Автотропты 11 Е 6 топ.pptx
- Количество слайдов: 6
Автотропты қоректену Автотрофты қоректенетін организмдер тобы жай минералдық заттардан күрделі органикалық заттар түзеді және бұл реакцияға күн сәулесінің энергиясын немесе химиялық тотығу реакцияларының энергиясын пайдаланады.
Автотропты Жоғары және төмен сатыдағы жасыл өсімдіктер фотосинтезі Бактериялық фотосинтез немесе фоторедукция хемосинтез
Жоғары және төмен сатыдағы жасыл өсімдіктер фотосинтезі Жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктер, балдырлар (көп клеткалы жасыл, қоңыр, қызыл, сондай-ақ бір клеткалы эвглена, динофлагеллят, диатом балдырлар) фотосинтезінде сутек доноры және шығарылатын оттек көзі су, ал сутек атомның негізгі акцепторы және көміртек көзі – көмірқышқыл газ. Фотосинтезге тек СО 2 мен Н 2 О пайдаланылса көмірсутек түзіледі. Фотосинтез процесіне өсімдік көмірсутек түзумен қатар құрамында азоты және күкірті бар аминқышқылдарын, белок, молекуласы құрамында азот болатын хлорофилл де түзеді. Бұл жағдайда көмірқышқыл газбен қатар сутек атомының акцепторы және азот, күкірт көзі нитрат және сульфат болады.
Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж. Сенебье, Н. Соссюр және неміс химигі Ю. Майер болды. 19 ғ-ң 2 -жартысында К. А. Тимирязев күн сәулесі энергиясы фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы сіңірілетінін анықтады. 20 ғ-ң басында фотосинтездің физиологиясы мен экологиясына арналған маңызды зерттеулер жүргізіледі (В. В. Сапожников, С. П. Костычев, В. Н. Любименко, А. А. Ничипорович т. б. ). 20 ғ-ң орта кезінен бастап фотосинтезді зерттеуде жаңа әдістер (газ анализі, радиоизотопты әдіс спектроскопмя. Электрондық микроскоп т. б. ) дамыды.
Бактериялық фотосинтез эволюция тұрғысынан алып қарағанда өте ертеде пайда болған. Бактериялық фотосинтез немесе фоторедукция деп аталатын бұл процесс бактериялар тобында жүзеге асырылады. Бұл топқа пурпурлық (қанқызыл) және қызыл күкірт бактериялары, пурпурлық күкірт емес бактериялар, жасыл күкірт бактериялары жатады. Олардың құрамында хлорофилден біраз айырмашылығы бар бактериохлорофилл пигменті және каротиноидтар бар. Пигменттері болуының арқасында олар күн сәулесінің энергиясын сіңіреді. Бактериялық фотосинтез бен өсімдіктер фотосинтезінің ұқсастығы, міне, осында. Мұнда сутек көзі ретінде су емес, көмірсутектер, күкіртсутектер мен май қышқылдары пайдаланылады. Фотосинтезден ерекше, мұнда оттек бөлініп шықпайды. Сутек көздері аз таралғандықтан, сондай-ақ олардың қоры өте шектеулі болғандықтан фоторедукция процесі кең дамып, таралмаған.
Хемосинтезді орыс микробиологы С. Н. Виноградский ашты. Хемосинтез жарық жоқ жердегі аэробты жағдайларда тіршілік ететін, пигментсіз бактериялар тобына тән. Көмір қышқыл газын тотықсыздандыру үшін бұл бактериялар күн энергиясын емес, химиялық тотығу реакцияларының энергиясын пайдаланады. Күкірттің алуан түрлі қосылыстарын тотықтыратын күкірт бактерияларының үлкен тобы хемосинтез бактерияларына жатады. Күкірттің тотығуы нәтижесінде энергия бөлініп шығады, оны бактериялар органикалық қосылыстар түзе отырып, көмір қышқыл газьш тотықсыздандыру үшін пайдаланады. Сондай-ақ С. Н. Виноградский ашқан нитрофикациялаушы бактериялар да хемосинтез бактерияларына жатады. Хемосинтездің фотосинтезден энергия көзі жөнінен де, сондай-ақ сутек көзі жөнінен де айырмашылығы бар. Бұл процесс оттегін бөліп шығармастан етеді. Энергия мен сутек көздерінің шектеулі болуы салдарынан хемосинтез кең таралмаған. http: //files. school-collection. edu. ru/dlrstore/000004 d 9 -1000 -4 ddd-21 d 0500046 bc 432 f/147. swf
Автотропты 11 Е 6 топ.pptx