лек 5. банк ресурстары.pptx
- Количество слайдов: 32
Банк ресурстарын қалыптастыру және басқару. Коммерциялық банктердің пассивті операциялары Банктерді пруденциалдық реттеу.
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары
Қарастырылатын сұрақтар: Ø Ø Ø Банктердің пассивті операциялардың құрылымы және жалпы сипаттамасы Банк ресурстары Коммерциялық банктердің меншікті, тартылған және қарыз құралдары. Меншікті ресурстарды қалыптастыру бойынша операциялары Банк пассивтерінің жіктелуі. Депозиттік және депозиттік емес операциялары
Банктердің пассивті операциялары ü ü Пассивтерді қалыптастыру кез келген банктің базалық міндеті. Олардың көмегімен банктер активтік операцияларды жүзеге асыруға қажетті ресурстарды құрайды
Банк ресурстары l l “Банк ресурстары” термині “несиелік ресурсы” қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Банк ресурстарының құрылымыналар жатады: l l l Банктің меншікті капиталы. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары. Қазақстанда екінші деңгейлі банктер екі ұйымдық формаларда құрыла алады: акционерлік банк формасында; пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
Қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің пассивтернің құрылымы мен шамасына топтастырылуы Банктердің аттары Міндеттемелері Меншікті капиталы Барлық пассивтері Қазкоммерцбанкі АҚ 383 359 151 39 265 133 422 624 284 ТуранӘлем банкі АҚ 340 308 170 29 670 510 369 978 680 Қазақстан Халық Жинақ банкі АҚ 232 454 217 21 100 904 253 555 121 Алматы сауда қаржы банкі АҚ 86 669 542 9 083 160 95 752 702 Банк. Центркредит АҚ 75 177 638 7 561 962 82 739 600 Нұрбанк АҚ 51 287 682 7 123 368 58 411 050 Каспийский Банкі АҚ 48 772 598 6 161 812 54 934 410
Меншікті қаражаттар Тартылған қаражаттар Жарғылық капитал Депозиттік қаражаттар Пайдадан қалыптасатын қорлар Депозиттік емес қаражаттар
Банктің меншікті капиталы l банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банк меншікті капитал құрылымына әсер етуші факторлар активтер сапасы ü меншікті пайданың пайдаланылуы ü капиталдың бағасын нығайту мақсатына банк саясаты ü
Коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды: l l l жарғылық капитал; резервтік капитал; қосымша капиталдар; банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер); бөлінбеген банк пайдасы.
Меншікті капиталдың қызметтері Қорғаныс қызметі Шұғыл қызмет Айналым қызмет Реттегіштік қызметі Резервтік қызмет
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. l l Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот дебеті бойынша ресурстар, кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді.
l l Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банк ресурстар нарығының құрылу ерекшеліктері l l l Банктер қызметінің тұрақтылығы үшін баланстарының өтімдімділігін қамтамасыз ету Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы ҰБ-тен алған ресурстар банк ресурстардың бір бөлігі болып табылады
Банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін капитал тұрғыдан мынаны орындау қажет l l Пайданың банк қорлар арасында қандай пропорцияда бөлінгенін білу керек Пайданың қай бөлігін ағымдағы пайда мен өткен жылдардағы бөлінбеген пайда құрайды Осы көрсеткіштердің динамика бойынша қозғалысын байқау Банктің пайданың бөлінбеген бөлігінің меншікті қаражаттарына ықпалын зерттеу
Сома, мың тг Үлес салмағы, пайыз Ауытқу Пассив баптары 01. 08 01. 09 мың Меншікті қаражаттар: 13378 13108 1) Жарғылық капитал 10000 2) Қорлар 620 820 3) резервтер 860 1072 4) пайда 800 110 Барлық пассивтер 96000 10900 0 мысал пайыз
Жарғылық капитал l l l банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі - акционерлік капитал. l l Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.
Акционерлік банктер акцияларды төмендегідей жағдайларда шығарылады: l l l l банкті акционерлік формада құру; банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару. Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады: банк пайдасы; акциялар шығару; құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру; облигациялар шығару жатады.
Резервтік капитал l банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры. l Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. l Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер) l Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. l арнайы резервтер жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылады. l Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген банк пайдасы l акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді
Кез келген коммерциялық банктің меншікті капиталының мөлшерін мынадай формуламен анықтауға болады: l l l МК А М мұндағы, МК – банктің меншікті капиталы; А банктің активтерінің жалпы сомасы М – банктің міндеттемелері.
Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12 %-ды (пруденциялық нормативтердегі к 2 -нің мәні) құрайды. l Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80 -ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікір талас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 ж. Базель комитеті келісімінің шешімімен “Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім шарт” негізінде “Кук коэффициенті” деп аталатын капитал жеткіліктігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде, пруденциялық норматив қатарында пайдаланылуда.
Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді: І деңгейлі капитал және ІІ деңгейлі капитал. l l І деңгейлі капиталға: қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда, сол сияқты еншілес компаниялардың бақылаусыз пакеті шегерілген материалдық емес негізгі капитал шамасы жатады. ІІ деңгейлі (қосымша) капиталға: ссудалар бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер, мерзімсіз артықшылығы бар акциялар қосылған екінші дәрежелі қарыздар жатады.
Бірінші деңгейдегі капитал Екінші деңгейдегі капитал Меншікті капитал құрылымы Субординарлық қарыз
2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген “Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы” ережеге сәйкес оларға мыналар жатады: l жарғылық қордың ең төменгі мөлшері; l меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті; l бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері; l өтімділік коэффициенті; l ашық валюталық позиция лимиті; l негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.
меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті; Меншікті капитал (Бірінші деңгейдегі капитал және Екінші деңгейдегі капиталдың қосындысы) Шегерілген Инвестициялар (акцияның және еншілес ұйымдардың, сондай ақ басқа заңды ұйымдардың субординарлық қарызына жұмсалымдар)
Бірінші деңгейдегі капитал Төленген жарғылық капитал l Қосымша капитал l Өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс Шегерілген l Материалды емес активтер l Өткен жылдардағы зиян l Ағымды жылдағы шығыстардың ағымды жылдағы табыстардан артық сомасы l
Екінші деңгейдегі капитал l l Ағымды жылдағы шығыстардың ағымды жылдағы табыстардан артық сомасы Бағалы қағаздар мен негізгі құралдарды қайта бағалау мөлшері Тәуекелді есепке алып өлшенгкн активтер сомасының 1, 25 пайыздан аспайтын сомадағы жалпы резервтер мөлшері Бірінші деңгейдегі капитал сомасының 50 пайыздан аспайтын сомадағы банктің субординарлық қарызы
лек 5. банк ресурстары.pptx