Кабитова ж.pptx
- Количество слайдов: 15
Батыс қазақстан МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСТИТЕТІ ФТИЗИАТРИЯ КАФЕДРАСЫ СӨЖ Тақырыбы: Өкпе туберкулезі және пневмокониздар Орындаған: Кабитова Ж. К. 503 А топ Тексерген: Досбаев А. С.
Жоспары ØКіріспе ØНегізгі бөлім ØПатогенезі және патологиялық анатомиясы ØКлиникалық көріністері ØДиагностикасы
Кіріспе Пневмокониоздар-қандайда бір шаңға деген реакциямен негізделеген өкпе ауруы. Шаң бөлшектері өкпеде түйіншікті немесе түйнекті түзілістермен және кейннен тыныс алу қызметінің бұзылуымен пневмофиюрозды тудырады. Пневмокониоздарда, әдетте, кәсіби патология мамандары емдейді. Негізгі пневмокониздарға силикоз, антропоз, асбезтоз, бериллиоз, алюминоз жатады. Жиі кездесетін және негізгі клиникалық мәні бар түрі-силикоз. Еңбек жағдайларының жақсаруына байланысты силикоздың ауыр түрлері сирек кездеседі.
Өкпе туберкулезі және Силикоз
Патогенез және патологиялық анатомиясы Силикоз кремнийдің бос тотықты аэрозольмен тыныс алғандар адамдарда және тау-кен және металлургялық өндіріс жұмысшыларында байқалады. Өкпеде өршіелі фиброз фонында диаметрі 2 -3 см-лік және одан үлкен силикоздық түйіндердің қалыптасуы мүмкін. Өкпе қан тамыры бойымен фиброздық қорапшалар түзіледі. Пневмокониоздардың ішінде силикоздар ағымы жиі туберкулезбен асқынады. Бұл кезде жаңа аурусиликотуберкулез дамиды. Силикотуберкулезбен 30 -40 жамтағы ер адамдар жиі ауырады. Бұл кезде өкпенің шаңдану дәрежесі маңызды. Неғұрлым силикоз ауыр болса, соғұрлым туберкулез көп қосылуы мүмкін. Силикоздық гранулемалардың пайда болуын антигендік кешен шаң бөлшегі-ақуыздық заттың пайда болуы ретінде қарастырады. Макрофагтар кремний бөлшектерін фагоциттеп, содан кейн өледі. Бұлардың бұзылысында силикоздық төмпешік пен интерстициальды фибрздың дамуына қатысатын липоидты фракция босатылады. Силикоздыұқ гранулема бастапқыда шаң бөшектері және жасушалық элементтер түрінде көрінсе, соңынан кейде өзара қосылатын коллагендік талшықтардың концентрациялық шоғыры болып көрінеді.
Силикоз және басқа да пневмокониздармен науқастарда туберкулез дамуы өкпеде немесе кеуде ішілік лимфа түйіндерінде қалдық туберкулездік өзгерістердің эндогенді реактивация нәтижесінде дамиды. Экзогенді суперинфекцияның да маңызы зор. Өнімді қабыну реакциясы бар туберкулез түрі басым. Морфологиялық өкпесінде силикоздытуберкулездік түзілістер анықталады, одан казеозды нероз, коллаген талшықтарымен силикоздық гранулемалармен, көмір шаңымен араласады.
Клиникалық көрінісісиликоз жиі өнімді Туберкулездік әр түрлі түрлерінен реакциясы бар ошақты үрдіспен асқынады, сондықтан науқастың жағдайы қатты өзгермейді. Экссудативті және казеозды-некроздық үрдістердің туындауы және дпмуы науқастың жалпы жағдайын, уытталу белгілерінің дамуы мен нашарлауына әкеледі. q Қақырықты жөтел q Ентігі q Қан түкіру q Жүдеу q Өкпе аускультациясында жайылған спецификалық емес эдобронхитті дәлелдейтін шашыраңқы құрғақ сырылдар анықталады. Ылғалды сырылдар сирек кездеседі, себебі туберкулез айқын экссудативті реакциясыз өтеді.
Рентгенологиялық зерттеулер Силикотуберкулездің рентгенологиялық көрінісінде, көбінесе силикозға тән өзгерістер көрінеді. Олардың таралуы силикоздық үрдістің кезеңімен анықталады. § Бірінші дәрежеге: жайылған деформация және ұсақ ұяшықтану түріндегі өкпе суретінің күшеюі тән. Түйінді түрінде өкпенің ортаңғы және төменгі бөліктерінде диаметрі 2 -3 мм домалақ тығыздану пайда болады. § Екінші дрежеге: түйінді түзлстердің ары қарай таралуымен, олардың артында өкпе суретінің көрінуінің тоқтауымен, торлы және ұяшықты тығызданудың күшеюі (шабылған өкпе түбірі белгісі) тән. § Үшінші дәрежесі: силикозға фиброзды алаңнан немесе түйінді конгломераттарынан түзілген ты, ызданудың үлкен аумақтарымен сипаттаады. Силикоздың барлық даму кезеңдерінде кеуде ішілік лимфа түйіндерінің беріштенуі-
Ошақты туберкулездің дамуында, әдетте, өкпенің жоғарғы бөлігінде диаметрі 1 см-ге дейін домалақ полиморфты көлеңке дамиды. Бұлар силикоздық гранулемаға қарағанда, көлемі жағынан үлкен, қарқындылығы аз, және едәуір дамушы. Диссеминацияланған туберкулез ошақтары өкпе алаңының жоғарғы жағында орналасады. Олар көлемі, тығыздығы және түрі бойынша полиморфты. Бір өкпеде туберкулезді инфильтраттың пайда болуы силикоз кезіндегі симметриялық зақымдануды бұзады. Силикоздық түйіндерге қарағанда, инфильтрат қарқындылығы аз және жиектері айқын емес. Казеозды пневмония силикозбен ауыратындарда болмайды. Силикотуберкулезді каверналар дұрыс емес пішінді және массивті силикоз аумағында орналасады. Өкпенің радионуклидті зерттеуі екі өкпеде де капиллярлық қан ағысының диффузиялық төмендеуі жөнінде мәлімет береді. Бронхоскопияда силикозбен науқастарда көмір шаңының жиналуы- бронх шырышты қабатында шаң дақтар көрінеді. Бронх саңылауының қабынулық немесе тыртықтық тарылуынан деформация, катаральды немесе іріңді эндобронхит жиі анықталады.
Геммограммадағы өзгерістер силикозбен науқастарда белсенді туберкулездің пайда болуына байланысты. Белсенді силикотуберкулезбен науқастар қанында таяқша ядролы нейтрофильдер мөлшері жоғарылап, лимфопения, моноцитоз, ЭТЖ жоғарылауы анықталады.
Диагностикасы Диагностикалау критерилері: 1. Туберкулиндік диагностика 2. Бактериологиялық зерттеу(қақырық зерттеу) 3. Рентгенологиялық зерттеу 4. Бронхоскопия 5. Жалпы қан анализі
Қолданылған әдебиеттер Фтизиатрия /М. И. Перельман, И. В. Богадельникова http: //meduniver. com/Medical/Xirurgia/2587. html Фтизиатрия нац. рук-во. — М. : ГЭОТАРМЕДиа, 2010. Ракишева А. С , Г. Цогт Фтизиатрия, Алматы 2014
Кабитова ж.pptx