Аяулы ұстазымыз -
«Ұстаз – ұлы есім» - деп жазған Әуезов атамыздың осы бір сөзінің астарында үлкен мән – мағына жатыр. Кез – келген адам ұстаз бола бермиді. Себебі, «ұстаз» деген сөздің өзі кез – келген адамға бұйыра бермейді. Біз осындай ұлағатты есімге аяулы ұстазымыз Жанар Мұхаметбайқызын лайық деп білеміз. Жанар апайымыз жайлы айта кетсек, ол кісі сондай сабырлы, жоғары білімді, мейірімді әрі өте қарапайым адам. Жанар апайымызды бізге осы 9 – шы сыныпқа аяқ басқанымызда ғана, директорымыз Ж. Ш. Қажытайұлы сынып жетекшіміз етіп тағайындады. Ол кісіге де алғысымыз шексіз. Міне, көзді ашып жұмғанша бір жылымыз да өте шықты. Осы өткен бір жыл ішінде бізге Жанар апайымыздың еңбегі сіңді, бар еркелігіміз бен ауыртпалығымызды көтере білді. Жанар апай ең алдымен бізді адамгершілікке, барға қанағат етуді, білімге құштар болуды әрдайым үйретіп келді. Апайымыздың ең ерекше қасиеті – тілге шешендігі еді. Ол кісі үнемі бізбен өзінің басынан кешірген өмірлік тәжірібиесімен бөлісіп отырды. Әр сабақ сайын қызықты әңгімелер мен тарихи оқиғылырды да айтып, өмірге деген шабытымызды оятып отырды.
Ол кісінің үнемі айтып отыратын мына бір қанатты сөзі: «Ертеңгі күні ержеткендеріңде, маңдай термен нан табу үшін бастарыңды тауға да апарып, тасқа да апарып соғасыңдар!» - дегені біздің есімізде мәңгі сақталары хақ. Бар болғаны 9 ай ғана сынып жетекшіміз болған Жанар апайымыздан біз көп нәрсені үйрендік. Рахмет сізге аяулы ұстазымыз – Жанар Мұхаметбайқызы!!!
Сынып әкімі – Асан Балжан
Біздің жігіттер!
Сыныбымыздың ең бұзығы, қылықты әрі сымбатты мырзамыз – Сатанов Байназар!
Бұл ерке қызымыз – Жанайдарова Сабина. Өзі сондай салмақты әрі тез тіл табыса алатын, әрдайым көңілді жүретін, қылықты тәтті қыз!!!
Бой десе бойы бар, ой десе ойы бар – біздің салмақты жігіттер!
Ай десе аузы, күн десе көзі бар сүйкімді қыз – Сагидукасова Эльвира!
Біздің байсалды – Ақжол!
Біздің егіздер. Достанов Мади және Достанова Мадина!
Өзі спортшы, қылықты, сүйкімді, әрі үнемі көңілді жүретін батыр қызымыз-Утубаева Томирис!
Біздің тепсе темір үзетін дзюдоист жігіттер!
Біз ұйымшылмыз! Біз бір – бірімізді жақсы көреміз!!!
9 «Б» сынып оқушыларынан естелік! Біз бір – бірімізді ұмытпаймыз, әрқашан біргеміз! Қош бол, алтын ұя мектебім!!!