1212.pptx
- Количество слайдов: 11
Азаматтық іс жургізуге (процеске) прокурордың қатысуы
• Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасының прокуратуралы" Заңына сәйкес прокуратура органдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі кезкелген заң бұзушылықты дер кезінде анықтап, оны жоюға шара қолдану болып табылады.
• Кез келген құқықтық мемлекеттегі тәрізді Қазақстан Республикасында да сот және прокуратура органдарының алдына қойылған мақсат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.
• Халықтық соттарға деген биік сенімін жоғалтпау үшін істерді қараған кезде, қара қылды қақ жаратындай әділдік болуы шарт. Ал, прокуратура болса ҚР "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заңына сәйкес сот процесі барысында мемлекет мүддесін білдіріп, ақиқатты анықтауға ат салысатын мемлекеттік орган. •
• Прокуратур анық қызметкері прокурор, іске қатысушы тұлғалар құрамына енгізілген (ҚР АІЖКнің, 5 тарауы, 44 бабы). • Прокурор процеске өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша (ҚР АІЖКнің 55 бабы) іс жүргізудің кез келген сатысында және кез келген іс бойынша қатыса алады.
• • Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы келесі жағдайларда міндетті: мұның өзі заңмен көзделгенде; осы іске қатысу қажеттілігін сот танығанда (ҚР АІЖКі 52 бабының 2 бөлігі). Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге міндетті қатысуыҚРАІЖКнің 287, 299, 3174, 350, 398 баптарында көзделген.
• Прокурор іс бойынша бірінші сатыдағы соттың, апелляциялық, қадағалау және жаңадан анықталған мәнжайлар бойынша істерді қайта қарау сатыларындағы соттардың бастамасы бойынша қатыса алады.
• Прокурордың процеске кіру тәртібі және оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің көлемі процестің қай сатысында кіргеніне және іске қатысу нысанына байланысты.
• ҚР прокуратурасы туралы заңы және ҚР АІЖКі азаматтық процеске прокурордың қатысуының екі нысанын белгілейді: • 1 сотқа арыз, талап арыз беру арқылы процеске қатысуы; • 2 іс бойынша қортынды беру үшін процеске қатысуы.
• Прокурордың сотқа талап қою арқылы қатысуы. • ҚР АІЖКнің 55 бабы 3 бөлігіне сәйкес прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандьщтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдың және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға құқылы.
Назарларыңызға рахмет!
1212.pptx