3 практика.pptx
- Количество слайдов: 10
Бәсекелестік бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, тұрағы, т. б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастардың көрінісі. Бәсекелестiк байланыстардың түрлерi әртүрлi, ол қарапайым физикалық күрестен басталып, бейбiт бiрге өмiр сүруге дейiн барады. Алайда, ерте ме кеш пе экологиялық қажеттiлiгi ортақ болса, бiр түр екiншiсiн ығыстырып шығарады.
Кезінде Ч. Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған. Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Мысалы, кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу арқылы популяциясын реттеуі жатады.
Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айқын білінсе, бірде онша байқалмайды. Сондықтан эколог Г. Ф. Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл әрине қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес басқа да (мінез-құлық, тұрағы үшін, аумақтық т. б. ) факторлардың жетіспеуінен де болады.
Г. Ф. Гаузе мынадай тәжiрибе жасаған. 2 пробирка алып, iшiне шөптен жасалған танба құяды. Оларға туфельканың 2 түрiнiң өкiлдерiн жiбередi, Paramecium aurelia жєне Paramecium caudatum. Пробиркада олар жақсы көбейедi. Содан соң 2 пробиркадағы таңбаны араластырады, бiраз уақытқа дейiн туфелькалардың көбеюi қалыпты жүредi, содан соң Р. caudatum саны бiрте-бiрте азайып жоқ болып кетедi. Ал Р. aurelia саны тұрақты күйiнде қалады.
Бәсекелестердiң мұқтаждары неғұрлым ұқсас болса, бәсекелестiк соғұрлым қатаң болады. Бәсекелестiк күресте жеңiп шыққандар ұрпақ қалдыру мүмкiндiгiне ие болады. Бәсекелестiк күресте жеңiлгендер жойылады. Сөйтiп, түр iшiндегi бәсекелестiктiң негiзгi нәтижесi популяциялар дивергенциясы болып табылады.
Бәсекелестiктiң екi түрi – тiкелей және жанама бәсекелестiк кездеседi. Тiкелей бәсекелестiк даралардың бiрбiрiне тiкелей ықпал етуi арқылы жүзеге асырылады. Жанама бәсекелестiк- даралардың аралық буындар арқылы жүретiн бәсекелестiгi, оны әдетте, пайдаланушылық бәсекелестiк деп атайды.
Бәсекелестiк кез-келген шектелген ресурсқа, сондайақ көбею және паналау үшiн қолайлы орындарға байланысты туындауы мүмкiн. Түр iшiндегi бәсекелестiк көп жағдайларда территориялық, яғни жекелеген жануарлардың немесе олардың топтарының өз территорияларын қоруынан байқалады. Кез-келген шектеулi ресурс үшiн бәсекелестiк, әдетте жануарлардың кеңiстiкте бiркелкi орналасуына әкелiп соғады.
Назарларыңызға РАҚМЕТ!!!
3 практика.pptx