Azamattyk_kukyk.pptx
- Количество слайдов: 27
Азаматтық Кодекс — жүйеленген бірегей заң шығарушылық акт. Азаматтар мен заңды тұлғалардың қатысуымен пайда болатын мүліктік қарым-қатынастарды және осыған байланысты мүліктік емес жеке қарым-қатынастарды реттейді. Егер заң баптарында арнайы көзделмесе, бір тараптың екіншісіне әкімшілік жолмен бағынуына негізделген мүліктік қарымқатынастарға, әсіресе, салық жөніндегі және т. б. бюджметтік қарымқатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды. Қазақ ССР-інің азаматтық Кодекі қабылданғанға дейін (1963) республикада жалпы одақтық азаматтық заң нормалары қолданылды. Ел экономикасының нарықтық қарымқатынастарға көшуіне байланысты ҚР Азаматтық Кодексінің жалпы бөлігі қабылданды (1994 жылы 27 желтоқсанда). Ол үш бөлімнен: 1) жалпы ережелерден; 2) меншік құқысынан және т. б. заттық құқытардан ; 3) міндеттемелік құқықтан тұрады.
Жайлин Ғ. А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім. – Алматы: Заң әдебиеті, 2006. – 378 бет. Оқулықтың 1, 2 томдарында автор шарттық және шарттық емес міндеттемелік құқықтық қатынастар-дың оның көзқарасы бойынша ең маңызды болып келетін тұстарына тоқталады, сонымен бірге азаматтық құқық курсының мазмұнын алуға қойылатын барлық қажетті талаптарда орындал-ған. Жалпылама екі томда ерекше бөлімнің көптеген сұрақтары қарастырылады. Интеллектуалдық (ой) меншік құқығы, мұрагерлік құқық қаралмаған. Халықаралық жеке құқық аспектілері де жүйелі қарастырылған. 20 -ма тараудан тұрады.
Азаматтық құқық дегеніміз —азаматтық заңда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде. Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңестірілген.
1. 2. 3. Азаматтық құқықтың қайнар көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы (Ата Заңы) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін кез келген нормативтік-құқықтық актілер (жарлықтар, қаулылар, шешімдер, т. б. )
1 -ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ 1 -бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар 2 -бап. Азаматтық заңдардың негiзгi бастаулары 3 -бап. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары 4 -бап. Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы 5 -бап. Азаматтық заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы 6 -бап. Азаматтық заң қалыптарының түсiнiлуi 7 -бап. Азаматтық құқықтар мен мiндеттердiң пайда болу негiздерi 8 -бап. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру 9 -бап. Азаматтық құқықтарды қорғау 10 -бап. Кәсiпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау 11 -бап. Кәсiпкерлiк еркiндiгiн пайдаланып қиянат жасауға жол бермеу
1. Жеке тұлғалар: 2 -тарау, 12 -бап. Жеке тұлға ұғымы Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Егер осы Кодексте басқаша белгiленбесе, бұл тараудың ережелерi барлық жеке тұлғаларға қолданылады. - 14 жасқа дейінгі (2 -тарау, 23 -бап) - 14 -18 жас аралығы (2 -тарау, 22 -бап) - Толық қабілеттілік (2 -тарау, 13 -бап, 17 -бап) - Қабілеттілігі шектеулі (2 -тарау, 27 -бап) - Қабілеттілігі жоқ ( 2 -тарау, 26 -бап)
2. Заңды тұлғалар 33 -бап. Заңды тұлға ұғымы 1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. 2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады
3. Акционерлік қоғам 4. Еншілес ж/е тәуелді акционерлік қоғам 2. Шаруашылық серіктестік 1. Жалпы ережелер 5. Өндірістік кооператив 6. Мемлекеттік кәсіпорын Заңды тұлғала р 7. Коммерциял ық емес ұйымдар
Азаматтық құқықтар объектілері 3 -тарау 115 -146 -баптар Жалпы ережелер 115 -128 баптар Бағалы қағаздар 129 -140 баптар Мүліктік емес өзіндік құқықтар 141 -146 баптар Қаржы құралдар ы 128 -1 бап, 128 -6 бап.
2. Шаруашылық серіктестік Толық серіктестік Сенім серіктестігі ЖШС Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік • 63 -71 баптар • 72 -76 -баптар • 77 -83 -баптар • 84 -бап
3. Акционерлік қоғам 85 -93 -баптар 85 -бап. Акционерлiк қоғам ұғымы 1. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. 2. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi. 3. Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе. 4. Акционерлiк қоғамның құқықтық ережелерi, акционерлердiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен құрылған немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады. 5. Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкiн.
4. Еншілес ж/е тәуелді акционерлік қоғам 94 -95 -баптар 95 -бап. Тәуелдi акционерлiк қоғам 94 -бап. Еншiлес ұйым 1. Жарғылық капиталының басым бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады. 2. Еншiлес ұйым өзiнiң негiзгi ұйымының борыштары бойынша жауап бермейдi. Еншiлес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған мiндеттi нұсқаулар беруге құқығы негiзгi ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшiн жасалған мәмiлелер бойынша еншiлес ұйыммен бiрге субсидиарлық жауапты болады. Негiзгi ұйымның кiнәсiнен еншiлес ұйым банкрот болған жағдайда негiзгi ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады. 3. Егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, еншiлес ұйымның қатысушылары негiзгi ұйымнан оның кiнәсiнен еншiлес ұйымға келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуге құқылы. 4. Еншiлес ұйымдар ережелерiнiң осы бапта көзделмеген ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалады. 1. Егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады. 2. Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға тәуелдi акционерлiк қоғам акцияларының тиiстi бөлiгiн сатып алғаны туралы мәлiметтi заң құжаттарында көзделген тәртiп бойынша дереу жариялауға мiндеттi. 3. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, акционерлiк қоғамдардың бiр-бiрiнiң жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбiр жарғылық капиталдың жиырма бес процентiнен аспауға тиiс. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлiк қоғамдар басқа қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында жиырма бес проценттен артық дауысты пайдалана алмайды. 4. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына тәуелдi және өзара қатысатын акционерлiк қоғамдардың осы бапта көзделмеген жағдайының ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалады.
5. Өндірістік кооператив 96 -101 -баптар 96 -бап. Өндiрiстiк кооператив туралы жалпы ережелер 1. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. 2. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. 3. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша Өндiрiстiк кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. 4. Өндiрiстiк кооперативтiң және оның мүшелерiнiң құқықтық жағдайы осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi.
6. Мемлекеттік кәсіпорын 102 -104 -баптар 102 -бап. Мемлекеттiк кәсiпорын туралы негiзгi ережелер 1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға: 1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген; 2) оралымды басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады. 2. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды. 3. Мемлекеттiк кәсiпорындардың фирмалық атауында оның мүлкiн меншiктенушi көрсетiлуге тиiс. 4. Мемлекеттiк кәсiпорын уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. 5. Мемлекеттiк кәсiпорынның органы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк орган тағайындайтын және оған есеп беретiн басшы болып табылады. 6. алынып тасталды 7. Мемлекеттiк кәсiпорынның құқылық ережесi осы Кодексте және өзге заң құжаттарында белгiленедi.
7. Коммерциялық емес ұйымдар 105 -110 -баптар Мекеме 105 бап Қоғадық бірлестіктер 106 -бап Қоғамдық қор Тұтыну кооперативі Діни бірлестік Қауымдық нысандағы бірлестік 107 -бап 108 -бап 109 -бап 110 бап
Мәмілелер 4 -тарау. 147 -162 -баптар 147 -бап. Мәмiле ұғымы 148 -бап. Бiржақты мәмiлелер мен шарттар 149 -бап. Бiржақты мәмiлелердi құқықтық реттеу 150 -бап. Шартпен жасалған мәмiлелер 151 -бап. Мәмiленiң нысаны 152 -бап. Мәмiленiң жазбаша түрi 153 -бап. Мәмiленiң жазбаша түрiн сақтамау салдары 154 -бап. Мәмiленi нотариаттың куәландыруы 155 -бап. Мәмілелерді тіркеу 156 -бап. Биржалық мәмiлелер 157 -бап. Жарамсыз мәмiлелер мен жарамсыздықтың салдары 158 -бап. Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн мәмiленiң жарамсыздығы 159 -бап. Мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi 160 -бап. Жалған немесе қулықпен жасалған мәмiлелер 161 -бап. Мәмiленiң бiр бөлiгi жарамсыздығының салдары 162 -бап. Жарамсыз мәмiлелер бойынша талап қою мерзiмдерi
Өкілдік және сенімхат 5 -тарау 163 -171 -баптар Өкілдік • 163 -бап Әрекет қабілеттігі жоқ адамдар үшін өкілдік • 164 -бап Өкілеттігі жоқ өкілдік • 165 -бап Коммерциялық өкілдік • 166 -бап Сенімхат • 167 -бап Сенімхат мерзімі • 168 -бап Сенім ауысуы • 169 -бап Сенімхаттың тоқтатылуы • 170 -бап Сенімхаттың тоқтатылу салдары • 171 -бап
Мерзімдерді есептеу 6 -тарау 172 -176 -баптар 172 -бап. Мерзiм белгiлеу 173 -бап. Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң басталуы 174 -бап. Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң аяқталуы 175 -бап. Мерзiмнiң жұмыс iстемейтiн күнде аяқталуы 176 -бап. Мерзiмнiң соңғы күнiнде әрекет жасау тәртiбi
Талап мерзімі 7 -тарау 177 -187 -баптар 177 -бап 178 -бап 179 -бап 180 -бап • Талап қою ұғымы • Талап қою мерзімдері • Талап қоюдың қолданылуы • Талап қою мерзімінің өтуі 181 -бап 182 -бап 183 -бап 184 -бап • Міндеттемедегі адамдар өзгерген кездегі талап қою мерзімі • Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру • Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзіліс • Талапты қараусыз қалдырған ретте талап қою мерзімінің өтуі 185 -бап 186 -бап 187 -бап • Талап қою мерзімін қалпына келтіру • Талап қою мерзімі біткеннен кейін міндеттерді атқару • Талап қою, қолданылмайтын талаптар
2 бөлім. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар 8 -тарау. Меншік құқығы. 188 -бап 188 -195 -баптар мазмұны Меншік құқығы ұғымы ж/е оның 189 -бап Мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы 190 -бап Мүліктің кездейсоқ жойылу н/се кездейсоқ бүліну қаупі 191 -бап Жеке меншік ұғымы ж/е оның түрлері 192 -бап Мемлекуеттік меншік құқығы 193 -бап Жерге ж/е басқа да табиғи ресурстарға меншік 194 -бап Тұрғын үйге меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар 195 -бап Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары
Шаруашылық жүргізу құқығы 9 -тарау, 196 -201 -баптар 201 -бап. Мемлекеттiк кәсiпорындар қатысатын қатынастарға меншiк құқығы туралы ережелердiң қолданылуы 200 -бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын жүзеге асыру ережелерi 196 -бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның шаруашылық жүргiзу құқығы 197 -бап. Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi 198 -бап. Шаруашылық жүргiзу құқығына ие болу және тоқтату 199 -бап. Меншiк иесiнiң шаруашылық жүргiзудегi мүлiкке қатысты құқығы
Оралымды басқару құқығы 10 -тарау 202 -208 -баптар 202 -бап. Оралымды басқару құқығы ұғымы мен оның мазмұны 203 -бап. Оралымды басқару құқығына ие болу және тоқтату 204 -бап. Оралымды басқаруға берiлген мүлiктi меншiктенушiнiң құқығы 205 -бап. Меншiк иесiнiң оралымды басқаруға берiлген мүлiктi қайтарып алу және қайта бөлу құқығы 206 -бап. Мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық кәсiпорынның мүлкiне билiк ету 207 -бап. Қазыналық кәсiпорынның, мекеменiң және мемлекеттiк мекеменiң борыштары бойынша құрылтайшының жауаптылығы 208 -бап. Мекеменi меншiктену құқығының ауысуы
Ортақ меншік 11 -тарау 209 -227 -баптар 209 -бап. Ортақ меншiк ұғымы мен оның пайда болу негiздерi 210 -бап. Үлестiк меншiк құқығындағы үлестi анықтау 211 -бап. Үлестi меншiкке қатысушының оны жақсартуға байланысты құқықтары 212 -бап. Үлестi меншiктегi мүлiкке билiк ету 213 -бап. Үлестi меншiктегi мүлiктi иелену және пайдалану 214 -бап. Үлестi меншiктегi мүлiктi пайдаланудан алынатын жемiстер, өнiмдер мен табыстар 215 -бап. Үлестi меншiктегi мүлiктi күтiп ұстауға байланысты шығындар 216 -бап. Сатып алудың басым құқығы 217 -бап. Үлестi меншiк құқығындағы үлестiң шарт бойынша сатып алушыға ауысатын кезi 218 -бап. Үлестi меншiктегi мүлiктiң бөлiнуi және одан үлестi бөлiп шығару 219 -бап. Ортақ бiрлескен меншiк 220 -бап. Бiрлескен меншiктегi мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету 221 -бап. Бiрлескен меншiктегi мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару 222 -бап. Ортақ мүлiктегi үлестен ақы өндiрiп алу 223 -бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi 224 -бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншігi 225 -бап. Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкiн бөлу 226 -бап. Шаруа немесе фермер қожалығын шаруашылық серiктестiгi немесе кооператив етiп қайта құрған кездегi мүлiктiң құқықтық режимi 227 -бап. Жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк
Бірлескен қызмет туралы шарт 12 -тарау 228 -234 -баптар 228 -бап. Жай серiктестiк 229 -бап. Шартқа қатысушылардың ортақ iстерiн жүргiзу 230 -бап. Шартқа қатысушылардың ортақ мүлкi 231 -бап. Шартқа қатысушылардың ортақ шығындары мен залалдары 232 -бап. Бiрлескен қызметке қатысу құқығын беру және қатысудан бас тарту 233 -бап. Консорциум 234 -бап. Бiрлескен қызметтiң жекелеген түрлерi туралы ережелер
Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу 13 -тарау 235 -248 баптар 235 -бап. Меншiк құқығына ие болу негiздерi 236 -бап. Жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының пайда болуы 237 -бап. Өңдеу 238 -бап. Шарт бойынша мүлiк алушының меншiк құқығы пайда болатын кез 239 -бап. Заттардың берiлуi 240 -бап. Иелену мерзiмi 241 -бап. Жинауға не аулауға арналған көпшiлiк қолды заттарды меншiкке айналдыру 242 -бап. Иесiз заттар 243 -бап. Меншiк иесi бас тартқан жылжымалы заттар 244 -бап. Өз бетiмен салынған құрылыс 245 -бап. Олжа 246 -бап. Қараусыз жануарлар 247 -бап. Көмбе 248 -бап. Меншiк иесiнен алынған мүлiктi иелену
Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы 14 -тарау, 249 -258 -баптар 249 -бап. Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi 250 -бап. Меншiк құқығынан бас тарту 251 -бап. Меншiк иесi мүлкiнен ақы өндiрiп алу 252 -бап. Заң құжаттарына сәйкес өзiне тиесiлi бола алмайтын мүлiкке адамның меншiк құқығының тоқтатылуы 253 -бап. Реквизициялау 254 -бап. Тәркiлеу 255 -бап. Жердi және басқа табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының тоқтатылуы 256 -бап. Күтiмсiз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу 257 -бап. Меншiк құқығы тоқтатылған кезде мүлiктi бағалау 258 -бап. Меншiк иесi емес адамның заттық құқығының тоқтатылуы
Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау 15 -тарау, 259 -267 -баптар 259 -бап. 260 -бап. • Меншiк құқығын тану • Меншiк иесiнiң мүлiктi өзгенiң заңсыз иеленуiнен талап етуi 261 -бап. • Адал алушыдан мүлiктi талап етiп алдыру 262 -бап. • Ақша мен бағалы қағаздарды талап етiп алдыруды шектеу 263 -бап. 264 -бап. 265 -бап. 266 -бап. 267 -бап. • Заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезiнде есеп айырысу • Меншiк иесi құқықтарын иеленуден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғау • Меншiк иесi емес адамның заттық құқықтарын қорғау • Заңда көзделген негiздер бойынша меншiк иесiнiң құқықтары тоқтатылған кезде оның мүдделерiн қорғау • Меншiк иесiнiң құқықтарын және басқа заттық құқықтарды бұзатын өкiмет, басқару органдары мен лауазымды адамдар құжаттарының жарамсыздығы
Azamattyk_kukyk.pptx