Оразбаева Асем-1.ppt
- Количество слайдов: 29
БАЛАНЫҢ КҮТІМІН КҮН ТӘРТІБІН ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША АНАСЫМЕН НЕМЕСЕ ОНЫ КҮТЕТІН АДАММЕН ӘҢГІМЕЛЕСУ
Қабылдаған: Иманбекова Қ Орындаған: Оразбаева Ә Жм-115
Сәби күтімі.
Сәбидің бөлмесін дайындау. Ана мен жаңа туған нәресте перзентханадан келгенге дейін, олар үшін ең жарық бөлмені немесе бөлменің ең жарық бөлігін дайындап, ондағы барлық заттарды шығарып тастау қажет. Алдын ала шағын косметикалық жөндеу жасап жіберген абзал, егер бұл белгілі бір себептер бойынша мүмкін болмаса, бөлмені жуып, тазалау қажет.
Үйдегі шаңда сәбиге үлкен қауіп төндіретін микроп көп болады, ал таза ауа балаға оның өкпесінде ауа айналымы дұрыс жүруі үшін қажет, бұл көптеген аурулардан алдын алады. Бөлмені ең кемі 3 рет желдетіп отыру қажет: таңертең, күндіз және кешке. Жылы уақытта терезені немесе желдеткіш терезені ашып қоюға болады. Бөлме температурасының 20 -22 градус болу қажеттігін ұмытпаңыз. Жаңа туған нәрестені күтуге арналған заттардың барлығын, соның ішінде киімдерін, алдын-ала дайындалған бөлмеге қойған дұрыс. Бұл шаралар алғашқы апталардағы нәрестенің күтімін айтарлықтай жеңілдетеді, өйткені сәби үйге келгенде, әдетте, әуре-сараң көбейіп кетеді
Кіндікбау қалдықтарын күту. Кіндікбаудың қалдығы кірленіп кетпеуі және ертерек кебуі үшін күніне 2 рет жасыл дәрімен тазартып отыру қажет. Оның айналасы қызарып кеткен болса немесе кіндік жарасынан қандай да бір сұйықтықтар бөлініп жатса, педиатр көмегіне жүгіну қажет. Баланы шомылдыру. Баланы перзентханадан келген күннің ертесінен бастап шомылдыра бастау қажет. Алғашқы күндерінен бастап, кіндік жарасы толық жазылғанға дейін, баланы қайнатылған және қызғылт түсті марганцовка қосылған суда шомылдырған дұрыс.
Баланы шомылдыру үшін қажетті заттар: 1) Кішкентай ванна (фаянс, эмаль немесе пластмаса) 2) Қайнаған сумен шаюға арналған ыдыс 3) Судың температурасын өлшеуге арналған термометр 4) Бала сырғып кетпеуі үшін ваннаның түбіне орамал немесе төсеме 5) Сүрту үшін үлкен жұмсақ орамал (тек қана сәбиге арналған) 6) Жеке басының бұйымдары (кішкентай тарақ, жұмсақ сусабын, балаларға арналған сабын, мақта тампондары) 7) Сәбидің киімдері, таза жаялық
Сәбиді тәуліктің кез-келген уақытында шомылдыруға болады, бірақ ең дұрысы баланы емізер алдында (сағ 21 -де) шомылдыру. Кешкі уақытта күнделікті шомылуға шартты рефлексін қалыптастыру бала өмірінің келесі кезеңдері үшін аса пайдалы болуы мүмкін. 6 айға дейін жастағы дені сау сәбиді күн сайын, ал 6 айдан асқан сәбиді күн ара шомылдырған жөн. Күн ыстықта сәбиді кез-келген жаста, күн сайын шомылдыру керек.
Баланың терісін күту. Баланы күнде жуындыру қажет. Алғашқы 6 күн бойы сәбидің бетін қайнаған сумен жуады. Әр көзін жеке мақта тампонымен шетінен ішке қарай сүртеді, одан соң бетін таза шүберек немесе жұмсақ орамалмен құрғатады. Мұрын тесіктерінің әрқайсысын ширатылған мақтамен тазартады. Баланың тырнағын өскен сайын алып отыру қажет. Сәбиді әр үлкен дәреттен кейін, міндетті түрде, жылы ағын сумен жуып-жаю қажет. Қыздардың сыртқы жыныс мүшелері үлкен дәрет қалдықтарымен кірленбеуі үшін, алдынан артына қарай жуады. Содан соң таза шүберек немесе жұмсақ орамалмен сүртіп, шап және бөксе іркістеріне балаларға арналған
Аналардың назарына: бала күтімі бойынша кеңестер Анасына нені жасаудың қажеті жоқ? 1. Бала аурып жатқанда, немесе қандай да бір сырқаттан айығып келе жатқанда; баланың өмірінде үлкен өзгеріс орын алғанда – көшу, балабақша бару, анасының жұмысқа шығу кезінде оны емшектен шығарудың қажеті жоқ. Егер мұндай жағдай жоспарда бар болса, онда емшектен шығаруды осының алдында не одан кейін жүзеге асырған жөн, өйткені үстін-үстіне қабаттасқан өзгерістер бала психикасына ауырпалық көрсетуі мүмкін.
2. Емшектен шығару кезіндегі ең кең тараған кеңес, бұл – бір жаққа кетіп қалу. Бірақ баласы бұған дейін анасымен айырылыспаған болса, онда оның бірден жанына жақын екі нәрседен айырылып қалуы сәбидің жағдайын нашарлатуы мүмкін. Ал анасы келгенде, сәби оған бұрынғыдан қатты жабысуы мүмкін.
3. Емшек ұшына ащы нәрсе, мысалы бұрыш жағып қою кеуденің терісін күйдіріп алуға немесе нәзік терінің тітіркенуіне алып келуі мүмкін. Ал балада бұл тіпті өскенге дейін есінде қалып қоятын сол жағылған затқа деген жиіркеніш тудыруы мүмкін
4. Егер анасы түнгі емізуді бөтелкедегі сүтпен не қант қосылған сумен алмастыратын болса, бұл баланың тіс жегісіне алып келуі мүмкін. 5. Соңында айта кетерлік жайт, баланың және өзіңіздің күйіңізді бақылаңыз. Егер балада стресс белгілері байқалатын болса (тұтығып қалу, түнгі ұйқысының мазасыз болуы, күндіз анасына «жабысуы» , тістеу әдетін шығарса), бұл емшектен шығару бала үшін тым жылдам өтіп жатыр деген сөз. Ал егер анасы қатты шаршағыштық сезіп, жүйкесі жұқарып, емшегі толып кете беретін болса, - бұл, емшектен шығару анасы үшін тым қарқынды өтіп жатқанының белгісі
Емшектен шығару кезінде не істеуге болады? 1. Ең алдымен, бүкіл отбасы болып емшектен шығаруға бел буу керек (егер анасы мұны жасау қажет деп таныса). Әкесі мен әжесі ана мен сәбидің өмірінде қиын кезең өтіп жатқанын түйсініп, қол ұшын беруге даяр болулары қажет. Отбасында бір ниет болып, бірігулері қажет. Отбасында біреу – тіпті анасы болсын! – баланы ең сүйікті тағамынан айырып жатқанына жаны ашуы дұрыс болмас…
2. Анасы бұл кезеңде жылы шырайлықты молынан танытып, баланын жарақаттамайтын, шошытпайтын қарқында әрекет етуі қажет – олай болмаған жағдайда, мұның бәрі кері әсерін береді, бала оны ең сүйікті ісінен айырғалы жатқанын түсініп, «берілмеймін» деген ойды ұстануы мүмкін. Анасы өзіне-өзі ашуланбай, баласының қырсығуына да шыдамды болуы керек, оның кінәсі жоқ қой. Ашусыз, көз жасынсыз, жұмсарта, бірақ сенімді әрекет ету керек.
3. Анасы емшектен шығаруды күндізгі емізу санын қысқартудан бастауы қажет. Ең бастысы, балаға ана сүтін емуді есіне салатын барлық жағдайларды болдырмауға тырысу. Бұл дегеніміз, баланың алдында іш киіммен жүрмеу, алды ашық киім киюден бас тарту деген сөз. 4. Анасы баласының жанында іссіз отырмауы керек, өйткені әдетте, осындай жағдайларды пайдаланып, бала анасының алдына шығып, еміп жатады. Бұрын бала міндетті түрде емуді көздейтін жағдайларды болдырмауға тырысу керек (мысалы, бұрын бала анасы телефонмен сөйлесіп отырғанда, емген болса, енді телефонмен сөйлескенде отырмай, сөйлесуді тезірек аяқтау қажет).
5. Баламен бірге қызықты істермен айналысу қажет, мысалы ортақ бір ойындар, баламен емізуден тыс, қатынас жасау керек – күресу, құшақтау, массаж жасау. Балалар, әдетте, қонаққа не серуендеуге шыққанда, емуді сұрамайды, ол емгісі келгенде, оның сүйіп жейтін азығын бере қою керек (печенье, жеміс, шырыны бар бөтелке т. б. ). 6. Егер баласы ананың кеудесіне ұмтылып жатса, анасы мұны көрмегенсуі не түсінбегендей болуы қажет. Бала өз дегенінен қайтпады ма? Оның ойын басқа бір қызықты нәрсеге аударып жіберіңіз. Терезе алдына құстарға қарауға алып барыңыз, жақсы көретін ойынын ойнауды, сүйікті кітапшасын оқуды ұсыныңыз… Егер, сәби расында да ему керек болып тұрса, ол бұл ойынан бас тартпайды, мұндай жағдайда, оның талабын орындаудан басқа шара жоқ
7. Күндізгі ему саны қысқарған соң, күндіз ембей ұйықтауды үйрету керек болады. Ұйықтату рәсімін ұзартып, оған жаңа элементтер қосуға болады (ертегі айтып беру, ән айту, арқасын не кеудесін сипалау). Егер туыстардың көмегіне жүгіну мүмкіндігі болса, оны пайдалануға болады, негізінен, бұл міндетті емес. Тағы бір әдіс: анасы дауыстап бір маңызды істі жасау есіне түскенін айтады да, қазір келемін деп кетіп қалады.
Алғашқы да бұлай кетіп қалып, 20 -30 секундтан кейін қайтып келіп, баланы әдеттегідей ұйықтатасыз. Барған сайын бұл аралық ұзара береді. Ең бастысы, анасы не үшін кетіп бара жатқанын айтып кетуі керек, сонда бала анасын іздеп бара қалса, сол іспен айналысып жатқанын көруі керек (мысалы шай демдеу, ойыншық жинау). Осылай болған жағдайда, анасы баласына ашуланбай, ісін бітіріп, барып баласын ұйықтатады да, келесі жолы мені осы жерде жатып күт деуі керек. Осылай қайталанған соң, бір күні қайтіп келіп, анасы баласының тәттә ұйқыда жатқанын көреді. 8. Ұйқыдан тұрған кезде емізбеу үшін, ол тұрған кезде, анасы жанында болмауы керек. Сізді тауып алған соң, оның көңілін қызықты не дәмді нәрсеге аударыңыз (сусын не тамақ болсын, бәрібір). Алғашқыда емізуге де болады, бірақ бірден емес, бірер минуттан соң.
9. Сәби күндіз өзі ұйықтап, тұруды үйренген соң, сол әдіспен кешкі ұйықтау кезіндегі емізу де қысқарады. Егер анасы сенімді және асығыссыз әрекет еткен болса, онда сәби түнгі уақытта өзі барған сайын сирек еметін болады. Және, керісінше, егер анасы дұрыс әрекет етпеген болса, онда бала түнде көбірек еміп, немесе басқа нәрсені сору әдетін тауып алады, мысалы саусағын сору. Мұндай жағдайда бірнеше қадамға кері қайтып, кішкене күте тұру қажет. Бәлкім, бір-екі аптадан соң, жағдай өзгерер.
10. Соңғы қадам ретінде түнгі емізулер саны біртіндеп қысқартылады. Алғашында, бала еміп ұйықтап қалған соң, түсінде еміп жатқанда, оянып кетпесе, емшекті аузынан алу қажет. Барған сайын түнгі ему ұзақтығы бірнеше минутқа дейін қысқарып, жай ұйықтатудың бір жоралғысы ретінде ғана қалуы тиіс. Ал анасы белгілі бір уақыт бойы баланы ұйықтатпаса, ол түнде барған сайын сирек оянады, содан соң белгілі бір уақытта түні бойы еш ембестен ұйықтап шығуы мүмкін. Бұл сәтте пайдаланып, баланы мүлдем емізбей-ақ қоюға болады. Баланы түнде емуді мүлдем доғарғанша, емізбейтін түндердің санын біртіндеп арттыра отырып, бірнеше уақыт күте туруға да болады
Тамақтандыру Тамақтану – кез келген организмнің табиғи қажеттілі-гі. Дұрыс тамақтанбайтын немесе тағамдық заттарды жет- кіліксіз мөлшерде қабыл- дайтын балалардың түрлі вирустық ауруларға бейім келетіндігі, сондай-ақ оларда дамып келе жатқан бүйрек, бауыр, өкпе ауруларының ағымы ұзақ болатындығы дәлелденген. Тамақ арқылы сәби өзі-нің дамуы үшін қажетті ақуыздарды, минералды тұз-дарды, суды, сондайақ ферменттерді алады. Ананың ақуызымен жаңа туған балаға иммундық жүй-енің барлық құрамы келеді де, оның организмі әртүрлі жұқпалы аурулардан қорға-нып, дұрыс жетіледі. Сондық-тан ана сүтін емген бала ауырмайды. Дана бабала- рымыздың «уызына жары-маған» деген сөзі бекер айтылмаған. Тағам – дәрумендер көзі. Бұлар ферменттермен бірге түрлі күрделі заттардың жеңіл сіңетін компоненттерге айналуын қамтамасыз етеді.
Ақуыздар – адам орга-низмінің құрылыс материалдары. Ақуыздар құрамына жасушалардың барлық түрле-ріне қажетті түрлі азотты қосылыстар енеді. Ақуыздар олардың құрамына кіретін аминқышқылдарға қарай ерекшеленеді. Бүгінгі күні ғылым- ға 21 аминқышқылы белгілі. Бір жасқа дейінгі бала-лардың майларға деген қажеттілігі жоғары. Дәлірек айтсақ, оларға 1 кг салмаққа 7 грамға дейінгі мөлшерде май қажет. Бұл осы жастағы балалардың барлық жүй- елері мен маңызды ағза-ларының қарқынды дамуына байланысты.
Майлар өте нәрлі зат-тарға жатады, өйткені олардың құрамында майда еритін А, Д, К және Е дәрумендері, иммундық үде - рістерге әсер ететін фосфатидтер мен эссенциальды май қышқылдары бар. Табиғатта құрамы мінсіз май болмайды. Мысалы, сүт майларында А мен Д дәрімендері мол болғанмен, Е мен К дәрумендері өте аз. Соңғылары өсімдік майларында көп. Өсімдік майларында сондай-ақ линол және линолен қышқылдары көп болса, жануар майларында бұлар мүлде жоқ.
Емшектегі сәби үшін ең қолайлысы – ана сүті-нің майы. Ол фосфатид- тер мен қанықпаған май қышқылдарына бай. Сондықтан жақсы сіңеді. Тағамда көмірсулардың болуы майлардың дұрыс сіңірілуіне көмектеседі. Кө-мірсулар ең алдымен – қуат көзі. Мәселен, емшек сүтінде көмірсулар майлардан екі есе көп. Негізінен, бұл – сүт қанты. Бұл сиыр сүтімен салыстырғанда ана сүтінде 1, 5 есе көп.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Хабижанов Б 2. Шабалов 3. Асқанбай К
Назарларыңызға рахмет!!!
Оразбаева Асем-1.ppt