызметі.
Бауыр - гомеостазға катысатын ағзаның ішкі мүшелерінің ішінде ең үлкен ұлпа. Адам бауырының мөлшері дене массасының 3 - 5% ын құрады. Бауыр зат алмасуының орталық мүшесі, * метаболиттік гомеостазды қалыпты денгейде ұстап тұруға қатысады, *ақуыздар, майлар мен көмірсулардың алмасу реакцияларын, өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуге қабілетті, *қан құрамының тұрақтылығын қолдау үшін көптеген маңызды алмасу процестерін бақылайды, *Бауыр қызметінің көбісі тамақ құрамында организмге түсіп, сіңген заттарының алмасуына байланысты.
Бауырдың құрамы: *су - 70%. *Гликоген - ~5%. *Липидтер (бейтарап майлар, фосфолипидтер, холестерин) - 5%, *Құрғак қалдығының ~ 50% - ақуыздар, соның ішінде 90% глобулин. Бауырда әртүрлі ферменттер, соның ішінде бауырға ғана тән ферменттер бар. *Витаминдер, *Минералды заттар (натрий, кальций, магний, темір, мырыш, мыс, марганец, мышьяк, т. б. ), *РНҚ, ДНҚ
Бауырдың функциясы: *зат алмасу функциясы, *қорға жинау (депонирующая) функциясы, *қорғаныштық функциясы, *экскреторлы функциясы. Бауыр функцияларын 2 категорияға бөледі: 1. Қоректік заттарды сақтау және олардың түындыларының синтезі; 2. Ағзаға керек емес заттарды олардың экскрециясының алдында ыдырату. Бауырдың экскреторлы қызметі детоксикация функциясымен байланысты.
Бауырдың функциясы: 1. Көмірсулардың алмасуында, 2. Липидтердің алмасуында, 3. Ақуыздардың алмасуында, 4. Майда еритін витаминдердің алмасуына қатысу, 5. Өттің түзілуі (Жёлчеобразовательная), 6. Аммиакты зиянсыздандыру – несепнәр (мочевина) мен зәр қышқылының синтезі, 7. Уытсыздандыру. 8. Қорға жинақтау (Депонирующая ) 9. Қан депосы. 10. Ұрықта – қан түзу (кроветворная) функциясын атқарады. 11. Пигменттердің алмасуында - бауыр негізгі ұлпа.
Бауырда ағзаның биохимиялық процестерінің көбісі жүреді. 1. Өт түзіледі 2. Көптеген ақуыздар түзіледі: фибриногеннің – 100%, альбумин 96%, глобулиндердің - 85%, қан ұю және уюға қарсы жүйелердің факторлары. 3. Глюкоза, гликоген, майлар, кетон денелері түзіледі. 4. Аммиак несепнәр мен креатинге айналады. 5. Гормондар – стероидты гормондар, инсулин, глюкагон, биогенді аминдер - катехоламиндер, серотонин, гистамин активсіз түріне айналады. 6. Уытты және дәрі заттар зиянсызданады. 7. Бауыр - қан, көмірсулар, ақуыздар, витаминдер (А, Д, К, С, РР), майлар, микроэлементтердің депосы. 8. Эритроциттердің ыдырауына және гемнің деградациясына белсенді қатысады. 9. Иммунопоэз және иммунологиялық реакцияларға қатысады. Бауырдың биохимиялық процестері ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қолдауға бағытталған.
Бауырдың зат алмасу процестерге қатысу функциясы Қоректік заттар ыдырағанан кейін түзілген өнімдер ас қорыту жолынан қақпа венасы арқылы бауырға түседі. Бауырда: *ақуыздар мен аминқышқылдардың, липидтер мен көмірсулардың, биологиялық активті заттардың (гормондардың, биогенді аминдер және витаминдердің), микроэлементтердің алмасу процестері, су алмасуының реттелуі жүзеге асады; *басқа мүшелерінің қызметіне керек көптеген заттар түзіледі, мысалы өттің заттары.
Бауырдың көмірсу алмасуында негізгі қызметі қан құрамындағы глюкозаның денгейін реттеу. *Гликолиз; *Глюконеогенез; *Гликогенез (гликогеннің синтезі); *Гликогеннің депосы; *Гликогенолиз; *Глюкоза ыдырауының пентозофосфаттық жолы, *Фруктоза және галактозаның глюкозаға өзгеруі, *глюкозаның тотығуы; глюкурон қышқылының түзілуі. Б – биосинтез Д –жинақтау К – конверсия Э - экскреция
Қан кұрамында глюкоза мөлшерін қалыпты денгейде ұстап тұру Қан құрамында ағзаға керек глюкоза концентрациясы гликогеннің синтезі мен ыдырауының ара қатынасын реттеу арқылы реттеледі. Қан кұрамына глюкоза бауырдан ғана түседі. гликогенез гликогенолиз Глюкокиназа↑ глюкоза Глю-6 фосфатаза Глюкозо-6 фосфат гликолиз Фруктоза галактоза ПФП глюконеогенез пируват Аминқышқылдар Лактат глицерин Ацетил-Ко. А ЖМҚ
Бауырда гликоген синтезі жүзеге асады: *глюкоза-6 -фосфаттан, басқа моносахаридтерден глюкоза-6 -фосфатқа айналғаннан кейін, *алмасудың басқа заттарынан (сут қышқылы), глюкозо-6 Бауырда гликоген ыдырауы жүзеге асады: фосфат *гидролитикалық жол *фосфоролитикалық жол арқылы. моносахаридтер Гликоген синтезі Фосфорилаза ферменттің қатысумен глюкозо-1 -фосфат түзіледі. Г-1 -Ф глюкозо-6 -фосфатқа айналады, Глюкозо-6 -фосфат әртүрлі метаболиттік процестерге қатысады. глюкозо-6 фосфат Гликоген ыдырауы
Гликоген денгейі гормоналды факторлармен реттеледі. Бауырда гликоген концентрациясын жоғарылатады: -АКТГ, -глюкокортикоидтар, - инсулин. Бауырда гликоген концентрациясын төмендетеді: -адреналин, -глюкагон, -соматотропты гормон, -тироксин.
Бауыр циррозы дамығанда қан құрамында глюкоза денгейі өзгереді. Әдетте гипергликемия байқалады және глюкозаға толеранттығы бұзылады. Сонымен бірге қан құрамында инсулин активтігі қалыпты денгейде болады немесе инсулин денгейі жоғарлайды. Бұның себебі мүмкін қызмет атқаратын гепатоциттердің саңы төмендейді. Цирроз дамығанда бауырдың лактатты глюконеогенез процесіне пайдалану қабілеті төмендейді, сондықтан құрамында лактаттың дейгейі жоғарлауы мүмкін.
Галактозаның глюкозаға айналуы. Ағзаға галактоза сут қанттың құрамында түседі. (лактоза – (1 -2 -α)-галактопиранозил-глюкопираноза). Бауырда галактоза глюкозаға айналады. Бауырдың функциясы бұзылғанда ағзаның галактозаны пайдалану қабілеті төмендейді, галактоземия дамиды Галактоземияға ферменттердің дефициті әкеледі: *галактозо-1 -фосфатуридилтрансфераза дефициты, жиі кездеседі. Ауру адамдың қанда галактозо-1 -фосфат жиналады, бауыр, бүйрек, бас миына, эритроциттерге басқа ұлпаларға уытты әсер етеді. Бауыр, орталық жүйке жүйесі зақымданады. *Галактокиназыаның дефициті, сирек кездеседі. Ауру адамдың қан құрамында галактоза жиналады. Галактозаның уытты әсері төменрек.
Фруктозаның глюкозаға айналуы. Бауырда фруктоза өзгерістері: *фруктоза фруктокиназа қатысумен (Ф-1 -Ф) айналады; Ф-1 -Ф альдолаза қатысумен ыдырайды диоксиацетонфосфат және 3 -фосфоглицерин альдегиді түзіледі. *Фруктоза гексокиназа қатысумен Ф-6 -Ф-қа айналады. Ф-6 -Ф глюкозофосфатизомераза қатысумен глюкозо-6 -фосфатқа айналады.
Глюконеогенез – глюкозаның лактат, глицерин, цитрат циклдың кейбір метаболиттері және глюкогенді аминқышқылдардан түзілуі. Глюконеогенез *ақуыздардың және көмірсулардың алмасуын өзара байланыстырады, *көмірсулар тамақтың құрамында жетпеген кезде тіршілікті қамтамасыз етеді. Глюкозо-лактат циклі Глюкозо-аланин циклі
Бауырда паталогия дамығанда көмірсулардың алмасуы бұзылады. Көмірсу алмасуының бұзылуының негізінде митохондрияның зақымдануы жатады. Митохондрия зақымданғанда: *тотыға фосфорлану процестер төмендейді, энергияны қажет ететін бауырдың қызметі бұзылады, -ақуыз синтезі, -стероидтық гормондардың этерефикациялауы. * Көмірсулардың жетіспеуі болғанда - анаэробты гликолиз күшеуйеді, - клеткада қышқыл метаболиттер жиналады, - ортаның р. Н-ы төмендейді. - лизосомалды мембрана бұзылады, қышқыл гидролазалар цитоплазмаға шығады да гепатоциттердің некрозына себе болады.
Бауырдың қорға жинақтау (депонирующая) функциясы Бауырда үнемі жиналады: *көмірсулар, мысалы гликоген; *ақуыздар, *витаминдер, *минералды заттар. Бауырдан ағзаға үнемі түседі: *макроэргиялық заттар, *күрделі макромолекулалардың синтезіне керек құрылымдық блоктар.
Бауырдың қорғаныш функциясы: *стероидты гормондар, билирубин, дәрілік заттар, этанол, бөтен, эндогенді және экзогенді уытты заттар бауырға түседі. Бауырда: * уытты заттардың активтігі тежеледі, * уытты заттар полярлығы жоғары заттарға айналады (микросомалды тотығады, коньюгацияланады). *Бөтен клеткалардың, соның ішінде рак клеткаларының фагоцитозы және лизисі жүзеге асады.
Бауырдың экскреторлы функциясы Бауырдан әртүрлі заттар, ағзада түзілген және сырттан келген заттар өт түтіктері арқылы немесе қан құрамына түседі. Өт түтіктеріне түскеннен кейін өтпен бірге 40 тан астам қосылыстар шығып кетеді. Қан құрамына түскенен кейін бүйрек арқылы шығып кетеді.
Өт пигменттердің түзілуі мен ағзадан шығып кету сызбасы
Лекция 9-Аурулар Б-х.ppt