Bagaly_kagazdar_narygyn_meml_retteu.pptx
- Количество слайдов: 15
Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу Орындаған: Оспанова А. С Саулетова С. Б
• Бағалы кағаздар нарығын мемлекеттік реттеу — бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің басты құралы.
• Бағалы қағаздар нарығындағы қатынастардың күрделілігі, оның ауқымы, нарыққа тән тәуекел, оған қатысушылардың қауіпсіздік мүдделері ондағы жұмыстың егжей-тегжейлі стандарттары мен ережелерін қабылдау, сондай-ақ реттеу мәселелеріне түрлі мемлекеттік органдар мен өзінөзі реттеуші ұйымдарды тарту қажеттігін талап етеді.
• Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар мен мемлекет мүдделерінің көптеген ұстаным бойынша сай келуі туындаған мәселелерді оралымды түрде шешудің әдісі ретінде өзін-өзі реттеуді пайдалануға мүмкіндік береді.
• Бағалы кағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мына қағидаларға негізделген: • ел аумағында нарықты реттеудің нормативтік негіздерінің, режимінің, әдістерінің бірлігі; • мемлекеттің аз араласуы және өзін-өзі көп реттеу; • тең мүмкіндіктердің болуы; • бағалы қағаздар нарығындағы бәсекеге мемлекеттің ынталандыруы;
• бағалы қағаздар нарығында түрлі жобаларды мемлекеттік қолдаудың жария бәйгелестікпен бөлінуі; • нарықта жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорындардың коммерциялық кәсіпорындардан артықшы лығы болмауы; • нарыктың кәсіпқой қатысушылары көрсететін қызметтің бағасын мемлекеттік реттеуден бас тарту; • бағалы қағаздар нарығын реттеу жүйесін дамытудағы сабақтастық.
• Бағалы қағаздар нарығын реттеу • Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты — ішкі және сыртқы — реттеуге болады.
• Ішкіреттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т. б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы. • Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.
• Бағалы қағаздар нарығының міндеті - бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық каражат жұмсауды камтамасыз ету болып табылады.
• Бұл міндеттерді шешу бағалы қағаздар нарығында қызмет етуші делдалдардың - брокерлер мен инвеетициялық дилерлердің қатынасуынсыз мүмкін емес. Тек қана солар бағалы қағаздар нарығын қандай жағдайда да, қашан, қандай шартпен және қандай бағалы қағаздар шығару қажет екендігін біледі.
• Реттеудің түрлері: • мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін мемлекеттік органдар шұғылданады; • нарықтың өзін-өзі реттеуі, немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі. • қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдык пікір арқылы реттеу.
• Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар ісшаралар арқылы нарыққа жанама араласу.
• Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі.
• Қорыта айтқанда, бағалы кағаздар нарығындағы кейбір іс-әрекеттер мемлекеттің немесе нарыкка кәсіби қатысушылардың реттеу әрекеттерін жүргізуіне негізгі себепші болуы мүмкін.
Назарларыңызға рақмет!
Bagaly_kagazdar_narygyn_meml_retteu.pptx