
Tema_13.ppt
- Количество слайдов: 9
Бүйректер және басқа сыртқа шығару мүшелерінің қызметі
Жоспары: Сыртқа шығару жүйесі Бүйректің құрылысы Нефронның құрылысы Бүйрек қызметінің реттелуі Терінің құрылысы мен маңызы
Сыртқа шығару жүйесі Зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, ағзаның ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы зор. Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше оын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше, салмағы 120 -150 г. Сырты дәнекер ұлпасымен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады. Нәрестенің бүйрек массасы 11 -12 грамм, 1 жаста-37 -38 грамм, 5 жаста-55 -57 грамм. Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20 -30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі.
Бүйректің құрылысы 1 – бүйректің қыртыс заты; 2 – бүйректің жұмсақ заты; 3 – бүйрек бағаналары; 4 – бүйрек қойнауы; 5 – үлкен тостағаншасы; 6 - бүйрек астаушасы; 7 – кіші тостағаншасы; 8 – зәрағар.
Бүйректе сыртқы қызғылт қоңыр түсті қыртыс қабаты және ішкі ортаңғы ақшыл милы қабаты болады. Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен құралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1 -1, 2 млн. Несеп нефронда түзіледі және екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Несептің түзілуі күрделі уш қызметтің нәтижесі: 1. Фильтрация - нефронның капилляр шұмағындағы сүзілу. 2. Реабсорбция - иірімді каналдардағы кері сүзілу. 3. Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсенді секрециялық қызметі.
Нефронның құрылысы 1 – бүйрек денешігі; 2 – нефронның ирек түтігінің бастамасы; 3 – зәр жинағыш түтігі; 4 – нефронның соңғы ирек түтікшелері; 5 – түтікшелердің тор тамырлары; 6 – нефронның тұзағы; 7 – пирамида түбіндегі доға венасы; 8 - пирамида түбіндегі доға артериясы; 9 – аралық артелиялар; 10 – денешік шумағына әкелуші артериолы; 11 денешік шумағынан әкетуші артериолы.
Бүйрек қызметінің реттелуі Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері ОЖЖ, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына беріледі. Ал афференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормоның қанға шығарады.
Терінің құрылысы мен маңызы Адамның терісі 3 қабаттан тұрады: 1. Эпидермис – сыртқы қабат. 2. Дерма – ортаңғы қабат. 3. Гиподерма – ішкі қабат. Ең қалың – сыртқы қабат, қалыңдылығы 1 -2, 5 мм. Бұл қабатта меланин өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін пигментіне байланысты, егер ол аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса – қоңырлау, ал тым көп болса – қара қоңыр болады. Дерма қабатының жасушалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда капиллярлар мен нерв ұштары болады. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал торлы қабатындағы дәнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметің атқарады.
кератин капиллярлар май бездері жүйке ұшы шаш тері асты май қабаты шашты тік тұрғызатын бұлшық еттері май секреті жүйке май бөлшегі шаш қалташасы қан тамырлары тер безі
Tema_13.ppt