бу в банк 2 тапсырмма.pptx
- Количество слайдов: 6
Банкаралық клиринг есебі
Клиринг өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген тауар және қызмет үшін ақшасыз есеп айырысу жүйесі болып табылады. Банктік жүйеде клирингті негізінен банктердің корреспонденттік шоттары құрайды. Клиринг әсерінен есеп айырысулар жеңілдетіледі, арзандатылады және жеделдетіледі, қолда бар ақша қаржысы және осының есебінен есеп айырысуға қатысушылардың пайда және өтімділік деңгейі көтеріледі.
Банк мекемесінде корреспоңдент банк есебіне төлем құжаттарын төлеу кезінде мынадай жазба жасалады: Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары» ; Кт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу» .
Корреспондент банктерден клиентура есебіне төлемдер түскен кезде, мынадай шоттар корреспонденциясы жасалады: Дт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу» ; Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары» .
Клиринг бойынша таза позицияны анықтау кезінде келесі бухгалтерлік жазба жасалады. Жіберілген қаржыдан түскен қаржы артқан кезде: Дт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспоңценттік шоттары» ; 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу» ; Кт 1551 «Басқа банктермен есеп айырысу» . Түскен қаржыдан жіберілген қаржы артқан кезде: Дт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу» ; 1551 «Басқа банктермен есеп айырысу» ; Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік шотгары» .
Клирингтің артықшылығы: - шынайы ақша қаржыларына деген кажеттіліктің аздығы; - өз міндеттемелері өз кінарат-талаптарымен өтеу арқылы есеп айырысуды жеделдету; Клиринггің кемшіліктері: - клирингтік сеансқа қатысу үшін өзара қарсылама міндеттемелердің болу қажеттілігі; - бірінші үлгі клирингін жүзеге асыру кезінде қаржыларды міндетті түрде депозиттеу; - өзара есеп айырысудың оңтайлы нұсқасы, бірақ бұл нақты төлемдерді жүзеге асыруға сәйкес келмейді. Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) қарсылама төлемдер қағидасын қолданады, төлемдерді жүзеге асыру уақыты бір операциялық күнге тең
бу в банк 2 тапсырмма.pptx