бас ауруы_1.ppt
- Количество слайдов: 19
Бас ауруының түрлері 610 -1 топ Орындаған Сүйерқұлова А Қабылдаған Оспанбекова Дана Манарбековна
Бас ауруы – адамға әртүрлі дәрежедегі ауырсыну әкелетін және көп қолайсыздық тудыратын сырқат. Оған себеп көп: психикалық және эмоциялық шаршау, бас миы тамырларының склерозы, бас сақинасы, мидың органикалық аурулары (ісік, инсульт және т. б. ) және басқалар
Бас ауруы 45 түрлі аурудың белгісі ретінде көрініс табады. Сондықтан оны басу үшін себебін анықтау қажет. Сол 45 аурудың бірнешеуіне тоқталайық 1. Жақпайтын тамақ жесе де бас ауыруы мүмкін. Емі: асқазанды тазартса, бастың ауруы қояды. 2. Көзілдіріктің сәйкес келмеуінен де бас ауырады. Емі: көз дәрігеріне қаранып, көзілдірікті ауыстыру керек
Қаназдықтан да бас ауруы туындайды. Белгілері: бас ауырады, көздің қарашығы ұлғайып, маңдай мұздап, тамырдың соғуы әлсірейді. Емі: басыңызды орамалмен қатты таңып, тегіс жерде шалқаңыздан жатып бір сәт демалыңыз. Кейін кофе немесе шай ішіңіз. 4. Ой еңбегімен айналысатын адамдар күніне бір мезгіл таза ауада серуендеуді ұмытып, күнітүні қағаздан бас алмаған кездері басы ауырады. Емі: а) легенге ыстық су құйып, 10 -15 минут аяқты толарсаққа дейін малып отырыңыз; ә) бір шай қасық жалбыз шөбін 1 кесе қайнаған суға тұндырып ішіңіз, кейін демалыңыз; б) ой еңбегінен шаршап жүрген адамдардың балық жегені абзал
. 6. Жүйкенің жұқаруы (неврастения, невроз) - бұл ауру мұғалімдерде жиі кездеседі, яғни бұны устаздардың кәсіби ауруы десе де болады. Емі: а) күнде 1 ас қасықтан бал жеу керек; ә) киікоты, қалақай т. б. дәрілік өсімдіктермен емделу керек; б) маңдайға жұқалап кесілген шикі картопты таңып қойыңыз; в) таңертеңгілік аш қарынға айран ішкен - бас аурудың мың да бір емі; г) басыңыз ауырған кезде қос қолыңызды шынтақпен қоса ыстық суға малып отырсаңыз, басыңыздың ауырғаны қояды. Ыдыстағы су салқындап бара жатса, ыстық сумен араластырып, температурасын бір қалыпта ұстаңыз.
7 Қан таспасы (гипертония), атеросклероз ауруына шалдыққанда кардиолог, терапевт дәрігерлерге, инсультқа шалдыққанда невропатолог дәрігерге, ал миыңызда қатерлі ісік не бітеу жара бары анықталса, нейрохирург дәрігерге қаралып, тексеріліп арнайы ем алған жөн. Кекшиме, яғни мең-зең еткен менингит ауруына шалдыққан жағдайда инфекционист дәрігерге барып, ем алған дұрыс
Эпизодты бас ауру Бұл ауруға күнделікті қайталанатын бирнеше апталар немесе айға созылатын кейін ұзақ уақыт ремиссия тән. Ауру сезімі кенеттен басталады , локализациясы көз маңы , периорбиталды зонада самайда . Құлаққа қолға жаққа иррадиация береді. Екінші аты “Оятқыш”, көбнесе түнде, танатарда көрініс береді
Созылмалы параксизмальды гемикрания Бір жақты ұстамалы бас ауруы көз-маңдай-самай аймағы Тәулігіне 10 -30 рет қайталанатын 2030 мин созылады Екінші аты Индометоцинди бас ауру
Құрылымдық зақымдалусыз жүретін бас аурулар Олар идиопатиялық атқан тәрізді бас ауру Патогенезі белгісіз болады Суықтаудан болатын бас ауру Жөтел және физикалық жүктемеден кеінгі бас ауру. Бұл ауруларда гипертензионды синдром (ми ісігі) болуы мүмкін.
Сексуальды белсенділікке байланысты бас ауру Ер адамда, жоғарғы жыныстық қатнас кезінде дамиды (Оргазмикалық) Ауру сипаты шуйде аймағында , қатты пулсацияланатын, жарылыс тәрізді жыныстық қатнас кезінде пайда болады. Себебі белгісіз
• Бас-ми жарақатынан кейінгі бас ауру Жедел Созылмалы
Бас сақинасы – бас ауруларының жиі кездесетін бір түрі. Оған бейімділік аутосомды-доминанттытұқым қуалап, аналаржағынан ұрпақтанұрпаққатаралады Ауру пубертаттық кезеңде немесе өмірінің үшінші онжылдығында басым болады және әйелдерде көп кездеседі. Бұл ұстамалар көбәнесе әйелдердің менструалдық циклдың басталуына (60%) және менструация (14 -20%) кезеңіне сәйкес болады. Ол менструалдық бас сақинасыдеп аталады
Бас сақинасында ауру сезімі генге байланысты
Бас сақинасының негізгі клиникалық көрінісі – кенеттен басталатын бас ауруы. Көбінесе жарты шеке ауырады - гемикрания Бас сақинасының пайда болуына ауыр психоэмоционалды және ауыр физикалық зорығулар, мезгілінде тамақтанбау, ішімдік ішу, шылым шегу, транспортта ұзық болу, түрлі иістер, ауа райының өзгеруі; аллергияға бейім адамдарда аллергиялық реакциялардың асқынуы және т. б. көптеген факторлар әсер етеді.
Патогенезі. Мұнда ми мен ми қабықтарында болатын нейрохимиялық өзгерістерде регионалды вегетативті қантамырлық реакция маңызды рөл атқарады. Ұстама алдында тромбоциттерден серотонин, толық клеткалардан гистамин мен протеолитикалық ферменттер бөлініп шығады. Серотонин мен гистамин капиллярлардың өткізгіштігін арттырып, плазмокининдердің қантамырлардағы сұйық бөліктермен шығуына әсер етеді. Серотониннің бүйрек арқылы аса көп бөлініп шығуы оның қандағы мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл қан тамырлар тонусының төмендеуіне, олардағы сұйықтың тамыр сыртына шығуына әсер етіп, ми мен ми қабықтарының ісінуіне әкеледі.
қан тамырларындағы реакциялар бірнеше кезеңнен өтеді: І кезең – жоғарыда аталған факторлар себебінен қантамырлар жиырылып, тарылады. Қантамырлардың қанмен қамтамасыз етілуі қиындайды. ІІ кезең – қантамырлардың жиырылып тарылуы артериялардың, веналардың және венулалардың кеңеюіне ауысады. ІІІ кезең – тамыр қабырғасы соғу тербелісінің амплитудасын жоғарылатып, оның диаметрін толық атонияға дейін кеңейтеді. Ісіну кезеңі өте ұзаққа созылып, кезеңдердің керісінше дамуымен аяқталады.
Жіктемесі және клиникасы. Ауру типіне байланысты бас сақинасы бірнеше түрге бөлінеді: кәдімгі ауралы бас сақинасы; Ұзақ әсерлі аурамен білінетін бас сақинасы; Отбасылық гемиплегиялы; Базиллярлық; Бас ауыруынсыз өтетін ауралы бас сақинасы; Кенеттен басталатын ауралы бас сақинасы; Офтальмоплегиялық; Ретинальдық; Балаларда мұнымен қоса білінетін синдромдар; Балалардағы қатерсіз ұстамалы бас ауруы; балаларда альтернирленген гемиплегия; бас сақинасының асқынулары (ұстамалар мен бас сақинасынан болатын инсульт) бұл критерийлерге қатысы жоқ бас сақинасы.
Емі Патогенездік дәрі-дәрмектердің бірі ретінде ауырсыну импульстерін тоқтатып, простогландиндердің пайда болуын тежейтін; серотонин және гистамин мен кининге қарсы ацетилсалицил қышқылын қолданған жөн. Жеңіл білінетін ұстамада көпіршікті ерітінді (еритін аспирин) түрінде ұстама басталғанннан 10 -15 минуттан кешіктірмей тағайындайды. Ұстама құсумен қосылса білте (свеча) 20 мг метаклопромид қолдану керек. Аталған препараттарды қолданғанда асқазан- ішек аурулары (әсіресе ойық жара ауруы), қан ағуға бейімділік, салицилаттар мен аллергияға жоғары сезімділік болмау керек. Бас сақинасы ұстамасының алғашқы сағаттарында қантамырларды ширықтыратын спорыня (қара күйе) препараттарын тағайындаған тиімді. Осы мақсатта эрготамин гидротартратының 1% ерітіндісін 15 -20 тамшыдан немесе 1 -20 мг таблеткамен, ригетаминді 1 таблетка тіл астына 1 -2 сағаттан кейін қайтадан, бірақ тәулігіне 3 таблеткадан аспай тағайындайды.
Назарларыңызға рахмет!
бас ауруы_1.ppt