СУЙЕК.pptx
- Количество слайдов: 21
Балалардағы сүйек зақымдану ерекшеліктері Орындаған: Жаппаров. С Қабылдаған: Нарманов. К
Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі б ө лім Сан сүйегінің сынуы Сан сүйегінің проксималды метаэпифизінің сынуы Ортан жіліктің үлкен ұрпшығының эпифизиолизі Сан сүйегінің диафизінің сынуы Нәрестенің ортан жілігінің диафизінің сынуы ІІІ. Қ орытынды
Төменгі тірек қимыл аппаратының зақымданулары арасында жамбас сан сүйектерінің сынуы 4 -8% дейін кездеседі. Жамбас сүйегінің жабық сынуы балаларда жиі кездеседі, ал алшақ сынығы 5 пайызда кездеседі. Бұл балалар организмінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі, яғни олардың сүйектерінің майысқақтығы, сүйек қабы футлярының мықтылығы, тері мен жұмсақ тіндерінің жоғары серпімділігімен түсіндіріледі. Габерс каналдарының торы сүйектің бітісуін жеделдетеді. Сынудың орналасуына байланысты сан сүйегінің жоғарғы, ортаңғы және төмеңгі бөлігі сынуларын ажыратады. Жоғарғы бөлігінде сан сүйегі мойынының метафизалды, латералды, ұршықтан тыс және ұршық асты сынуларын және үлкен, кіші ұршықтардың үзілулерін ажыратады. Сан сүйегінің жоғарғы 1/3 бөлігіндегі зақымданулар сирек кездеседі. Көбінесе сан сүйегінің диафизінде жйі кездеседі. Төмеңгі 1/3 бөлігінде айдаршық үсті және айдаршықтан тыс сынулар (24, 9) кездеседі. Сан сүйегінің мойны қабықпен жабылмаған, ол ұршық тұсын едәуір айқын жабады. Мойны буын қабы ішінде қалады. Дөңгелек байламның артериясы мен (үлкендерде бұл артерия облитерацияланған) және ұршық аралық сүйек іші артериясы мен сондықтан сүйегінің басы проксималды сынса солқұрлым қанмен аз қантамасыз етіледі. Төртінші ерекшелігі мойын диафизарлық бұрыш 127 градус (115 -135 гр) тан төмен болса, солқұрлым мойнына салмақ түсетіндіде, егде адамдарда осы тұстағы сынудығ жиілігінің дәлелі.
Жіктелуі Сан сүйегінің (ортан жіліктің) жоғарғы ұршық және ұршықаралық эпифизиолиздері. Диафиздегі Төмеңгі метаэпифиздегі Сан сүйегінің ұшындағы сынықтар балаларда өте аз кезігеді. (эпифизиолиздермен мойын тұсы сынуы). а) бас тұсындағы б) субкапиталды (6 жасты) в) бас аралық (транссервикалды) г) базалды сынық аумағы-ұршық аралық Сан сүйегінің мойын сынықтары а) қалыпты мойын – диафиздік бұрыш б) варустық кірмеген сынық в) вальгустік (кірген) сынық Розер –Нелатон сызығы (бұзылады) а) Куслик сызығы
Сан сүйегінің проксималды метаэпифизінің сынуы Сан сүйегінің проксималды бөлігінің сынуының орналасу жеріне байланысты буын ішілік (эпифизиолиз, остеоэпифизиолиз, мойын сынуы) және буыннан тыс ( ұршық сынуы, үлкен және кіші ұршықтарының өсу аймағында апофиз үзілулері). Сан сүйегі басы эпифизиолизі сирек кездеседі. Кей жағдайда зақымдану сызығы өсу пластинкасының маңынан өтеді, Бұл зақымдануда остеоэпифизиолиз деп бағалаған дұрыс. Сан сүйегі мойнының сынығы сирек болады және ересек балалар жарақатында кездеседі. Балаларда сан сүйегінің проксималды бөлігінің сыну механизмі: аяқты жазып, жамбас сан буынының сыртқы беті мен биалаларда сан сүйегінің проксималды бөлігінің сыну механизмі: аяқты жазып, жамбас сан буынының сыртқы беті мен бйіктіктен құлау. Бұл сынықтың балалардағы ерекшелігі жарақаттаушы күш шамалы болса да пайда болады. Сан сүйегінің үлкен ұршығының жекелеген сынуы соққыдан не құлау кезіндегі жарақат әсерінен болады. Үзілу апофизарлы сызық деңгейінде. Сан сүйегінің кіші ұршығының жекеленген сынуы үзілгіш сынықтарға жатып, мықын –бел бұлшық етіне кенеттен күш түскенде пайда болады. Кіші ұршықтың үзілуі апофизарлы шеміршек деңгейінде.
Клиникалық көріністері Зақымданған жерде қозғалыс және пальпация кезінде ауырсыну , ісіну, аяқ функциясы аса бұзылмаған. Сан сүйегінің прксималды метаэпифизі зақымданғанда аяқ сыртқа айналып, әкелінген жағдайда. Науқас көлденең жазықтықта өкшесін көтере алмайды. Өкшесінің төсекке жабысу «симптомы» -Гирголов симптомы- «оң» - шап артериясының пульсациясы күшейеді, сынған аяғын көтере алмағанмен тізе мен жамбас сан буындарында бүге алады. Рентгенография диагнозды дәлелдейді.
Емі: Ортан жілік (сан сүйегі) метафизінің сынығында және жарақаттың эпифизиолизінде Беллер шинасына аяғын салып шетке тері арқылы 3 -4 кг салмақпен 2 -2, 5 ай тарту қажет. Коксит гипстен таңуын аяқты шетке 30 -45 градуске тартып, ішке қарай бұрай салады. Сан сүйегі басының эпифизиолизнде, мойнымен және айдаршық бойымен сынығы, ығысса шетке барынша аяқты алшылайды. Кишнер сымын төмеңгі метафиз арқылы өткізеді, өсіргіш аумақтан жоғары алып, жабысқақ баумен, клеолмен таңу жеткіліксіз, өйткені мойын-диафиз бұрышымен ығысуын түзете алмайды. Эпифизиолизде сүйек қаңқасы арқылы тартуды екі ай мерзімнен соң доғарып, балдақпен аяққа салмақ салмай 1, 5 ай жүргізуге болады, себебі өсіргіш аймақтың жарақаттануы аяқ ұзындығы кеміп қалмауы үшін мойын және сан сүйек ұршық арқылы аяғынан сынықтарды 3 -4 жұма тартып, 1, 5 -2 айға балтырдың төмеңгі 1/3 бөлігіне дейін коксит гипстеп таңуын салады, операция арқылы емдеу балаларда үлкендерге қарағанда тмүлдем қолданылмайды, қолданса Б. И. Гайдай, Н. П. Лапшин үлгілерінде. Емдеу барысында қан мөлшерін толықтырады, микро-макро элементтер беріп ККБ, АТФ және Д, А, Е, В 12, С витаминдерімен толықтыру қажет. Мумие және СЭТ –энзимдер, магниттік және Су –джок, прополис берілсе, сүйек сүйелінің тез жетілуіне ықпал етеді. В. П. Пожарскиидің дәлелдеуі бойынша ортан жіліктің сыну барысында 500, 0 -1 л шейін сынық тұсында қан жоғалады, сол кеселдің 1/3 бөлігін эритроцит бөлшегін құйып, қалғанын қан тәріздес сұйықтықтар құюлар арқылы толтырады, физиоемдеумен, массаж жасаған жөн.
Ортан жіліктің үлкен ұрпшығының эпифизиолизі Бұл жағдай балаларда өте сирек кездеседі, үлкен ұршыққа тікелей салмақпен ұрылғанда ортанғы және кіші бөксе бұлшық еттерінің мөлшерсіз жиырылуынан өскіш ядросына зақым түскендіктен болады. Аз кездесуі ортан жілік тұсындағы тарамыс-сүиек қабының синхондрозының мықтылығына байланысты. Клиникасында үлкен ұршық тұсы ісініп, өскіш ядро тұрысының сүйектенуімен мета-эпифиз шеміршегнің арасының алшақтануын рентгеннен көруге болады. Емдеуі-а) консервативтік тәсілі, аяқтың 2 -3 кг салмақпен 10 -12 күнге жабысқақ баумен тартып, шинаны 45 градус шекті 15 күннен соң аяқпен өздігінен жүргізуге болады. Кіші ұршықтың апоэпифизиолизі. Бұл да өте сирек кездесетін жарақат. 17 -19 жаста толық 12 -14 жастан басталған өскіш ядросының сүйектенуіне байланысты 10 -12 жастағы балаларда кездеседі. Жамбас-санының бүгіп, сыртқа қарай бұрғанда, мықын-бел бұлшық етінің қысқарылуы осы тұсқа зақым келтіреді де, содан осы жарақат болуы ықтимал.
Клиникасы Людлоффа симптомы-жарақат алған аяқтың жамбас сан буынының бүгілмеуі осы жарақатқа тән. Бұл жайда баланы отырғызып(тік бүккіш бұлшық еттің жұмысын кірістірмей) тексерген жөн. Қолмен басып көргенде, кіші ұршықтың тұсы және мықынбел бұлшық еті мен пупарт байламы тұстарында ауырсынуы және сызықтар мен бұрыштар өзгеруі байқалады. Рентген суреті дәлелдейді. Емдеудің жабысқақ баумен жамбас сан буынының бүгіп, ішке қарай аяқты айналдыра 3 -4 жұмаға бекітеді
Сан сүйегінің диафизінің сынуы Көбінесе бұл сыну балалар сынықтарының ішінде 10 пайыз (Н. Г. Дамье) диафиздің сынуы жиі кездеседі, (ортаңғы бөлігінде). сыну деңгейіне байланысты: жоғарғы диафизарлық , ортаңғы 1/3 бөлігінде және төменгі сынықтар болады. Сынықтың түріне байланысты көлденең, қиғаш, винт тәрізді, жарықтанған сынуларды ажыратады. Сүйек сынықтарының ығысуы әсер етуші күшке, сынық денгейінесәйкес, және бұлшық еттердің жиырылуына байланысты. Рахит пен ауыратын емшек жасындағы балаларда сан сүйегінің терек бұтағы» типті сынуы тән. (А. Т. Темірқұлов, А. О. Тергеубеков).
Нәрестенің ортан жілігінің диафизінің сынуы Бала туылып келе жатқан кезде аяғынан тарта қозғағанда, жоғарғы және ортаңғы диафиз бөлігінде ортан жіліктің сынуы мүмкін. Диагноз қою аса қиын болмайда, орағанда жаялығына салып нәресте аяғының сан тұсындағы ауырсынуы, қолмен басып көргендегі сықырлық, патологиялық қозғалысы, перкуссияда- ауырсынып жылауы, аяқтың қысқа, бір аяғынан жуандау толық болып көрінуі мүмкін. Рентген суреті сынық тұсын анықтайды. Емдеудегі мақсатымыз аяқтың осын түзетіп, сынық ұштарын қалпына келтіріп, денесіне таңып (дене мен аяғының арасына помазидан дәкеден баланың терісі үлбіреп қалмау үшін) 10 -15 күнге байлайды. Жабысқақ байлаумен Шаде және Мадсен әдісімен жүргізіледі, вертикалды тарту бұлшық еттің эластикалық қасиеті мен сынық ұштары қайта ығысып орнына қалыптасады. Егер нәрестені (вертикалды) тігінен тарта алмайтындай жағдайда Кредо-Кефер әдісімен тізесін жамбас сан буындарын бүгіп, санды алдымен ішіне таңады. Шабына мақтадан аралық салып, базаланып кетпеуін қадағалайды. Бұдан да тәуір емдеу тәсілі венилпластан жасалған жартылай төсенішке тізесін бүгіп, аяғын шетке алшақтатып жатқызу.
Нәрестенің ортан жілігінің диафизінің сынуы Жоғарғы үштігіінен сынғанда орталық сынық ұшы мықын –бел бұлшық етімен бөксе беттерінің жиырылуынан алдыға қарай ығысады, төмеңгі сынық ұшы әкелу бұлшық етіне байланысты ішке қарай ығысады, ортаңғы үштіктен сынғанда осы бағыттарда аздап ығысады, ал төмеңгі үштік тұсынан сынғанда балтыр бүккіш және жазғыш бұлшық еттерінің әсерінен ось бойы жіәне артқа қарай ығысады. Клиникасы мен дигнозын қою аса қиын емес, ауырсыну, деформация, аяқтың қысқаруы, қимыл әрекетінің бұзылуы, патологиялық қозғалыс, сықырлақтық пайда болуы байқалады. Сан сыртқа қарай бұрылады, аумағы қан құйылғандықтан тіндердің жарақаттануынан ісінуі, қан сүйек сынғанда 1 л дейін ағып, балаларды міндетті түрде шокке әкеледі. 3 жасқа дейіңгі балаларда сынық клиникасы аздап көрнексіз, себебі толық сынбаса, сүйек қабы асты кіре сынуларда қолмен басып немесе перкуссия әдісін жасағанда сынық тұсында ауырсыну болады. Рентген суретімен сынықтың түрін анықтаймыз
Емдеу тәсілі Тасымалдауда шинаны 3 буынды жамбас сан, тізе, балтыр-табан буындарын бекітеді. Балаларды ең бірінші шоктан шығару қажет. Барлық іс әрекетіңізді 10 -15, 0 2 пайыз новокайнга спирт қосып, сынық тұсында блокада жасаудан бастаңыз. Бірден –бір емдеу әдісі болып қаңқа арқылы тік тарту болса, ал 3 жасқа дейіңгі балаларда жабысқақ баулар арқылы тарту болып саналады. Диафизарлық сынықтарды емдеу барысында кезігетін қателіктер: Қаңқа арқылы тартуда тарту салмағын дұрыс есептемесе, сынық ұшы арасын созып немесе орнына жеткізіп тарта алмаған жайларда. Киршнер сымын буынға тым жақын, жоғары кіргізсе, сымды тағаға салып, дұрыс соза алмаса, жұмсақ тіндер кесіліп, ісініп тіпті іріңдеуі де мүмкін. Қақа арқылы тартуды мерзімінен бұрын алып, аяққа салмақ түсіруде қайта ығысуғы әкеліп соғады. Жұмсақ тіндер интерпозициясында операциялық ем жүргізіледі. Ортан жіліктің төмеңгі бөлігінің сынуы, төмеңгі эпифиздің эпифизиолизі 10 -12 жастағы балалар арсында кезігеді және ол метафиздің астындағы тіндермен бірге қозғалып, эпифизиолизіне әкеліп соғады, кейде тіпті айдаршықпен бірге жұлынып кетуі мүмкін. Жарақатты алуда тізе буынының шектен тыс жазылуы, соғылу салмағының тікелей осы тұсқа түскеннен пайда болады. Клиникасын ортан жіліктің төмеңгі эпифизі орнынан тайғанын, буынға қан құйылғанынан ауырсынып, тізені бүге немесе жаза алмауынан біледі. Рентген суретінен анықтайды.
Емдеуде наркоз беріп, баланың эпифизиолиз болған ортан жілік тұсынан қалпына келтіріп тізені бүккен қалпында гипспен таңуды алдыңғы жағынан 3 -4 жұмаға салынады. Гипспен таңуды алған соң, ДШЕ - ның физио, массаж, инемен, магнитпен емдеп, микро-макроэлементтерімен энзимдерді беріп, буын тіндерінің жұмысын реттейді, 4 -5 жұмада толық жазылады да, аяғының функциясы қалпына келеді. Егер эпифизиолизі дұрыс орнына салынбаса, ортан жілік өскіш ядросының жарақаттануы қысқаруы мүмкін.
переломы
Пайдаланылған әдебиеттер 1. 2. 3. 4. 5. 6. “Балалар ауруларының пропедевтикасы” Б. Түсіпқалиев, Ақтөбе 2002 ж “Педиатрия” Б. Х. Хабижанов , С. Х. Хамзин ІІ том Алматы 2012 “Амбулаторлық – емханалық педиатрия” Е. Т. Дадамбаев Алматы, 2010 http: //karapuz. kz/pages_out. php? cid=830 http: //puzkarapuz. ru/content/1611 http: //ilive. com. ua/health/hronicheskiy-holecistit-u -detey_76576 i 15937. html
СУЙЕК.pptx