пед тарихы казак галымары.ppt
- Количество слайдов: 11
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың 28 қаңтарында Торғай уезiнiң Сары-Төбе сайында дүниеге келдi. Оның әкесi Байтұрсын Шошақұлы өзiнiң ұлы бабасы – ерлiгi мен еркiндiк сүйгiштiгi және әдiлеттiгi халықтың жадында мәңгi сақталған Үмбетбай батырға тартып, лайықты туған азамат едi. Ахмет әуелгi кезде өз құрдастары тәрiздi сауатын молдадан ашты. Егер оның туыстарының басына төтенше қайғы түспесе, мүмкiн сол шала сауат күйiнде көп көшпендiнiң бiрi болып жүре берер ме едi.
Қазақ ауылдарына лаң салған патша шенеунiктерiне қарсы ереуiлде Ахметтiң әкесi абақтыға қамалып, мал-мүлкi тартып алынады. Сот шешiмi Байтұрсын мен iнiсi Ақтасты он бес жылға каторгалық жұмысқа кесiп, Сiбiрге жер аударады. Ал туыстары мен жолдастарын әр түрлi мерзiммен абақтыға жабады. Ауылда тек әйелдер мен балалар ғана қалады, солардың арасында 13 жасар Ахмет Байтұрыснұлы да бар болатын. Ахметтiң 4 жыл абақтыға кесiлген ағасы Ерғазы мерзiмiн өтеп шыққаннан кейiн ұлы Ақтас Аспандиярұлын орыс-қазақ училищесiне оқуға бермек болады. Ахмет те онымен бiрге жiберудi өтiнедi. Сөйтiп, ол 1886 жылы Торғайдағы орыс-қазақ училищесiне түседi. Көп өтпей жесiр әйелдер мен жетiм балаларды бағып отырған Ерғазы да қайтыс болады. Осы кезден бастап Ахмет ендi тек өзiне ғана сенедi.
Орынборда ол қазақ мұғалiмдерiнiң мектебiне түседi. 1895 жылы мұғалiмдiк мектептi бiтiредi. Iс жүзiнде кейiннен өз бетiнше оқып, энциклопедиялық бiлiмдi адам болған Байтұрсынұлының «университетi» осымен аяқталады. Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық қызметi 1895 жылдан басталады. Көп уақыт бойына Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерiнде ауылдық, уездiк және екi сыныптық училищелерге сабақ бередi. Ахмет Байтұрсынұлы ағартушылық қызметi жағынан Ыбырай Алтынсариннiң тiкелей мұрагерi болды.
Балалар үшiн «Әлiппе» жазды. «Айқап» жұрналында «Дұрыс жазу емлесiн» жариялады. Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн, жас республиканың халық ағарту комиссары болып тұрған кезiнде сауатсыздықты жою мәселесiнде көп iстер тындырды. Оның басшылығымен жаңа мектептер, жоғары оқу орындары, орта кәсiби бiлiм беретiн училищелер ашылды. Ең бiрiншi ашылған педагогикалық институтта Ахметтiң өзi сабақ бердi. 1909 жылы Байтұрсынүлы «Қырық мысал» атты кiтабiн шығарды. Ол Крыловтан еркiн аудармалар болатын. Түпнұсқаның мазмұнын ала отырып, оның сюжеттерiн қазақ өмiрiнiң тiршiлiгiне бейiмдеп жазды.
1925 -29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және Қаз. ПИ-де оқытушы болды. 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдау хатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И. А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И. И. Хемницердің «Атпен есек» , А. Пушкиннің «Балықшы мен балық» , «Алтын әтеш» , «Ат» , «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С. Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
Жиенбаева Сайра Нагашыбайқызы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 1962 жыл 2010 -2012 жылдарда «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының меңгерушісі
2011 -2012 оқу жылында Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің жүргізген зерттеулері бойынша 5 В 010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу және 5 В 010200 Бастауыш білім педагогикасы мен әдістемесі мамандықтары бірінші орынды иеленді.
2009 жылы 12 -13 наурызда п. ғ. к. , доцент Л. Е. Агееваның жетекшілігімен 5 В 010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттері Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен I Республикалық пәндік олимпиадасында I орынды иеленді. 2010 жылы п. ғ. к. , А. М. Жұбандықованың жетекшілігімен Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының студенттері Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Балаға жүрек жылуы - 2010» тақырыбында өткен I Республикалық пәндік олимпиадасында «Бас жүлдені» иеленді. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық пәндік олимпиадаларында төмендегідей жүлделі орындарға ие болды. 2011 жылы 17 -18 наурызда п. ғ. д. , профессор 2012 жылы 5 -6 сәуірде п. ғ. к. , Ш. Н. Альдибекованың А. С. Әмірованың жетекшілігімен 5 В 010200 -Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының білімгерлері мамандығының студенттері Абай атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен студенттердің III Республикалық олимпиадаөткен III Республикалық пәндік олимпиадасында «Бас жүлдені» иеленді. сында I орынды иеленді.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. http: //aldiyar. kz/index. php? option=com_content&view=articl e&id=83: 2011 -06 -07 -07 -31 -19&catid=1: 2011 -03 -03 -16 -3003&Itemid=30 2.
Назарларыңызға рахмет!!!
пед тарихы казак галымары.ppt