лекция 10 несие.pptx
- Количество слайдов: 14
Банктік несиенің жіктелімі
Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі: Қарыз алушылар категорияларына қарай: Қаржылық институттарға берілетін несиелер: мақсатты қорларға; банктерге; қаржы-несиелік мекемелеріне.
Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер: өнеркәсіп салаларына; ауыл шаруашылығына; саудаға; дайындау ұйымдарына; жабдықтау-сату ұйымдарына; кооперативтерге; жеке кәсіпкерлерге.
Тұтыну мақсатына берілетін несиелер. Мерзіміне қарай: қысқа мерзімді (1 жылға дейін); орта мерзімді (1 жылдан 3 – 5 жылға дейін); ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары). Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай: негізгі қорларға жұмсалатын; айналым қаражатына жұмсалатын.
Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай: Қамтамасыз етілген: кепіл-хатпен, кепілдемемен; кепілдікпен Сақтандырылған. Қамтамасыз етілмеген: сенім (бланктік)несиесі.
Қайтарылу дәрежесіне қарай: 1) Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер; 2) Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1 санатты күмәнді, 2 -санатты күмәнді, 3 -санатты күмәнді, 4 -санатты күмәнді, 5 -санатты күмәнді. Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
Валютамен берілуіне қарай: ұлттық валютамен; шетел валютасында.
Берілу шартына қарай: Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т. с. с. ) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру арқылы ондағы дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі. Ломбардтық несиесі – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие. Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға араналған несие. Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.
Несиелеу субъектілері мен объектілері Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісіне, экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді: өндіріс объектілерінің құрылысы; өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту; техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу; жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру; өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.
лекция 10 несие.pptx