лекция 1 банк.pptx
- Количество слайдов: 26
Банктердің пайда болуы мен Қазақстандағы банк ісінің дамуы 1. Банктің мəні жəне даму тарихы 2. Қазақстан аумағына банк капиталының енуі 3. Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің монополиялануы 4. Банктік реформалар
Банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы • Алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында жəне ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XІVXV ғғ. пайда болған. • XVІ-XVІІ ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте жиробанктер құрылады • “Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді.
• б. э. д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б. э. д. VІ ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау жəне оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б. э. д. ІV ғ. Ежелгі Грецияда да жасалған. • Римдік банкирлерді кумулияр деп атады • Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар.
• Банктің мəнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи жəне экономикалық. • Оның негізгі өнімі “несие” болғандықтан, банкті - “несиелік мекеме” деп атаған. • “ҚР-ғы банктер жəне банктік қызмет туралы” заңның 1 -бабына сəйкес, “банк –осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”. • Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді.
Аталған заңның 30 -бабына сəкес банктік операцияларға мыналар жатады: • заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу жəне жүргізу; - жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу жəне жүргізу; - банктердің жəне банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың крреспондентік шоттарын ашу жəне жүргізу; - заңды жəне жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу жəне жүргізу; - кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау жəне сақтау; аударым операциялары: заңды жəне жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
• - есепке алу операциялары: заңды жəне жеке тұлғалардың вексельдерін жəне өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт); - заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу жəне қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру; - заңды жəне жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу; - сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша жəне оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын жəне бағалы қағаздарын басқару; - клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру жəне растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу жəне клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау; - сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын жəне бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жəшіктерді, шкафтарды жəне бөлмелерді жалға беру; -
• ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру; - төлем карточкаларын шығару; - банкнота мен монеталарды жəне бағалы заттары инкассациялау жəне жөнелту; - шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру; - төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын); - чек кітапшаларын шығару; - бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет; - аккредитивті ашу, растау жəне ол бойынша міндеттемені орындау; - ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру; - үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
Қазақстан аумағына банк капиталының енуі • Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі ХІХ ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты экономикасында несиенің əр түрлі формалары дамыған. • Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі Орталық банк болып саналады жəне оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды
• Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан территориясында ірі сауда- өнеркəсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда (1876 ж. ), Қызылжарда (1881 ж. ), Семейде (1887 ж. ), Омбыда (1895 ж. ) жəне бұрынғы Верныйда (қазіргі Алматы) (1912 ж. ) ашылып жұмыс жасады. Ірі коммерциялық банктер қатарында саналатын Сібір саудабанкісінің (1872 ж. құрылған) 57 филиалының жетеуі Қазақстанның бірқатар аудандарында, яғни Омбыда (1894 ж. ), Семейде (1898 ж. ), Қызылжарда (1905 ж. ), Верныйда (1908 ж. ) Ақмолада (1909 ж. ) Қостанайда (1911 ж. ) жəне Керекуде (1916 ж. ) орналасты.
• Филиалдары жағынан екінші орынға ие болатын Орыстың сауда-өнеркəсіп банкісінің (1916 ж. ) бөлімшелері Қызылжарда (1904 ж. ), Қостанайда (1908 ж. ), Оралда (1909 ж. ) жəне Омскіде (1916 ж. ) ашылды. Сонымен қатар, Ресей империясында ең ірі банктерге енетін Орыс-Азия банкісінің (1910 ж. ) филиалдары Омбыда (1898 ж. ), Верныйда (1903 ж. ) жəне 1907 ж. – Семейде құрылды. Екіден филиалдары бар Қазақстанда сыртқы сауда үшін Орыс банкі мен Волжекамский коммерциялық банкі жұмыс істеді. Осылардың біріншісі Омбы (1909 ж. ) мен Керекуде (1909 ж. ), ал екіншісі Омбыда (1905 ж. ) жəне Семейде (1907 ж. ) өз бөлімшелерін ашты. Қызылжарда, Семейде жəне Оралда Ярослав-Костромскі жер банкісінің агенттіктері ашылып, қызмет көрсетті
• Бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның əр аудандарында Мемлекеттік банктің - 6 бөлімшесі, акционерлік- коммерциялық банктердің -18 филиалдары, 12 - өзара несие беру қоғамдары, 8 - қалалық қоғамдық банктер, сол сияқты 345 - несиелік жəне ссудалық 14 серіктестіктер жұмыс істеді. Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші орынға ие болды. • ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы банктер - бұл мемлекеттік банктер болды
Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы • 1917 жылы Қазан революциясынан кейін, банк ісінде мемлекеттік монополиялық ұйымдастыру қағидалары жүзеге асты. • 1930 -1932 жж. КСРО-ғы жүргізілген несиелік реформа нəтижесінде жаңа қағидаға негізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылды. Сонымен, күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандырылған банктер құрылды.
• Өнеркəсіп жəне электр шаруашылығындағы күрделі құрылысты қаржыландыру банкі 1959 жылы ”Құрылыс банкі“ болып құрылды. • Көптеген несиелік серіктестіктермен республикалық ауыл шаруашылық банктері негізінде құрылған “Ауыл шаруашылық банкі “ 1959 жылы қысқарып, оның қызметі Мемлекеттік жəне Құрылыс банктері арасында бөлініп беріледі. • Кооперациядағы күрделі құрылысты қаржыландырудың банкі (Всекобанк) 1936 ж. жойылып, оның активі мен пассиві 1959 жылы қысқарған Сауда банкісіне жүктеледі. • Коммуналдық жəне тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 жылы қысқарып, оның қызметі де Құрылыс банкі мен Мемлекеттік банк арасында бөлінді.
Банктік реформалар • Қазақстан Республикасындағы банктік жүйенің қалыптасуы мен дамуы төмендегідей үш банктік реформаға тікелей байланысты: • 1) 1987 -88 жж банктік реформалар; • 2) 1995 ж банктік реформа. • 3) 1996 -1998 жж банктік реформалар.
1987 -88 жж банктік реформалар • Қазақстандағы несие жүйесінің қайта құру тұысындағы дамуы, КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987 -1988 жж. ) сəйкес келеді. Банктік реформа нəтижесінде: КСРО-ның Мемлекеттік банкі жəне Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде - КСРО Өнеркəсіп-құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркəсіп банкі жəне КСРО Тұрғын үй- əлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде – КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде - КСРО Сыртқы экономикалық банк құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кəсіпорындар мен ұйымдарға кассалық жəне несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО-ның Орталық банкісіне айналды.
1995 жылғы банк реформасы. • 1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады. 1990 жылы желтоқсан айында қабылданған “Қаз. КРО-ғы банктер жəне банктік қызмет туралы” алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды. Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған “Қазақстандағы банктік жүйені реформалау” бағдарламасына сəйкес жүзеге асырылды. Нарық экономикасына өту жағдайында жəне экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарады. Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық жəне оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады.
1996 -1998 жж. банктік реформалар. • Бұл реформалар Ұлттық банктің 1996 -1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау бағадарламасына сəйкес жүргізілді. Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсаты - ҚР ұлттық валютасының ішкі жəне сыртқы тұрақтылығын əрі қарай арттыру жəне экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі банктердің жүйесін нығайту.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі: • І кезең. 1988 – 1991 жж. (КСРО-ның тұсында) – мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
• ІІ кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары – рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы жəне дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі. ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша- несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет жəне банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін əмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді. Түрлендіру мынадай үш кезеңді қамтыды: • Бірінші кезеңде (1995 жылдың 1 -ші жартысын) мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100 % мемлекеттік меншікті қалпына келтіру жəне оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондайақ 01. 1992 ж. жағдайға байланысты халық салымдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді. Екінші кезеңде (1995 ж. екінші жартысында жəне 1996 ж. ), Халық банкіне пластикалық дебеттік жəне кредиттік карточкаларды енгізу жəне олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндеті жүктелді.
• Үшінші кезеңде (1997 ж. ішінде), Халық банкісінің алдында Ұлттық банк белгілеген пруденциалдық нормативтерге сəйкес 01. 1998 ж. бастап салымдарды мемлекеттің толық кепілдемесінен ұжымдық сақтандыруға негізделген аралас сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап жəне жекшелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды. Төртінші кезеңде əмбебап банк - Тұран банкіндегі мемлекеттің үлесі (61%, 1994 жылдың сəуіріне) анықталып, ондағы негізгі борышқоркəсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетші банкке берілетін болды. 24 Бесінші кезеңде əмбебап банк - Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі - 40, 3% мөлшерінде (1994 жылдың сəуіріне) анықталды. 1995 жылдың қаңтар айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын Ұлттық банк даярлауға тиіс болды.
• Сонымен, Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру шегінде Экспорттыимпорттық банк (Эксимбанк), Мемлекеттік даму банкі жəне Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған банктер қатарында халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық Жинақ банкі де болды. Мемлекеттік даму банкі – бұл банк экономиканың маңызды салаларында тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға бағытталған үкіметтің қаржы-несие институты болып табылады.
• Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк) – бұл Қазақстан үшін дəстүрлі емес, даму жəне ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру жəне кепілдеме беру үшін Əлем банктен бөлініп шыққан банк. Тұрғын үй құрылыс банкі – бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк. Медетші банк (траст) – бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен “Проблемалық кəсіпорындар үшін госпиталь” ретінде құрылған банк. Бұл банкті құру туралы жарғыға сəйкес, ол небəрі 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша құрылды.
Бақылау сұрақтары • 1) Алғашы банктер қайда жəне қалай пайда болды? 2) Қазақстанға банк капиталының келуінің нендей себептері болған? 3) КСРО-ғы банктің реформаның ерекшелігі мен кемшілігі неде? 4) ҚР тəуелсіздігі тұсындағы банктік реформалардың мақсаты не? 5) 1995 ж банктік реформалардың нəтижелері қандай? 6) 19961998 жж банк жүйесін реформалар нендей өзгерістер əкелді? 7) Банк қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін қалай түсінесіз?
• Елімізде қабылданған “ҚР банктер жəне банктік қызмет туралы” ҚР заңына сəйкес қазіргі ҚР-ғы банк жүйесі екі деңгейден тұрады: - ҚР Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейдегі банк. - өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер.
• Сонымен қатар, бұл банктік реформаның басты нəтижесі - бұл банктік жүйенің тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында халық салымдарын ұжымдық сақтандыру қоры құрылды. Бұл қорды құру уақыты 1997 жылдан кешікпеуге тиіс еді, бірақ əр түрлі себептерге байланысты қор 1999 жылдың аяғында құрылып, өз қызметін 2000 жылдың қаңтарынан бастады.
лекция 1 банк.pptx