
Исаев Ерке.pptx
- Количество слайдов: 15
Баланс өтімділігін талдау Исаев Е. Т
Мазмұны: 1. Баланс өтімділігінің ұғымы. 2. Активтерді олардың өтімділігі бойынша топтастыру. 3. Міндеттемелерді жеделдік дәрежесі бойынша топтастыру. 4. Өтімділікті бағалау және талдау.
Баланс өтімділігінің ұғымы Баланс өтімділігін талдауды қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның «өтімділігін» анықтап алу керек. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі. Балабанов өтімділікке келесідей анықтама береді: «шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады.
Баланс өтімділігінің ұғымы Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Ағылшын авторларының «Бухгалтерлік талдау» атты еңбегінде «фирманың өтімділігі – оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру қабілеттілігі» деп көрсетілген. «Өтімді» - «ақшаға оңай айналатын» деген ұғымды білдіреді. Шеремет келесідей анықтама береді: «Берілген актив ақшаға айналу үшін уақыт неғұрлым аз керек болса, соғұрлым оның өтімділігі жоғары» . Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Басқаша сөзбен айтқанда, кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды ( активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігі. Өтімділік кәсіпорынның төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы әрдайым теңдікті көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігн бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін зерттеу қажет.
баяу өткізілетін активтер, ең өтімді акивтер Активтерді олардың өтімділігі бойынша топтастыру. тез өткізілетін активтер; қиын өткізілетін активтер.
Активтерді олардың өтімділігі бойынша топтастыру. Ең өтімді активтер: әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады. Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар - айналым қаражаттарының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады. Тез өткізілетін активтер: бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш, басқа да активтер жатады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, олар өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен және банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышты да қосады.
Активтерді олардың өтімділігі бойынша топтастыру. Баяу өткізілетін активтер: тауарлы-материалдық қорлар, ұзақ мерзімді инвестициялар. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ, бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, бұған уақыт керек. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске байланысты. Мысалы, немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Ал американ кәсіпорында аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосады. Қиын өткізілетін активтер: ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер. Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді активтер алады.
Міндеттемелерді жеделдік дәрежесі бойынша топтастыру: Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады: неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер; қысқа мерзімді міндеттемелер; ұзақ мерзімді міндеттемелер; тұрақты міндеттемелер.
жұмыскерле рге берілген қарыздар уақытында төленбеген кредиторлық борыш Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер
Міндеттемелерді жеделдік дәрежесі бойынша топтастыру қысқа мерзімді несиелер жұмыскерлерге арналған қарыздар. заемдар Қысқа мерзімді міндеттемелер:
Ұзақ мерзімді міндеттемелер: ұзақ мерзімді несиелер заемдар. Тұрақты міндеттемелер: пассив бөлімінің капитал баптары.
Өтімділікті бағалау және талдау. Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады: А 1 > П 1 А 2 > П 2 А 3 > П 3 А 4 < П 4 Егер активтің үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жылдам өтімділік коэффициенті (Кж. ө. ) : Көрсеткіш деңгейіне белгіленген талап бойынша ағымдық міндеттемелердің 100 теңгесіне 100 теңгеден кем емес абсолютті активтер мен дебиторлық берешек сомасы келуі тиіс. Егер өтімді активтерде дебиторлық берешек үлесі басым болса, онда жоғарыдағы қатынастың да мәні жоғары болуы тиіс.
Ағымдық өтімділік коэффициенті (Кағ. ө. ) : Яғни, кәсіпорын төлем қабілетті болуы үшін ағымдық активтер сомасы ағымдық міндеттемелер сомасынан ең кемі екі есе көп болуы тиіс. Жалпы өтімділік коэффициенті (Кж. ө. ) - салыстырмалы түрге келтірілген активтер сомасының салыстырмалы түрге келтірілген пассив сомасына қатынасы:
Назарларыңызға рахмет))))
Исаев Ерке.pptx