ДИДОК.pptx
- Количество слайдов: 9
БАСҚАРУ ЗАҢДАРЫ Орындаған; 341 –топ Ги. Му Тұрсынбаев Д. Тексерген; Муратова Р.
Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі.
Басқару заңдары 1) Басқару жүйесінің толықтығы мен бірыңғайлылық заңы. Бұл заң бойынша, басқару жүйесі ұйымдастырылған және функционалдық бірыңғайлылыққа сәйкес болуы керек дейді. Ұйымдастырушылық толықтылық – басқаруға қойылған міндеттердің орындалуы үшін қажетті элементтердің құрамымен, ал функционалды – жүйенің мақсаттарына жету үшін қажетті функционалды дамутымен қамтамасыз етіледі.
2) Кез-келген басқару жүйесінің барлық элементтерінің пропорционалды және ұтымды сәйкестенуін сақтау заңы. Бұл дегеніміз, жүйенің элементтерінің ұтымды сәйкестенуі дамуға олардың функционалды және құрылымдық мүмкіндіктерінің, деңгейлерінің, бағыттарының әсер етуін қарастырады. 3) Қолданылған ақпараттың көлеміне байланысты басқару жүйесінің тиімділік заңы. Басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдаланатын ақпараттың көлемі мен басқару міндеттерін орындау сапасының бір-бірімен байланысын қарастырады. 5) Басқару жүйесіне әсер етуші және тәуелді болатын техникалық құралдарды қолданудың сәйкестік заңы. Бұл заңның талаптары әсіресе басқару жүйесін автоматтандыру кезіндегі маңызы зор. 4) Басқару процесі кезіндегі пайдаланылатын тиімділік критерилерінің бір-біріне тәуелділігі және бірыңғайлылық заңы.
Басқару принциптері – басқарудың барлық деңгейіндегі тәжірибелік әрекеттің негізін құраушы тәртіптері мен нұсқаулықтарды есепке алу мен орындауды көздейді. Олардың заңдардан айырмашылығы, заңдар адамдардың қалауы мен жігеріне қарамастан объективті түрде қарастыратын болса, принциптер нақты шарттар мен тәжірибенің ұсынысына қарай қолданылады.
Басқарудың негізгі принциптері: 1) ғылымдылық принципі - басқару жүйесі, ғылыми негізде құрылуын қамтамасыз етеді, объективті және субъективті факторларды есепке ала отырып теория мен тәжірибедегі орнын, құрылуын қарастыру принципі; 2) Жүйелілік және кешенділік – басқару объектісін және жүйесін жеке және біріктіріп қарастыру принципі; 4) Пропорционалдылық принципі басқару және басқарылатын жүйелердің ұтымды байланысын қарастырады. 3)Орталықтандыру және орталықсыздандыру принципі. Орталықтандыру басқару жүйесінің толықтылық шегінде бөлімшелердің өзара байланысын қамтамасыз етеді. 5) Уақытты үнемдеу принципі басқару процесіндегі операциялардың еңбек шығынының көлемін азайтуды тұрақты түрде талап етеді.
Кез-келген басқару жүйесі процесінің негізгі кезеңдері болып: ақпаратты жинау мен өңдеу; оны талдау, диагноз және болжау, жүйелендіру, мақсатын қою; әрекеттің нәтижесі туралы ақпаратты жинау және өңдеу. жалпы шешімдерді жоспарлау, бағдарламалау, жобалау түрінде кезекті нақтылау, нақты басқару шешімдерін қабылдау; мақсатты жүзеге асыруға бағытталған шешімді дайындау (қабылдау);
Осыған байланысты, басқару – келесі негізгі функциялардан тұратын әрекеттің түрі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, координация және бақылау. Жоспарлау қызметі басқару жүйесінде бастапқы және бір уақытта ағымды болып табылады. Басты мақсаты – қабылданған шешім негізінде жоспарды дайындау. Ұйымдастыру – басқару жүйесіндегі басқару және басқарылатын процестердің барлығын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жұмысын атқарады. Мотивациялау қызметі жүйенің жоспары бойынша барлық жүйе ішіндегі бөлімдердің жұмысының қызметін қамтамасыз етеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
ДИДОК.pptx