Стили руков каз.ppt
- Количество слайдов: 21
Басқару стилі
n n n Менеджмент басқару стилі сияқты нарықтық экономикада өмірдің әртүрлі сфераларының ең маңызды функциясы болып табылады. Менеджмент – қызмет етуші кәсіпорындардың спецификалық органы. Менеджер қызметіне стильдің маңыздылығы сияқты, менеджментке де ең маңызды мәселе көшбасшылық.
n Басқару стилі немесе көшбасшылық — менеджменттегі маңызды факторлар болып табылады. Дұрыс бағытталған және сәтті орындалған стиль ұйымдағы барлық қызметкерлердің потенциалын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
n “Стиль” сөзі грек тілінен алынған. Алғашында ол балауыз тақтаға жазатын құрал деген мағынаны білдірген, ал кейіннен «жазу» деген мағынаға ие болды. Осыдан соң басқару стилін – менеджер қызметінің «жазбасы» деп түсінуге болады.
Басқару стилін айқындайтын негізгі факторларды көрсетуге болады: n n n Басшылардың өз ісінің маманы болуына, іскерлігіне, жауапкешілігіне, жеке құндылықтарына, мінезі мен темпераментіне қатысты талап қою және т. б. ; Жүйелердің спецификасы - олардың мақсаттары мен міндеттері, басқарушылық құрылымдар мен басқару технологиялары, басқарушының қызметі; Қоршаған өндірістік орта – өндірістің технологиялық деңгейі, еңбек ұйымдарының формасы, материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі және т. б. Басқарылушы ұйымның ерекшеліктері – дайындық деңгейі мен құрылымы, онда қалыптасқан қарымқатынас сипаты, дәстүрі мен құндылықтары. Жұмыс стилі басқарушының қызметіне ғана емес, сонымен қатар қол астындағы қызметкерлердің де қызмет жүйелерінің барлық жақтарына өз әсерін тигізеді.
Басқарудың бірөлшемді стилі n Басқару стилінің «бірөлшемді» яғни шартты бір факторларына: авторитарлы, демократиялық және либералды шарттар жатады.
Авторитарлы стильдің сипаттамасы: n Автократиялық басқару - «бұл шешім қабылдауда басшының қоластындағы қызметкерлердің пікірімен санаса отырып, құзіреттілігін орталықтандыруға бағытталған басқару стилі» . n Авторитарлық стильде басшының жеке қызметкерлерге аз көңіл бөліп, шешімді жеке өзі қабылдауы тән. Басшы өзінің ресми қызметін ұйымның иерархиялық құрылымына сәйкес қызметкерлерді басқаруда қолданады.
Авторитарлы стильдің сипаттамасы: n Авторитарлы стильдің өзінің басым n жақтары бар: шешімнің тез қабылдану және қызметкерлерді мобилизациялау мүмкіндігін жоғары етеді, қолайлы жағдай орын алмаған топтардағы мәселелерді шешуге көмектеседі. Бұл стиль созылыңқы, ауыр жұмыстарда эффективтілік танытуда, сонымен қатар профессионалдық деңгейдің төмен шарттарында өз тенденциясын иеленген.
Авторитарлы стильдің сипаттамасы: n Авторитарлық стильдің кемшіліктері — мотивация мүмкіндігінің шектелуі, қызметкерлердің өз бетінше шешім қабылдауы және дамуы, сонымен бірге басшының субъективизмдігінен қате шешімдерді қабылдау қауіптілігі. n Осы басқару стилінде басшының қызметкерлерден әлеуметтік тұрғыда өзін алыстатуы, қызметкерлерге еш қызығушылығы жоқ жұмысты тапсыруы — қызметкерлерде басшының оларды жазалауында қорқыныш туғызады.
Демократиялық стиль сипаттамасы: n Демократиялық басқару – шешім қабылдауда жұмысшыларды жұмылдыруға және еңбек регламентін өндіруге негізделген басқару стилі.
Демократиялық стиль сипаттамасы: n Демократиялық стиль басшылардың ұжыммен бірге шешім қабылдауымен, формальды емес қарым-қатынастарға қызығушылығымен сипатталады. Жасалатын жұмыстарының мақсаты қызметкерлермен бірге айқындалады. Қызметтерді бөліп беруде топ мүшелерінің қалауы ескеріледі.
Демократиялық стиль сипаттамасы: n n Демократиялық стильді қолданатын басшы шешімді ұжыммен бірге шешуге талпынады, қызметкерлерді жұмыс жағдайымен ақпараттандырып отырады, сынды сабырлы түрде қабылдайды. Қызметкерлермен қатынаста сыпайы және мейірімді, басқару қызметтерінің көп бөлігін басқа мамандар арқылы басқарады, қызметкерлерге сенім артады және олармен үнемі қарым қатынаста болады. Талап қоя біледі және әділ.
Либералды (пассивті) стиль сипаттамасы: n Либералды стиль - басшының көп жағдайда қызметкерлердің жұмысына араласпай, олардың өз бетінше шешім қабылдауында жоғары деңгейде мүмкіндік беретін стиль. Ол қызметкерлерге өз шешімін ұсыныс немесе кеңес түрінде көрсетеді. Мұндай басшы әдетте қызметкерлерімен қатынаста сыпайы, алдын ала қабылдаған шешімін жоққа шығара алады.
Басқарудың «көпөлшемді» стилі: n Басқарудың бірін-бірі ерекше толықтыратын кешені және олар бірінен тәуелсіз болатын «көпөлшемді» стилі бар. Сондықтан да олар бір-бірімен бір қатарда жүзеге асырылуы мүмкін.
Басқарудың «көпөлшемді» стилі: n Алғашында басқару стилінің «екі жақты» стилі идеясы туындады. Біріншісі ұжымда моральды-психологиялық, жағымды адами қарым-қатынастарды түзуге жол ашса, екіншісі — адамның өз мүмкіндігін толық ашуына көмектесетін ұйымдастырушылық және техникалық шарттарға бағытталған.
Басқарудың «көпөлшемді» стилі: n 3 кестеде көрсетілген стильдің «көпөлшемді» түрін Р. Блейк пен М. Муттон «басқару торында» атап өткен. 9 бағана және 9 қатардан құралатын таблица жалпы саны 81 -ге тең кестені құрайды. Абцисса мен ордината осьіндегі оң жақ квадратқа осы таблицаны орналастыратын болсақ, «торда» басшының жұмысқа қай жағынан келетіндігін, практикада қандай басқару стилін қолданатындығын айқындай аламыз.
Р. Блейк пен М. Муттонның «Басқару торы»
Басқарудың көпөлшемді стилі: n Басқарудың бұл қызықты стилін американдық ғалым В. Вурм мен Ф. Йеттон ойлап тапқан. Олардың пікірлерінше орын алған жағдайға, мәселенің сипаттамасына, ұжымның ерекшелігіне қарамастан басқарудың бес стилін анықтауға болады.
Басқарудың көпөлшемді стилі n n n А — басшы қолдағы ақпараттарды ескере отырып шешімді өзі қабылдайды. Б — басшы мәселенің негізін түсіндіреді, олардың пікірлерін тыңдап, шешім қабылдайды. В — басшы мәселені қызметкерлерге айтады, бірге ақылдасады, бірақ шешімді өзі қабылдайды. Г — басшы мәселені қызметкерлермен бірге талқылайды және нәтижесінде ортақ шешімге келеді. Д — басшы әрқашан топпен бірге жұмыс жасайды, шешімнің авторы кім екеніне қарамастан ең дұрысын қабылдайды.
n Сонымен қатар басқару стилінің қосымша түрлері бар. Оған патернализм, оппортунизм және фасадизм жатады.
n Назар аударғандарыңызға көп рахмет!!!
Стили руков каз.ppt