бас ауру.pptx
- Количество слайдов: 20
БАС АУРУЫ КЕЗІНДЕГІ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚАМҚОРЛЫҚ Орындаған: Бектұрсын М. Сарсембаева А. Курс: ІІІ Факультет: Фармация Тобы: 301 Қабылдаған: Жарымбетов Қ. Алматы 2013
Бас ауыру — әр түрлі себептерден болатын ауырсыну сезімі. Қан айналу жүйесінің қызметі бұзылғанда (гипертониялық аурулар, гипотония, бас сақинасы — мигрень) миға қан біркелкі келмейді де, бас сырқырап, солқылдап және тырысып ауырады. Басы ауырып отырған адамның мазасы кетеді, мойын бұлшық еттері құрысады. Маңдай, самай, төбе аймақтарынан ауру сезімі үшкіл нервтер, ал шүйдеден — кезбе, тілжұтқыншақ нервтері және мойын өрімдері арқылы беріледі. Бас ауыру белгісінің күші ми бөлігінің қызметтеріне, әр адамның табиғи жаратылысына, атап айтқанда, ауру сезімін қабылдау деңгейіне де байланысты болады. Бас ауыру жұқпалы аурулардан, көз, құлақ сырқаттарынан (мысалы, алысты көре алмау, отит, т. б. ), уланудан, жүйке сырқаттарынан, ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, қан құрамындағы зат алмасу процестерін үдететін (адреналин, гистамин, т. б. ) заттардың шамадан тыс көбейіп кетуінен де болады.
Бас ауырудың көп кездесетін белгісінің бірі — бас айналу. Ол қалыпты жағдайда да, мысалы, әйелдердің жүкті кезінде, лифтімен тез көтерілгенде, биіктен төмен қарағанда, жылдам қозғалған нәрсені бақылағанда, т. б. байқалады. Бас ауырудың себебін дәл анықтау үшін лабораториялық әдістер пайдаланылады (мысалы, бас, мойын сүйектерін рентгенге түсіру; қанын, зәрін талдаудан өткізу). Ауру анықталмаған жағдайда, жұлын-ми жолын инемен тесіп, алынған сұйықты биохимиялық талдаудан өткізеді; қысқаша Биопсия.
Бас ауруы медицина тәжірибесінде ең көп тараған мәселлердің бірі болып табылады. 1889 жылдың өзінде көрнекті терапевт Т. А. Захарьинөзінің «Клиникалық дәрістерінде» былай деп жазды: «Бастағы жағымсыз әсерлер – бастың ауруы, ауырлығы сияқты жиі кездесетін және себептері әртүрлі және көп болып келетін құбылыс жоқ шығар. Бастың жұмсақ бөлігінің және бас пен бет сүйектерінің, бастағы көптеген жүйкенің, жоғары сезім органдарының, ең бастысы өзінің зақымдалуынан басқа ағзаның барлық басқа да бөліктеріндегі өзгерістер әртүрлі жолмен әсерін тигізетін бас миының ауыруы, міне жиі бас ауруының немесе бастың ауырлауының себептері осылар» .
Біздің заманымызда цефалгия мәселесі бүһұрынғысынша маңызды болып қалып. Бас ауруы бойынша VII Халықаралық конгресінде (Торонто, 1995) келесідей мәліметтер келтірілді, Европа және Солтүстік Америка елдерінің 70% көбі бастың жедел немесе созылмалы ауруларына шағымданады. Бас ауруының ғылыми атауы – cephalalgia. Жалпы ми ауруды сезбейді, себебі ода аурулық рецепторлар жоқ. Ғалымдардың соңғы есептеуі бойынша, жер шары халқының 80%да бас ауруы өмірінде бір рет болсада кездеседі, ал 25 -40% — бұл аурумен жиі аурады.
Бас ауруының сипаты және интенсивтілігі оның себептеріне байланысты. Көбіне қысымнан блолатын бас ауруы жиі кездеседі. Ол пациенттердің 60 -70% жедел немесе созылмалы сипаттағы психоэмоционалды қысымға жауап ретінде пайда болады. Мұндай жағдайларда бас ауруымен қатар жоғары тітіркенгіштік, тұрақты шаршаңқылық, тез шаршап қалу, ұйқы мен тәбеттің бұзылуы бірге жүреді. Кейбір науқастарды бас ауруының себебі физикалық күштің түсуі, әсіресе мойын бұлшық еттеріне, көздің және бас сүйегінің бұлшық еттеріне түсуі болып табылады. Әдетте бұл кәсіби қызметімен байланысты (ұсақ детальдармен, компьютерде, тігін маши-насында жұмыс істеу, көлік жүргізу және т. б. ).
Қысым сипаты бойынша бас ауруы келесідей болады: сырқырайтын, қысатын, тартатын, басатын, монотонды; интенсивтілігі бойынша – төзуге болатын және күшті. Бас ауруы диффузды және екіжақты болады, бірақ бір жағында күштірек байқалуы мүмкін (интенсивті). Ауа райының өзгеруі, қапырық бөлмеде жұмыс істеу, ашығу сияқты факторлар бас ауруының күшеюіне мүмкіндік жасайды.
Бас ауруы – дененің жоғары температурасы арқылы өтетін барлық жұқпалы аурулардың ажырамас серігі. Локальды және де диффузды ұзаққа созылатын тесетін сияқты бас ауруы көз, мұрын ауруларында да пайда болады. Бас сүйегі-ми жарақатында бас ауруы – патологияның негізгі симптомдарының бірі. Омыртқаның мойын бөлігінің остеохондрозында бас ауруы тек мойынға және шүйдеге беріліп қана қоймайды, ол бастың маңдай-орбиатльды бөлігіне де беріледі.
Себептері Бас сақинасы. Психоэмоционалды немесе физикалық қысым Суықтың әсері (тоңу, салқын тағам немесе су ішу). Жөтел Бас сүйегі-ми жарақаты және оның салдарлары. Ми тамырларының зақымдалуы (атеросклероз, артериалды гипертензия, артериит, туа біткен аневризмдер және т. б. ). Бас сүйегінің ішкі қысымының жоғарылауы. Кейбір заттарды, оның ішінде дәрілік заттарды (нитраттар, кальций каналдарының блокаторлары, спорынья препараттары, алкоголь және т. б. ) қабылдау немесе қабылдауды тоқтату (кофеин, есірткі, психоседативті заттар және т. б. ). Вирусты және бактериалды инфекциялар. Метаболикалық (айырбас) бұзылыстар. Бас сүйегінің, мойын, көздің, ЛОР-органдардың, тістің және ауыз қуысының патологиясы. Бас сүйегі жүйкелерінің зақымдалуы. Баста ісіктің болуы.
Бас ауруының себептері Шиеленіске байланысты: Қатты ауырмайтын, бірақ ұзаққа созылатын ауру. Ешқандай шаншу да болмайды. Бас немесе мойын айналасында түйінделіп қалған сезім болады. Жеткіліксіз ұйқы, депрессия және стресс ең басты себептері. Мигрень (бас сақинасы): Қатты ауыртатын және шаншитын бас ауруы. Көбінесе көздің артында сезіледі. Жарыққа және дауыстарға қарсы тітіркену, лоқсу және жүрек айнуы болады. Себептері мезгілсіз тамақтану және гормонды дәрі -дәрмектер. Солқылдау: Өте қатты ауыртады. Көбінесе бір көз айналасында немесе артында сезіледі. Мұрынның бітелуі, көздің жасаурауымен бірге болуы мүмкін. Ауруы көбінесе ұйқы кезінде келеді. Спиртті ішімдіктер және темекі мұның ең басты себептері. Хайзға бaйланысты: Хайз (етеккір) мерзімінен бұрын немесе кейін шығатын аурулар. Бас сақинасына ұқсайды.
Гайморитке байланысты: Ауыртпалы және тұрақты. Мұрыннан тоқтамай су ағады. Ауырғаны мұрын үстінен бастап, маңдайға және құлаққа дейін жайылады. Себептері гайморит инфекциясы және мұрынның бітелуі. Аллергияға байланысты: Танаулардың бітелуі, көздердің жасаурауы, қышытпа және бастың шаншуы белгілерінен байқалады. Гүл тозаңы, зең (зәк, көгеру) және шаң ауруға себеп болады. Кофеинге байланысты: Шаншытып ауыртады және шамадан артық кофеин тұтынудан туындайды. Шаршауға байланысты: Ауру, белгілі бір жердің ауырғанымен шектеулі емес. Шаршататын физикалық қозғалыстар, түшкіру, жөтелу, ісік, мигренмен бірге көрінуі мүмкін. Сүек аралары: Баста қысым және қысылу сезімі. Жақтың аурып шытырлауы арқылы белгісін көрсетеді. Жақтағы келеңсіздік және стресс бұған басты себеп. Ревматизм: Мойында немесе бастың артқы жағында, қимылдағанда артатын аурулар. Тұз жиналуынан және суықтан болады. Көздің шаршауы: Көз айналасындағы ауру сезімі. Көрудің нашарлауы және астигмат аурудың себептері.
Бас ауруының халықаралық жіктелуі 1. Бас сақинасы. 2. Қысымнан болатын бас ауруы. 3. Кластерлі бас ауруы. 4. Бас миының құрылымдық өзгерісіне байланысты болмайтын бас ауруы. 5. Бастың жарақатынан болатын бас ауруы. 6. Қан тамырларының ауруында болатын бас ауруы. 7. Бас сүйегінің ішкі сосудты емес ауруларында болатын бас ауруы. 8. Кейбір заттарды қабылдаудан немесе оны қабылдауды тоқтатудан болатын бас ауруы. 9. Мидан тыс инфекциялардың әсерінен болатын бас ауруы. 10. Метаболикалық бұзылыстар салдарынан болатын бас ауруы. 11. Бас сүйегі және бет құрылымының патологиясының салдарынан бет немесе бас ауруы. 12. Жүйке стволдарының патологиясынан болатын бас ауруы. 13. Жіктелмейтін бас ауруы.
Бас ауруының келесідей типтерін де бөледі: біріншілік – бас ауруы аурудың басты және жалғыз симптомы болғанда; екіншілік – бас ауруы басқа аурудың симптомы болғанда.
Дәрігерге көрінуді талап ететін қауіп төндіретін симптомдар Бас ауруының пайда болуы жақында болған бас жарақатымен байланысты. Бас ауруының пайда болуы ҚҚ өзгеруіне байланысты (жоғарылауы немесе төмендеуі). Бас ауруы аяқ астынан пайда болады және біртіндеп күшейе түседі. Бас ауруы 3 күннен артық созылады және біртіндеп күшейе түседі. Пульсациялайтын сипаттағы бас ауруы қатты дыбыстарға, жарыққа, жүрек айнуына және/немесе құсуға жоғары сезімталдылықпен қатар жүреді. Бас ауруы күшенген кезде, жөтелде, басты қозғалтқанда күшейе түседі. Бас ауруы көздің қызаруымен, көздің көруінің бұзылуы немесе төмендеуімен қатар жүреді. Бас ауруы аяқ-қолда сезімталдылықтың жоғалуымен (төмендеуімен), сөйлеудің қиындауымен қатар жүреді. Бас ауруы шүйде бұлшық еттерінің тонусының жоғарылауымен қатар жүреді (иекті кеудеге дейін жеткізе алмауы немесе жеткізудің қиынға соғуы). Аурудың жедел кезеңінде бас ауруын жеңілдету үшін өткір жарық түспейтін және қатты дыбыстар болмайтын бөлмеде жату керек.
Бас сақинасы сипатында болмайтын және жалпы ауруымен (ОРВИ, синусит, артериалды гипотензия) байланысты емес үнемі пайда болатын бас ауруын емдеу үшін жүргізіледі: - тұрақты тамақтану, В тобы витаминдерін, кальций және магний препараттарын қабылдау; - ұйықтау және сергектік режимін қалыптастыру; - темекі тартудан, оның ішінде пассивті түрінен (темекі түтінін жұту) бас тарту; - тымырсық, газдалған бөлмелерде болудан аулақ болу; - демалысты қалыптастыру (оның ішінде таза ауада), оптимальды еңбек жағдайын жасау (бас ауруының себептерінің бірі бұлшық еттерге ұзақ уақыт күштің түсуі – ұсақ детальдармен, баспа машинкасында, компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, автокөлік жүргізу және т. б. ); - бас ауруының пайда болуының белгілі бір тағам өнімдерін пайдаланумен байланысын анықтау, ондай байланыс болған жағдайда – тағам өнімдерін рационнан алып тастау.
Бас ауруы басқа күрделі аурудың симптомы болуы мүмкін, сондықтан өмірге және денсаулыққа қауіпті жағдайларды болдырмау үшін дәрігерге қаралу керек. Бас ауруын жою үшін дәрігердің кеңесінсіз есірткі емес анальгетиктерді қабылдау ұзақтығы 3 күннен аспау керек. Анальгетикалық препараттарды бас ауруы кезінде аптасына 2 реттен көп қабылдауға бол-майды – көп қабылдаған жағдайда ауру сезімінің шегінің төмендеуі, бас ауруының жиілігі және интенсивтілігі көбеюі мүмкін (абузусты бас ауруы). Құрамында кофеині бар анальгетик-антипи-ретик тобының біріктірілген препараттарын кофе немесе шаймен бірге қабылдауға болмайды, өйткені кофеиннің мөлшері артып кетуі мүмкін.
Құрамында парацетамолы бар препараттарды бауыр функциялары бұзылған науқатсарға абайлап тағайындау керек. Оларды алкогольмен бірге қолдануға болмайды (гепоулылығы бірден жоғарылап кетеді). Құрамында тазалану дәрежесі төмен парацетамолы бар препараттарды ұзақ қолданған кезде перифериялық қанның құрамын бақылап отыру керек.
Құрамында ацетилсалицил қышқылы бар препараттарды тамақтан кейін қолдану ұсыны-лады. Оларды антикоагулянттармен және антиагреганттармен бірге және жүктілікпен бала емізу кезеңінде, сонымен бірге алкогольмен бірге қолдануға болмайды (ульцерогенді әрекетінің қауіптілігі, асқазаннан қан кету қаупі бірден өседі). Құрамында ацетилсалицил қышқылы бар препараттарды ұзақ қолданғанда нәжісті тексеру (жасырын қанға) ұсынылады.
Құрамында натрий метамизолы бар препараттар ағзаның қорғаныш механизмін басады, ол ОРВИ-мен ауырған кезеңде қолданған кезде бактериалды асқынуларға әкелуі мүмкін. Ұзақ қолданған кезде натрий метамизолы препараттары эритроциттердің гемолизін (бұзылуы), қан формуласының өзгеруін және қан шығару жүйесінің бәсеңдеуін тудыруы мүмкін.
бас ауру.pptx