baspas_z_bostandy_y.pptx
- Количество слайдов: 8
БАСПАСӨЗ БЕН ЖУРНАЛИСТ БОСТАНДЫҒЫ Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін, Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін. Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма, Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін. Абай Құнанбайұлы
• Баспасөз бостандығы — мемлекеттегі конституция кепілдік беретін адам құқылары мен бостандықтарының бірі. Ол баршаға ортақ әлеуметтік еркіндіктің — пікір айтып, сөз сөйлеу бостандығы • Адам және азамат құқыларының бостандығы декларациясында (қара Француз революциясы) тұңғыш рет жарияланған Баспасөз бостандығы ұғымы баспасөз басылымдарын (газеттерді, журналдарды, т. б. ) емін-еркін ашып, кез келген баспа өнімдерін қалауынша шығарып, таратудың, сондай-ақ, цензураға тыйым салудың мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі
Бұл Декларация 1789 жылы Францияда қабылданған ҚР Конституциясының 20 -бабында сөз бен шығарма еркіндігіне кепілдік берілетінін, цензураға тыйым салынатынын, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға қақылы екендігін атап көрсеткен
ҚР БАҚ ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлінеді: • 1. жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы • 2. ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы • 3. еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат айдынына талпынысы
1991 жылы 28 -тамызда “БАҚ туралы заң” қабылданды. -Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды -Ақпарат әлемінде бәсекелестік туды - Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келді -Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды
Президент 1997 жылы 3 -желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды • «Қоғамға шынайы ақпарат керек. Біріншіден, азаматтардың нақты өмірдің , сондай-ақ, көпірме сөздің қайда екенін, екіншіден, ақиқаттың және қарақан бастың қамы үшін бұрмалаушылықтың қайда екенін, үшіншіден, іскерлік, парасат, сондай-ақ пысықайлық қайда екенін, төртіншіден, халыққа қызмет етудің, сонымен бірге билік үшін лас әрекеттің қайда екенін білуге мүмкіндік беретін ақпарат керек» Н. Назарбаев
Журналистер үшін ортақ мәселелер: 1. ақпарат нарығын тиімді әрі оңтайлы үйлестіру 2. тәуелсіз баспасөзді шынайы мазмұнына сай құру 3. ақпарат құралдарының дербестігін қамтамасыз ету 4. БАҚ жүйесінің құқықтық ахуалын дұрыс қалыптастыру 5. ақпарат құралдарын журналист мамандармен қамтамасыз ету
baspas_z_bostandy_y.pptx