Ба ара с ресіні қ ү ң т

















alpysbay_marғulan.pptx
- Размер: 155.9 Кб
- Автор:
- Количество слайдов: 17
Описание презентации Ба ара с ресіні қ ү ң т по слайдам
Ба ара с ресіні қ ү ң т сіндірмесі ү Орында ан: Алпысбай Мар улан ғ ғ Тексерген: М хитдинов Рашид ұ
Бақара сүресі әл-Бақара сүресі ( араб. : ةرقبلا ةروس суратуль-Бақара) (Құрбанға шалынған сиыр) Қасиетті Құран Кәрімнің екінші әрі ең ұзақ сүрелерінің бірі. Бұл сүре 286 аяттан құралған, әрі жалғыз ең ұзақ аят ул-Курси (2: 255) осы сүреге кіреді. Бақара сүресі мединелік сүре болып есептеледі. Бақара сүресі көбіне фиқһ саласына, мемлекетке қатысты, құлшылыққа қатысты, күнделікті өмірге қатысты мәселелер қарастырылды. Өйткені, Медине қаласында өмір құндылықтары пайда болды. Намаз, үйлену, басқа дін өкілдеріне үйлену, ажырасу , процентке ақша алу, беру сияқты сұрақтарға жауап берілген болатын.
Сүре атауы жайлы қысқаша мәлімет Сүре атауы Израиль ұрпақтарының біреуі өз нағашысының байлығын йелемдену мақсатында оны өлтіріп, басқа адамдарға кінә тағады. Израиль ұрпақтары бұл даудамайды шешу мақсатында Мұса пайғамбарға жолықты. Мұса пайғамбар Аллаһ Тағалаға бет бұрып, мұның шешімін сұрайды. Сонда Аллаһ Тағала Израиль ұрпақтарына: «Сол уақытта Мұса (Ғ. С. ) қауымына: “Алла, бір сиыр бауыздауларыңды бұйырды” деді. Олар: “Бізді келемеж қыласың ба? ”, -деді. Мұса (Ғ. С. ): “Надандардан болудан Аллаға сиынамын” деді. (2: 67) Олар: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, бізге оның не екенін білдірсін” деді. (Мұса Ғ. С. ): “Алла, ол сиыр кәрі де емес, жас та емес, соның арасында” дейді. “Ал енді бұйрылғанды орындаңдар” деді. (2: 68) Олар: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, бізге оның түсін білдірсін” десті. (Мұса Ғ. С. ): “Алла, ол сап-сары сиыр, оның өңі көрушілерді сүйіндіреді дейді” деді. (2: 69) Олар тағы: «Раббыңа біз үшін жалбарыншы, о немене? Бізге білдірсін. Өйткені бізге (басқа сиырға) ұқсас келді. Әрине Алла қаласа тура жолда боламыз» десті. (2: 70) (Мұса Ғ. С. ) расында Алла: «Ол сиыр қорлық көрмеген, жер жыртпаған, дін аман онда дақ жоқ дейді» деді. Олар: «Міне, әзір шындықты келтірдің» десті. Сонда олар, істегілері келмесе де оны бауыздады. (2: 71) Сол уақытта біреуді өлтірдіңдер де сол жөнде таластыңдар. Алла жасырғандарыңды ортаға шығарды. (72) Сөйтіп өлікті оның кейбір мүшесімен қағыңдар дедік. Алла осылайша, өлікті тірілтіп сендерге белгілерін көрсетеді. Әрине ойланарсыңдар. (2: 73) Және содан кейін де жүректерің қатайып, тастай немесе тағы қаттырақ болды. Өйткені тастар жарылып, одан өзендер ағады. Әрі кей тастар қақ бөлініп, одан су шығады. Әрине кей тастар Алладан қорқып, құлайды. Алла істегендеріңнен ғапыл емес. (2: 74)»
• Бақара сүресі көбіне яһудилерге байланысты түсірілген болса, • Әли Имран сүресі көбіне христиандарға байланысты түсірілген.

Хадис Имам Тирмизи Әбу Һурайрадан (р. а. ) риуаят еткен хадис шәріпте Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ): «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар! «Бақара» сүресі оқылған үйге шайтан кірмейді» , – деген. Ал, Имам Даримий риуаят еткен хадис шәріпте Абдулла ибн Аббас (р. а. ): «Кім «Бақара» сүресінің он аятын басынан төрт аятты, аятул-күрси және одан кейінгі екі аят пен сүренің ең соңғы үш аятын түнде оқып жатса, сол түні сол үйге шайтан кірмейді» , – деген. «Бақара» сүресін оқығанның осындай мол қасиеті бар. Дегенмен, осы уағызымыз аталмыш сүренің алғашқы бес аяты, яғни, мүмин-мұсылмандардың сын-сипатының тәпсірі жөнінде болмақ.
Хадис «Екі захраны оқыңдар. Әли Имран мен бақара адамдардың жүректеріне нұр береді. Ол екеуі қиямет күні бұлт секілді келеді. Адам қиналған стінде бұлт болады немесе қалықтап ұшқан құстар секілді келіп, иесіне көлеңке болады. Соны оқыған адамға жоласып, шапағатшы болыңдар» . (Бухари) «Бақара сүресін оқыңдар! Осы сүрені жаттау, оқу – берекелі. Оны тастау- қасірет. Оны сиқыршылар жоя алмайды» . (Муслим)
Бақар сүресінде келтірілген адамдардың діни дәрежесі • Мүминдер • Кәпірлер • Мұнафиқтар

Мүмин адамның белгісі • Жүректің иманы • Намаз оқиды • Алла берген несібені Алла жолында жұмсайды Зекет, садақа, мустахаб болған нәрсенің барлығы Алла несібесі болып есептеледі. Құлшылықпен бірге, дүние шығару адамның иманы болады.
Кейбір адамдардың ашкөздік танытуы туралы Пенде екі амалды істесе, «барын сақтап, жоғын аулайды» . Кейбір адамдар намаз оқып, бірақ барын үлестірмесе, жүрегінде ақауы болады. Құран Кәрімде: « «Мына адамдар (бес күндік) дүниені жақсы көріп, ауыр күнге (ақыретке) мән бермейді» (Инсан сүресі, 27 -аят). Яхия ибн Муғаз былай дейді: «Асыл жанды пенде Аллаға асылық танытпас, шын данагөй дүниені ақыреттен жоғары қоймас» .
Кәпір деп кімді айтамыз? Кәпірге мына топтарды жатқызсақ болады: • Әлемді жаратқан Жаратушының бар екендігіне сенбейтіндер; • Жаратушыға сенгенімен, оның ортағы жоқ, жалғыз екендігін қабыл етпейтіндер; • Алла бар, ортағы жоқ, жалғыз екендігіне сенгенімен, пайғамбарлық сенімін жоққа шығаратындар; • Алла бар, ортағы жоқ және пайғамбарлықты хақ деп қабылдағанымен, Мұхаммедті (ғ. с. ) Алланың елшісі ретінде қабыл етпейтіндер.
• Кәпірлердің о дүниеде баратын жерлері мәңгі тозақ. Бұл ахыреттегі жазасы. Ал бұ дүниеде мұсылмандармен байланыста, келісімде өмір сүріп жатқан адам кәпір де болса, құқығының тапталуына жол берілмейді. • Диханшыны да араб тілінде сөздік мағынасында «Кәфир» дейді. Яғни, егін еккенде топырақ ішіне дәнді көметіндіктен ( «жасыратындықтан» ), оны сөздік мағынасында «Кәфир» деп атаған. Құран Кәрімдегі: «Дүние – бір төгіп өтіп, егісін көгерту арқылы диқандарды қуантып тастайтын өтпелі жаңбыр секілді» , – деген аятта диқаншыларға «куффар» сөзін қолданады.
Мұнафиқ • Имандағы мұнафиқ: Ішінде сенім келтірмейді, сыртында «мұсылманбыз» деп жүргендер. • Амалдағы мұнафиқ: Парыз намазды үйде, оңаша қалғанда оқымайды, дос-жарандар көзінше парыз намазды оқиды.

Хадис • «Төрт нәрсе мұнафықтың белгісі: Аманатқа қиянат жасау, өтірік айту, сөзінде тұрмау және сотта өтірік айту. (Хадис шәриф – Бұхари) • «Мұнафық – екі отар арасында қалған қой сияқты, бірде мына отарға қосылады бірде арғы отарға қосылады. » (Хадис шәриф – Сүлукул-Уләма) • «Ей Аллahым! Мен мұнафықтықтан, алауыздықтан және жаман мінез-құлықтан саған сиынамын. (Хадис шәриф – Сүлукул-Уләма)
Пайдаланылған әдебиеттер • Алтай Х. Құран Кәрім. Қазақша мағына және оның түсінігі • Ерсін Әміре Әбу Юсуф. Құран тәпсірі. «Әл-бақара» сүресінің 1 -25 аяттарының тәпсірі. • Мухаммад ибн Салих аль-Усаймин. Тафсир. Сура «аль-Бакара» 1 -113 аяты. • Тафсир ас-Саади. Сура Бакара. 1 -25 аят

