BALANY_1186_TUYL_1170_ANNAN_K_1240_MELETKE_TOL_1170_AN_1170_A_DEJINGI__1256_SIP-DAMU_EREKShELIKTERI.pptx
- Количество слайдов: 24
БАЛАНЫҢ ТУЫЛҒАННАН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛҒАНҒА ДЕЙІНГІ ӨСІП-ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Өсу дегенде ағзадағы жасушалардың бөлініп, жаңаланып, көбеюінен олардың массасының (көлемінің) ұзындығы мен көлденеңіне қарай үлкеюін түсіну керек. Өсуде мүшелердің (ағзаның) денесі үлкейеді. Өсумен бірге ағзаның дамуы да жүреді. Ағзаның жеке дамуы деп тұқым қуалау белгілерінің қалыптасу әсері және сыртқы ортаның әсері арқасында ағзадағы жасуша, мүшелер және жалпы жүйелердің сан және сапа жағынан жетіліп қызметке кірісуін айтамыз. Даму деп бір ағзаның өмірінде қалыптасатын морфофизиологиялық өзгерісін, нәтижеде ұлпалардың мамандануын және мінездің қалыптасуын айтамыз.
Өсу мен даму бір-бірінен ажыратылмайтын жағдай, өйткені өсу мен даму тұқым жасушасының аталануынан бастап өмірінің ақырына дейін созылады. Сонда да болса бұл екеуін бөліп қарау керек. Өйткені түрлі жағдаймен өсу тез болып, даму кеш болуы, кейде даму тез жүріп, өсу кешеуілдеп қалу жағдайлары көп кездеседі. Даму мен өсу бірдей жүрсе де олардың тез не баяу болатыны да ғылымға мәлім. Адамның өсіп-дамып жетілуінде мынадай кезеңдер бар. балалық шақ, жасөспірім, ержеткен (жігіттік) дәуір, толу дәуірі және қартаю (кәрілік) дәуірден өтеді. Бұл айтылған дәуірлердің жас жағынан жетілуі түрлі тұрмыс жағдайына байланысты ерте не кеш өтеді. Мысалы: әрбір отбасыларда, түрлі мемлекеттерде, материктерде. Қазір балаларды жан-жақты зерттеп тексеру арқылы Мәскеудегі балалар және жасөспірімдердің ғылыми-тексеру институты 1968 ж. төмендегідей өсудаму ерекшеліктерін ұсынады (1 -кесте)
Дамудың жас ерекшеліктері (1 -кесте) 1. Жаңа туылған дәуірі – (нәресте) 2. Емізулі дәуірі – (бөбек) 3. Ерте бала шақ – (сәби) 4. Бірінші бала шақ 5. Екінші бала шақ 6. Жасөспірім (бозбала) 7. Жетілу (ер жету) (бой жету) Жынысы бала қыз 1 -10 күн 10 к-1 жас 1 -3 жас 4 -7 жас 8 -12 жас 8 -11 жас 13 -16 жас 12 -15 жас 17 -21 жас 16 -20 жас
Дамудың жас ерекшеліктері (2 -кесте) 8. Толудың І кезеңі 9. Толудың ІІ кезеңі 10. Орта жасар дәуірі 11. Кәрілік дәуірі 12. Ұзақ жасаушылар ер кісі әйел 22 -35 жас 21 -35 жас 36 -60 жас 36 -55 жас 61 -74 жас 56 -74 жас 75 -90 жас 90 ж. жоғары
ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Өсу мен даму үздіксіз жүріп отырады. Бірақ олардың жүру темпі (шапшаңдығы) бір қалыпты болмайды, бірде өсу, бірде даму озып не не қалып отырады деген едік. Осындай өсу мен дамудың толқындалып (булығып) жүруін және жастық дәуірлерге бөлуді ағзаның гетерохронды дамуы деп атайды. Мысалы: 1 жасқа дейін өсу артады. 1 -3 жасқа дейін даму артады, 3 -7 жасқа дейін тез өседі (әсіресе 6 -7 жаста), ал 7 -10 -11 жаста қайтадан даму артады. Ер жетуге (жыныстық), жетілуге байланысты (11 -12 -15 жастарда) өсу мен даму екеуі де өте тез жүреді. Өсудің артуын – бойдың өсу дәуірі (1 жасқа дейін, 3 -7 жаста, 11 -12 -15 жастарда) ал, өсудің баяулауын – дененің жұмырлану дәуірі (1 -3, 7 -10 -77 жастардың арасы).
Өсу мен дамуда жыныстық ерекшелік күшті. 10 -жасқа дейін бала мен қыздар бірдей өсіп дамиды. Қыздар 11 -12 жаста-ақ өте тез өсіп кетеді де, балалар 13 -14 жастан бастап тез өсе бастайды. 14 -15 жаста бала мен қыздардың бойы бірдей болса, балалар 15 жасқа толғанда және тез өсіп кетеді. Сонымен қыздарда өсу 16 -17 жаста тоқтайды, балаларда 18 -19 жаста баяулап, 22 -25 жастарда тоқталады. 1 -сурет- Жасына қарай дене қатынасының сәйкестігі .
Өсудің жас ерекшелігін және денесінің дамуын антропометриялық көрсеткіштермен анықтайды. Оларға: салмағы, бойының ұзындығы, кеуде шеңбері, өкпенің сыйымдылығы т. б. жатады. Мектепке дейін және мектеп жасындағы жастарды морфо- физиологиялық және жантану (психология) санасының жетілуіне қарай былай етіп бөледі. Нәрестелік жасы 10 күн Бөбектік 1 жасқа дейін Балалық шақ (мектепке дейінгі жас) А) алғашқы балалық шақ 1 -3 жас Б) екінші балалық шақ 3 -7 жас Мектеп жасы А) төменгі сынып жасы 7 -12 жас Б) ортаңғы сынып жасы 12 -14 жас В) жоғарғы сынып жасы 15 -18 жас
Қазіргі ғылым жетістіктері жоғарыдағы жас ерекшеліктері бойынша олардың морфологиялық, физиологиялық, әсіресе, жантанулық (психологиялық) дамуы ерекше екендігін дәлелдеуде. Сыныптағы оқушыларға жеке-жеке бақылау жүргізу керек. Өйткені дене өсуімен жантанулық (психологиялық) дамуы бір-біріне өте тығыз байланысты болғанымен кейбір ұл-қыздарда туылмалы кемшіліктер болуы ықтимал. Мысалы, үлкен ми жарты шары, оның қыртысындағы жасушалардың қызметі нашар болуынан балада ақыл деген аз болулығы да кездеседі. Ішкі секреция бездерінің қызметі де түрлі ауру т. б. жағдаймен өзгеруінен жалпы оқушының қабілеттілігіне дұрыс не бұрыс әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайлардың барлығы тілдің (сөйлеудің) шығуына көп әсерін тигізеді. Тіл болса бүтін ой пікірді білдіретін құрал болып есептеледі. Мысалы: сөз арқылы төменгі сынып оқушылары тек көрген заты бойынша ғана айтатын болса, ортаңғы, жоғарғы сыныпта ойлап, сөз арқылы көрген, есіткен нәрселерін толық бейнелеп айтуға көшеді. Сөздегі көптеген жиынтық сөздің (атаудың) мағынасын түсініп, оны қолдана бастайды. Мысалы: көгершін – біреу, құстар көп, жануарлар одан да көп мағынаны білдіреді.
Өсу мен даму өмірдегі тұрмыс жағдайына, үй жағдайына, тамағына, гигиеналық жағдайына, еңбегіне түрлі ауру түріне т. б. қарай тез не баяу болуы мүмкін. Өсу мен даму жыл мерзіміне, климатқа, географиялық жағдайға да байланысты. Мысалы: шілде, тамыз айларында, жазда тез өседі. Күзде салмағы өзгермейді. Мамыр, маусымда салмақтың кемуі де байқалады. Бұл экзогенді фактор делінеді. Енді эндогенді фактор да өсу мен дамуға әсер етеді. Эндогенді факторға тұқым қуалау, жүйке жүйесінің күйі, ішкі секреция бездерінің қызметі жатады.
Акселерация. Жастардың дене (тән) өсулерінің тездеуін, ертерек өсіп жетілуін акселерация дейді. Акселерацияға тез өсу, салмақтың артуы және жыныстық ерте жетілулері жатады. Бұл мәселелермен дүние жүзінің дәрігерлері, педагогтері, антропологтері, социологтері шұғылдануда. Баланың өсіп-дамуын бағалау. Оған баға бергенде мынадай көрсеткіштерді қолданады. 1) Ұзын өлшем көшірме (соматометриялық) – дененің салмағы мен ұзындығы, кеуденің шеңбері, отырғандағы бойы, тұлға мен қол-аяқ ұзындықтары; 2) Пішін өлшем-көшірме (соматокөшірмелік) – кеуде пішіні, арқа пішіні, аяқ пішіні, табан пішіні, сымбат, дене бедері (рельеф), бұлшықет шымырлығының бедері, май басушылығы, жыныстыќ жетілуі; 3) Тәнтірлікөлшем (физио-метриялық) – өкпенің тіршілік сыйымдылығы, қолмен сығымдау күші т. б. Бұл акселерация мәселелерімен дүние жүзінің емгерлері (дәрігерлері); педагогтері, антропологтері, әлеуметтанушылар (социологтері) шұғылдануда
Қазіргі бар, акселерация теориясы мыналар: гелиоген тездеуінің теориясы, конституционалды сұрыпталу теориясы, урбанизация теориясы, нәсілтаптық теориясы, тамақтану (нутритивті) теориясы, тұрмыс деңгейлік теориясы т. б. деп аталады Акселерация теориясы. Гелиоген теориясы. Бұл теория 1936 жылы көтерілген. Ол акселерацияға себепші күн нұрының әсері. ХІХ-ХХ ғасырларда балалар күн нұрының астында көбірек жүрген, соның нәтижесінде олардың өсіп-дамуы артқан. Гетерозия теориясы. ХІХ ғасырдың соңы, ол ХХ ғасырдың ерекшелігі болып саналады. Өйткені адамдардың (балалардың) әлеуметтік, түрлі діндердің және ұлтаралық некелесу географиясы да кеңейді. Осының барлығы тұқым қуалау қасиеттерін өзгерте бастады. Нәтижеде акселерацияның дамуына әкелді.
Қоныс аудару (урбанизация) теориясы. ХІХ ғасырдың екінші жартысында, әсіресе ХХ ғасырда ауыл адамдары қалаға шоғырланды. Үлкен қалаларда (Қытай, Индия, АҚШ, Франция, т. б. ) халық саны бірнеше миллионнан асты, яғни қалаға қоныс теуіп шоғырлануы – халықтың урбанизациясы артты. Осы жағдайлар да балалардың жыныстық ерте жетілуіне, бойы мен салмағының артуына әкелді. Тамақтану (нутритивті) теориясы. Бұл теория авторларының айтуынша акселерацияның дамуы тамақтану деңгейіне, әсіресе дәруіштік (витаминдік) тамаққа тікелей байланысты дейді. Сәулелену теориясы. Бұл теория бойынша рентген қондырғылар торының жер шарына кең жайылуы, онымен бірге атом және сутек (водород) бомбаларыныњ жарылып адамдардыыњ радиоактивті сәулелену асқынуынан балалар ағзасы түрлі өзгеріске ұшырайды. Ол жағдайлар акселерация дамуына апарады.
Теориялық талдаудан байқалатыны акселерация құбылысы тәнтірлігінің механизмі мен жантану барысын (процесін) қамтиды. Бірақ бұл құбылыстың тәнтірлігінтану және жантануы әлі зерттелмеген. Шындығында, акселерация құбылысы біздің планетамызда әр түрлі кешенді факторлардың әрекетінен әлеуметтік жағдайлар қалай болса, тіршіліктік (биологиялық) өзгеруінен іздеген абзал. Қорыта келгенде, біздің ХХІ ғасырымыздың енші-үлесіне берілген балалардың акселерация құбы-лысына байыппен, ықтиятты қарауы-мыз қажет. Халықтың әлеуметтік ортасы: тамақтану, үй-тұрмыс жағдайы, еңбек тәртібі мен демалысты тиімді пайдалану – денешынықтыру мен спорт, туризм және емдеу – ауруға қарсы алдын ала қолданыла-тын шаралар т. б. балалардың, өсіп-дамуының акселерация құбылысына әкелуі мүмкін.
Сондықтан да біздің ғасырымыздағы балабақша жасындағы балалар болсын және мектеп жасындағы оқушылар болсын, олардың білім қоры, зат-дүниетанымдары мол. Мұғалім мен тәрбиешілер балалардың осындай білім-таным қорларын жете, әрбір бала-оқушыны зерттеп жеке біліп, оны оқу-тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданғаны жөн. Мектеп оқу-тәрбие жоспары мемлекеттік құжат ретінде сөзсіз орындалуы қажет. Бірақ ол қатып қалған құжат емес, кейбір жағдайда ол жоспарларда дұрыс келе бермеуі мүмкін. Соған орай балалардың, оқушылардың білім қорына қарай икемдесе оң нәтижесі болады.
ЖАСУША, ҰЛПА, МҮШЕ, ЖҮЙЕЛІ МҮШЕЛЕР ЖӘНЕ АҒЗА ТУРАЛЫ ТӘНТАНУ (АНАТОМИЯЛЫҚ) – ТӘНТІРЛІГІНТАНУЛЫҚ (ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ) ТҮСІНІК
Ағзада (организмде) белгілі бір қызмет атқаратын белгілі пішіні бар, жарғаққабығы, цитоплазмасы, ядросы бар кішкене денені жасуша (клетка) дейміз. Жасушаның негізгі қасиеттері оның қаннан келген тамақты (отынды) және оттегіні (қышқылтымды) қабылдап жандыру (тотықтыру), сырттан түскен әсерден тітіркену, сондай-ақ өсу мен көбею болып табылады. Ағзада белгілі бір қызмет атқаратын құрылысы жағынан ұқсас жасушалар тобын ұлпа (ткань) дейміз. Мысалы: адам денесі төрт түрлі ұлпасы: эпителий, ішкі орта, (қан, сүйек, шеміршек, сіңірлер), бұлшықет және жүйке ұлпасы бар. Ағзада белгілі бір қызмет атқаратын бірнеше ұлпа тобын мүше дейміз. Мысалы: жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр, қантамыры, бездер, құлақ т. б. Ағзада белгілі мүшелердің тобы бірігіп жалпы бір бағытта қызмет атқарса оны жүйелі мүшелері дейді. Мысалы: тірек-қимыл, асқорыту, жүйке, қанайналу, тыныс т. б. жүйелер. Белгілі өмірлік тіршілікті атқаратын жүйелер тобын ағза (организм) дейміз. Мысалы: балық, амфибии, рептилии, құс сүтқоректілер, адамдар - ағзаларға жатады. Өмірлік тіршілік – деп тамақтану, оны сіңіру, өсіп-өну, көбею арқылы өз түрлерін сақтап қалуды айтады.
ЖАСУША ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Жасуша туралы түсінік қазіргі кезде өсімдіктер мен жануарлар және адамдардың да тіршілігінің құрылым-қызметтік (функциалды) негізі – осы жасуша екені толық анықталып отыр. Өйткені жасушада тамақтану, ыдырау, тітіркену, өсу, көбею, яғни барлық өмірге керек әрекеттер жүреді. Сондай-ақ түрлі аурудың түрі де, тұқым қуалау белгілерінің атадан балаға берілуі де осы жасуша арқылы атқарылады. Жасушалардың құрылысындағы әрбір мүшесінің қызметтері: Мысалы: жасушаның жарғақ – қабығы (мембрана) тек еріген ионды заттарды сүзіп өткізсе, митохондриялар жасушаға күш-қуат беретін мүше. Эндоплазма торы, рибосомдар белоктарды синтездеуге (сіңіруге) қатынасады. Лизосомда асқорыту сөлі бар. Центриол болса жасушаның бөлінуіне қатынасады. Ядрода хромосом бар. Ол нәсілдік белгілерді өзіне жинақтап тұқым қуалауға жәрдем етеді т. б.
ЖАСУШАНЫҢ ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН АППАРАТЫ Жасушаның тұқым қуалайтын аппараты қазіргі ғылым жетістігіне қарағанда негізгі генетикалық информациясы жасушаның хромосомындағы ДНК-да шоғырлануы байқалады. Оны ДНК-ның құрылысын анықтағаннан кейін ғана айтуға мүмкін болады. Ондағы молекула саны онша көп емес, барлығы төртеу-ақ: оның екеуі пуринді – аденин (А), гуанин (Г), ал қалған екеуі пирамидин туындысы – тиамин (Т) және цитозин (Ц). Бұл негіздер екі хромосом бойына тізбектеліп орналасқан. Тізбегі де өте тәртіпті байланысқан. Мысалы: аденин – тиминмен (А + Т), ал гуанин – йитозинмен (Г + Ц). Генетикалық информацияның барлығы алдымен өте күрделі жол-мен ДНК-ға жазылады. Одан соң РНК-ға беріледі. РНК болса рибосомға берік беріліп ақуыздық синтез жасалады. Жасушада үш типті РНК – болады. Хабаршы РНК – хабарлайды. Тасушы (шабарман) РНК – жеткізіп байланыстырушы. Рибосомды (жандырушы) РНК – осы жерде соғылады. Бұлар атына лайық жұмыс істейді. Яғни, 20 -ға жуық амин қышқылдарын хабарлап, реттеп, байланыстырып соғып шығады. Бұл жұмысқа ЛНК-дағы 1000 -ға жуық нуклеотидтер қатысады. Осы нуклеотидтер денедегі барлық нәсілдік хабарларды өзіне біріктіріп (жазып) алады. Осылайша белгілер (ген) тұқым қуалап отырады. Жеке даму кезінде ата-аналарына қарағанда өзгешеліктер-дің пайда болуы осы нуклеотид-тердегі өзгерулермен пайда болады. Оларды мутациялық құбылыс дейді. Мутацияныњ пайдалы, зиянсыз, зиянды және нәсілді құртатын да қасиеті болады екен. Оларды генетика – зерттейді.
БАЛАНЫҢ ӨСІП-ДАМУЫ Ұрықтанған бір жасуша тездеп өсіп-дамып көп жасушалы ағзаға айналады. Ол былай болады. Ұрықтанған жасуша – зигота бөліне бастайды. Адамдарда алдымен 2, 3, 4 бластомерлер пайда болады. Олардың кейбірі жәй, кейбірі тез дами бастайды. Оның бір қабатын тамақтану қабаты (трофобласт) дейді. Ол жатырға келгенде оның денесіне батып кіріп қантамырлары-мен жалғаса бастайды. Трофобластың ішінде бір топ эмбриобласт орналасқан болады. Осы эмбриобластан келешек ұрық (зародыш) өсіп жетіле бастайды. Бұл айтылған жағдай бір аптаның ішінде өтеді. Трофобласт ұрықтың (зародыш-тың) өсуіне байланысты ана денесінен тамақ т. б. керекті нәрселерді жеткеріп беру үшін шырышты қабатқа тереңдеп жалғасып бала орнына (плацентке) айналады. Эмбриобласт дамуы нәтижесінде эктобласт пен эндобласт деген бөлімдерге бөлінеді. Ол екеуі бірігіп қосылып, ұрықтың (зародыштың) қалқанын түзеді. Ұрықтың қалқаны жапырақтанып үшке бөлінеді. Сыртқы ұрықтық жапырағын – эктодерма, ортаңғы ұрықтық жапырағын –мезодерма, ал ішкі ұрықтық жапырағын – эндодерма деп атайды.
Бұл айтылған өсіп-дамулар 13 -16 тәулікте өтеді де, көлемі 2 -3 мм болады. Эмбрионалдық дамудың 20 күнінен асқанда кіндіктің қантамырлары, онымен бірге жүйкелер де ұрықпен байланысып плаценттік қанайналу жолы жұмысқа кіріседі. Ұрыққа ана денесінен тамақ, оттегі жеткізілуі, керексіз нәрселердің шығарылуы күшейгендіктен, оның өсіп-дамуы да арта түседі. Нәтижеде ұрық жасушасының өсіп-дамуы, (гистогенез) мүшелері-нің өсіп-дамуы (органогенез) жоға-рыда айтылған үш ұрықтық жапырақшалардан пайда бола бастайды. Келешек баланың өсіп-дамуы кезінде эктодермадан: жүйке жүйесі, тері оның туындылары тырнақ, шаш, тістің эмальдары т. б. ; эндодермадан ішек-қарындар, оның эпителилері, асқорыту бездері, тыныс жүйелері, т. б. , ал мезодермадан қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, несеп-жыныс жүйелері, іштік, ішперде, өкпе мен жүрек қалталары (үлпершектер) және ішкі орта ұлпалары (қан, дәнекер ұлпа) ішкі мүшелердің бірыңғай салалы бұлшықеттері жетіледі.
Бұл мүшелердің қалыптасуы үш апталық эмбрионда басталады. Олардың басын, құйрығын және буылтықталған денесін байқауға болады. Төрт аптада бас, желбезек доғасы мен саңлауы, құйрығы жетіледі. Бала екі айлық болғанда қол-аяқтар қалақ секілденіп пайда болады. Желбезек саңлауы мен доғасы жойылады. Бет пішіні, сыртқы жыныс мүшелері қалыптаса бастайды. Хорда толық шеміршекке айналады. 3 айлық балада туылғандағы баланың толық бейнесі қалыптасып қалады. Шеміршектері сүйекке айнала бастайды. Баланың ұзындығы 65 мм жетеді. 5 айда ұзындығы 25 см болып үстін түк басады. 6 айда қас пен кірпік шығады. 7 айлық бала кәрі адамдай мыржым-тыржым болып, 8 -9 айлық болғанда оның терісінің астындаѓы майлар жаңа туылған бала күйіне келеді. Жаңа туылған баланың, нәрестенің төбесінен табанына дейін өлшегенде ұзындығы 49 -50 см, салмағы 3200 -3500 г аралығында болады.
Тұқым қуалау және орта Тұқым қуалау заңдылықтарын өте жас, єрі қажетті ғылым саласы генетика, ал сыртқы ортаның әсерін экология деген ғылым тексереді. Тұқым қуалауда генетиптік және фенотиптік заңдылықтар болып отырады. Генетип дегеніміз ата-анасының барлық белгілері (ген-дерінің) ұрпаққа берілуін айтамыз. Мысалы: баласы атасына толық ұқсаулары. Түсі, бойы да, ойы да ұқсауы. Фенотип дегенде генетиптегі берілген белгілерге жеке даму кезінде түрлі ішкі, сыртқы ортаның пайдалы не зиянды болуынан қалыптасқан жаңа белгілерді түсінеміз. Мысалы: тамақ жетіспеуінен, не аурудан бір кезде туылған бала не қыздың ата-анасына қарағанда кішкентай болып өспей қалуын алуға болады. Керісінше түрлі себеппен бойы биік болып өсуі немесе жүйке жүйелеріндегі аута-цияға байланысты қабілеттерінің артып кетуі де болады. Ішкі ортаға тамақтың, ағзаның вегетативтік қызметі (зат алмасу, газ алмасу, эндокринді мүшелері) жатады. Сыртқы орта абиотикалық және биотикалық болып бөлінеді. Олардың абиотикалық ортасына өлі табиғаттар (ауаның құрамы, судың құрамы, топырақтың құрамы), ауа райы, қысымның өзгеруі т. б. жатады. Бұлардың ағзаға әсері өте күшті. Биотикалық ортаға бізді (жануарларды) қоршаған тірі ағзаны, жыртқыштық, паразиттік, түр аралық күрес, пәтершілдер (басқа ұяларды пайдаланатындар), симбиоздық т. б. жатады. Олардың да бір-біріне әсері күшті болып тұрады.
BALANY_1186_TUYL_1170_ANNAN_K_1240_MELETKE_TOL_1170_AN_1170_A_DEJINGI__1256_SIP-DAMU_EREKShELIKTERI.pptx