kirispe ;ur.pptx
- Количество слайдов: 16
Баспасөз бостандығы мемлекеттегі конституция кепілдік беретін адам құқылары мен бостандықтарының бірі. Ол баршаға ортақ әлеуметтік еркіндіктің — пікір айтып, сөз сөйлеу бостандығының құрамдас бөлігі ретінде саналған. 1789 жылы Францияда қабылданған Адам және азамат құқыларының бостандығы декларациясында (қара Француз революциясы) тұңғыш рет жарияланған Баспасөз бостандығы ұғымы баспасөз басылымдарын (газеттерді, журналдарды, т. б. ) емін-еркін ашып, кез келген баспа өнімдерін қалауынша шығарып, таратудың, сондайақ, цензураға тыйым салудың мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. Кейбір демократиялық мемлекеттердің арнаулы заңдарында асыра сілтеп, артық кететін өрескелдікке жол бермеу үшін Баспасөз бостандығына бірқатар шектеулер қойылады; бұл шектеулер сөз бостандығына қойылатын шектеулермен бірдей болады (қара Сөз бостандығы). ҚРКонституциясының 20 -бабында сөз бен шығармf еркіндігіне кепілдік берілетінін, цензураға тыйым салынатынын, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға қақылы екендігін атап көрсеткен. Сонымен қатар, “республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеум. , нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ, қатыгездік пен зорлықзомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді” делінген. Дүние жүзінде бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрлері (теледидар, радио хабарлары, интернет, т. б. ) көбейе түсуіне байланысты “Баспасөз бостандығы” деген ұғым ескіріп, соңғы кезде қабылданып жатқан заңдарда “бұқаралық ақпарат бостандығы” атауын қолдану дәстүрге айналды.
АСТАНА. 3 мамыр. Қаз. Ақпарат - 3 мамыр күні - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні. Бұл күн 1992 жылдан бері БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) қолдауымен және Африка елдері тәуелсіз баспасөз өкілдерінің ұсынысымен атап өтіліп келеді. Мамырдың үшінші жұлдызы тегіннен таңдап алынбаған, 1991 жылы нақ осы күні Намибияның астанасында барлық мемлекеттердің үкіметтерін баспасөз бостандығы мен оның демократиялылығын қамтамасыз етуге шақырған «Виндхук» декларациясына қол қойылды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен бұл дата - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні ретінде атап өтіледі. Декларацияда кез келген демократиялық қоғамның құрамдас бөлігін ерікті, жариялы және тәуелсіз баспасөз құрайтындығы атап көрсетілген. Бұл күні 1986 жылы қаза болған колумбиялық журналист Гильермо Кано атындағы «Баспасөз бостандығы ісіне қосқан үлесі үшін бүкіләлемдік сыйлығын» тапсыру - мерекелеудің басты шарасы болып табылады. Сыйлық 1997 жылы тағайындалған, жеке адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге тапсырылады. Баспасөз бостандығы күні кәсіби міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан журналистер еске алынып, оларға құрмет көрсетіледі.
Қазақстанда баспасөз бостандығы бар ма? Халықаралық журналистер федерациясы 2009 жылы кәсіби қызметін орындау барысында көз жұмған журналистердің саны 139 -ға жеткенін хабарлады. Халықаралық ұйымның мәліметі бойынша, өткен жылы әлемнің 27 мемлекетінде 139 журналист өзінің кәсіби қызметіне байланысты көз жұмған. Ол елдердің арасында Қазақстан да аталған. Журналистер, ашығын айтқанда алтын арқалап жүрсе де жантақ жейтін түйеге ұқсас. Халықтың халахуалы мен мұң-мұқтажына қалам тартып жүрген ағайындардың өз жағдайлары да мәз деуге келмейді. Бұл жерде барлық журналистердің бір қалыппен салыстыруға болмас, дегенмен, көпшілігі осылай деуге келеді. Сондықтан оқырман қауымға әр уақыттарда жазылған мақалалардың үзінділері мен әртүрлі пікірлердің жиынтығын іріктеп беріп, қаламмен нан табатындардың қаншалықты "рақаттанып” жүргенінен хабардар етпексіз. *** "Журналистер қылмыскерлердің, діни экстремистердің, саяси қарақшылықтың, ессіз қолбасшылықтың қарамағындағы сарбаздардың қолдарынан өліп жатыр. Олардың барлығының әрекеті бір: лас құпияларын қоғамнан жасырғысы келеді. Осындай қауіп-қатерге қарамастан журналистер шындықты жеткізуге тырысады. Журналистер қорғанышқа зәру, бірақ оларға қорған болушылар аз» . Халықаралық журналистер федерациясының бас хатшысы Эйдан Уайт. *** «. . . бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерге үнемі арыз жазылып, жала жапқаны үшін сот арқылы жазалану қаупі төніп тұрады. . . » «Хьюман Райтс Уотч» ұйымының баяндамасынан. *** . . . 2009 жылдың қаңтарында ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Алма-Ата инфо» тәуелсіз газетінің редакторы Рамазан Есіргеповті тұтқындады. Оны тұтқындауға осы газеттің 2008 жылғы 21 қарашадағы санында «Біздің елімізді кім басқарып отыр: президент пе әлде ҰҚК ме? » атты мақаланың жариялануы себеп болды. . . www. azattyq. org *** Біз қазір Қазақстанда жоспарлы түрде тәуелсіз БАҚ-тардың жойылып жатқандығын көріп отырмыз. . . Ең сорақысы — Қазақстанның қорқақ қоғамы осының барлығына мойынсұнып, үндемей шыдап отыр”. «Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявский. *** "Билікке қарсы пікір білдіретін журналистерге аяусыз қастандық жасалады. . . Қорқыту, үркіту арқылы ауызға қақпақ қою, қатардан шығаруға ұмтылу – біздің қоғамдағы келеңсіз тенденция екені анық”. «Журналистер қауіп-қатерде» баспасөзді қорғау қорының директоры Розлана Таукина. *** "Іс билікке қарсы журналистерге қатысты болса, қылмыскер табылған емес. . . Тәуелсіз және оппозиция журналистері жапа шексе, нағыз кінәлілерді ешқашан таппайды”. Розлана Таукина.
. . . Түрмеге қамалған журналистердің саны бойынша Қазақстан ТМД елдерінде Әзірбайжан мен Өзбекстаннан кейінгі үшінші орында тұр. www. azattyq. org *** Журналистерді қорғау жөніндегі комитеттің деректері бойынша, 2009 жылы бүкіл әлемде 136 журналист түрмеге қамалған. Бұл тізімде Рамазан Есіргепов те бар. Сондай-ақ, тағы бір қазақ журналисті мен бір жазушы түрмеде отыр. www. azattyq. org *** «Шекарасыз тілшілер» (Reporters Without Borders) халықаралық ұйымының шолуында баспасөз бостандығы бойынша, Қазақстан 169 елдің арасында 125 -ші орында тұр. *** «Менің ойымша, Қазақстан үшін бұл орын шынымен де ұятты. Олай болатын себебі, бұл дерек баспасөз бостандығына байланысты жылда келтіріліп жүр. Ал одан бір қадам алға жылжымау ұят нәрсе» . Журналист Жарқын Сәлен. *** 2010 жылдың қаңтарында Алматының әкімшілік соты түрмедегі журналистерге қолдау білдіру акциясына қатысқаны үшін оппозиция қайраткері Владимир Козловқа бес ең төменгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни шамамен жеті мың теңге (50 доллардай — Азаттық) айыппұл салу туралы шешім шығарды. . . *** «Қазақ журналистерін саяси астармен тұтқында ұстауға өздерінің наразылық таныту құқықтарын пайдаланғандарды — сотталып түрмеде отырған редактор Рамазан Есіргеповтың зайыбы Раушан Есіргепованы, «Журналистер қауіп-қатерде» қорының президенті Розлана Таукинаны және оппозиция белсендісі Владимир Козловты сот арқылы негізсіз қудалауды Қазақстан билігі дереу тоқтатуы тиіс» . Журналистерді қорғау комитетінің еуразиялық бағдарламасының үйлестірушісі Нина Огнянова. *** Батыс Қазақстанда «Уральская неделя» газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяровтан «Тенгизнефтестрой» компаниясы моральдық нұқсан келтіргені үшін 70 миллион теңге (шамамен 467 мың доллар) талап етті. . . Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті Лұқпан Ахмедьяровтан үш жыл бұрын жарияланған мақаланы жоққа шығаруын талап етіп, моральдық нұқсан үшін 12 миллион теңге (шамамен 80 мың доллар) ақша талап етті. *** «Дат» жобасымен шығатын газеттерде он жыл бойы жұмыс істеп келем. Сотқа шақырылмаған немесе қысым көрмеген бір жылымыз болмаған шығар. Таяқ та жедік, талай сотталдық, редакциямыздың терезесі де атқыланды, машинамызға жарылғыш зат та қойды, өзімізді аңдиды. Тіпті, қазірдің өзінде телефонмен звондап қорқытады. Тым болмай бара жатса, үйге учаскелік полиция келіп, «бұл үйде сіздер шулайды екенсіздер, көршілеріңіз шағым айтыпты» деп тексеріп кетеді. Енді Қазақстанның заңында телефон соққаннан кейін келіп, үйді тексеру деген жоқ қой. Тым болмай бара жатса, салық комитетінен шақырып, «салық төледің бе? » деп сұрайды» . «Тасжарған» газетінің бас редакторы Бақытгүл Мәкімбай. *** «Қазақстанда баспасөзге қарсылық, соның ішінде тәуелсіз журналистерді түрмеге жабу, ұстау және айыппұл салу әрекеттері көп кездесті. Бұл елдегі сөз бостандығы көрсеткішінің төмен болуын осыдан іздестіру керек» .
СӨЗ ЖӘНЕ БАСПАСӨЗ БОСТАНДЫҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ Конференцияда адам хақтары, заң бұзушылықтар мен еркіндіктер талас болды.
Түркияда Сөз және баспасөз бостандығы конференциясы жоғары деңгейдегі сот өкілдеріне бас қостырды. Конференцияда адам хақтары, заң бұзушылықтар мен еркіндіктер талас болды. Әділет министрі Садуллах Ергин Жоғары сот төрағалары мен Еуропа Кеңесі бас хатшысы Ягланд да қатысқан конференцияда Түркиядағы сөз және баспасөз бостандығы талқыланды. Әділет министрі Садуллах Ергин соңғы жылдары заң бұзушылықтардың едәуір азайғанын, мәселелердің шешімін көздеген 4 -ші сот пакетінің де жақында Мәжілісте қаралатынын айтты. Атазаң соты төрағасы Хашим Кылыч болса негізгі хақ пен еркіндіктердің ғаламдық қасиетін атап көрсетіп, жеке азаматтардың өтінішіне байланысты атазаң өзгерісін бағаландырды. Яргытай соты төрағасы Али Алкан баяндамасында баспасөзде кейбір соттық істерге орай жасалған қате бағаландыруларға назар аударды.
Сөзсіз - сөз бостандығы
Бұл күн 1992 жылдан бері БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) қолдауымен және Африка елдері тәуелсіз баспасөз өкілдерінің ұсынысымен атап өтіліп келеді. Мамырдың үшінші жұлдызы тегіннен таңдап алынбаған, 1991 жылы нақ осы күні Намибияныңастанасында барлық мемлекеттердің үкіметтерін баспасөз бостандығы мен оның демократиялылығын қамтамасыз етуге шақырған «Виндхук» декларациясына қол қойылды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен бұл дата - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні ретінде атап өтіледі. Декларацияда кез келген демократиялық қоғамның құрамдас бөлігін ерікті, жариялы және тәуелсіз баспасөз құрайтындығы атап көрсетілген. Баспасөз бостандығы күніне орай «Әділ сөз» қоры жыл сайын карикатурашылар арасында «Сөзсіз - сөз бостандығы» атты бәйге ұйымдастырып келеді. Бәйге алғандардың ішінде қазақ карикатурашылары: Ғалым Смағұл мен Қал Қораласбаев бар екен. Баспасөз еркіндігі мен бостандығының қорғаны делінетін «Әділ сөз» қорының сайты тек орыс және ағылшын тілінде ғана. Мемлекеттік тілдегі нұсқасы жоқ болғандықтан бәйгенің жай-жапсарын сұғына ұға алмадық. Сөйтіп, бәйгеге қатысқан Ғалым Смағұл, Қал Қораласбаев, Еркін Нұразхан үшеуінің карикатураларын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
мет! рах ызға рың арла Наз
kirispe ;ur.pptx