auyl_t_1201_r_1171_yndaryna_emdeu_k_1257_rsetu.ppt
- Количество слайдов: 23
Ауыл тұрғындарына емдеу – профилактикалық жәрдемді ұйымдастыру.
ЖОСПАР: 1. 2. 3. 4. 5. Ауылдық жердің негізгі ерекшеліктері және соған байланысты тұрғындарға дәрігерлік көмекті ұйымдастыру ерекшеліктері. Ауыл тұрғындарына медициналық жәрдемді ұйымдастырудың негізгі кезеңдері. Ауылдық аурухана. Аудандық аурухана, оның аудан тұрғындарына емдеу – профилактикалық көмекті ұйымдастырудағы мағызы. Облыстық аурухана, оның ауыл тұрғындарына медициналық жәрдемді ұйымдастырудағы маңызы.
Ауыл тұрғындарына емдеу – профилактикалық жәрдемді ұйымдастырудығң негізгі мақсаты – қала тұрғындары сияқты ауылдағы халықты жоғары білікті медициналық көмекпен толық қамтамасыз ету.
Қала мен ауылдың арасында бірталай айырмашылықтар бар. Ол ауыл тұрғындарының орналасуы, тығыздығы, ауылшаруашылық жұмыстарына, еңбек және тұрмыс жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты. Осы ерекшеліктер медициналық жәрдемді ұйымдастыруға, оның көлеміне, сапасына әсер етеді.
Ауыл тұрғындарына медициналық жәрдемді ұйымдастырудың ең негізгі ерекшелігі 3 кезеңді болуы:
Бірінші кезең – ауылдық дәрігерлік учаске немесе жанұялық дәрігерлік амбулаториясы. Оның құрамына учаскелік аурухана немесе дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік – акушерлік бөлімше, әйелдер босанатын үйлер, бала бақшасы, өндірістік – фельдшерлік денсаулық бөлімшесі кіреді. Ірі мекемелерде, ұжымдарда профилакторийлар ұйымдастыруға болады, олар да дәрігерлік учаскенің құрамына кіреді. Осы бірінші кезеңде ауыл тұрғындарына білікті дәрігерлік жәрдем учаскелік ауруханады немесе амбулаторияда көрсетіледі.
Екінші кезеңде дәрігерлік көмек аудандық медициналық мекемелерде ұйымдастырылады. Мұнда ауыл тұрғындары мамандандырылған дәрігерлік жәрдемнің барлық түрін орталық аудандық ауруханадан алады.
Үшінші кезеңде ауыл тұрғындарына жоғары білікті мамандандырылған дәрігерлік жәрдем облыстық мекемелерде көрсетіледі, соның ішінде облыстық ауруханада барлық мамандықтан медициналық жәрдем ұйымдастырылады. Сонымен қатар ауылшаруашылық жұмыстардың науқандарына жылжымалы дәрігерлік амбулаториялар, тентген жабдықтары, диагностикалық, лабораториялық, тіс емдеу кабинеттері ауыл тұрғындарына медициналық жәрдем көрсетуі қажет.
АУЫЛДЫҚ УЧАСКЕЛІК АУРУХАНА ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ – САНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ. Ауыл тұрғындарына медициналық жәрдем көрсетуде ауылдық учаскелік аурухананың ролі тым үлкен. Оның негізгі мақсаты – жалпы білікті дәрігерлік жәрдем көрсету және жұқпалы ауруларға қарсы санитарлық шаралар жүргізу.
УЧАСКЕЛІК АУРУХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ: Øпрофилактикалық шараларды жоспарлау және орындау, ауыл тұрғындарының арасында аурушылықты, жарақаттануды азайту; Ø ана және сәби денсаулығын қорғау үшін емдеу – профилактикалық шараларды жүргізу; Ø амбулаторлық – емханалық көмек көрсетудің қазіргі уақытта жаңа түрлері мен ұйымдастыру әдістерін қолдану, ауруды анықтау, емдеу жетістіктерін енгізу; Ø фельдшерлік – акушерлік бөлімнің және басқа денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысына басшылық ету және бақылау жүргізу. тіркелген жердегі барлық тұрғындарға – білікті дәрігерлік көмек көрсету (амбулаторлық және ауруханалық); Ø
Фельдшерлік – акушерлік бөлімше (ФАБ) қазіргі қолданып жүрген норматив бойынша тұрғындар саны 700 – ден асса және басқа медициналық мекемеден қашықтығы 2 шақырымнан көп болса ашылады.
ФЕЛЬДШЕРЛІК – АКУШЕРЛІК БӨЛІМШЕГЕ МЫНАДАЙ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛЕДІ : тұрғындарға дәрігерден бұрын медициналық жәрдем көрсету; § дәрігердің белгілеген емін уақтылы және толық мөлшерде орындау; § әйелдердің және балалардың денсаулығын бақылау, соғыс мүгедектеріне, ауылшаруашылық мамандарына дер кезінде медициналық жәрдем көрсету; § дәрігердің басшылығымен урулықты, әсіресе инфекциялық аурулықты, жарақаттануды азайту үшін профилактикалық жұқпалы ауруға қарсы, санитарлық – гигиеналық шаралар жүргізу; § тұрғындарды диспансерлік бақылауға алу; § ана мен бала өлімін төмендету шараларын жүргізу; § тұрғындар арасында санитарлық – ағарту және санитарлық оқыту жұмыстарын жүргізу. §
ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕМДЕУ – ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ. Орталық аудандық аурухана аудан көлеміндегі ауыл тұрғындарына емдеу – профилактикалық жәрдем көрсететін негізгі мекеме. Сонымен қатар бұл басшылық жүргізетін және ұйымдастырушы медициналық көмектің сапасын, көлемін бақылаушы орталық болып есептелінеді.
Орталық аудандық аурухананың құрамына негізгі мамандықтармен бірге бөлімдері бар аурухана және емдеу – диагностикалық кабинеттер мен лабораториясы бар емхана, жедел және шұғыл жәрдем көрсететін бөлім, патанатомиялық бөлім, ұйымдастырушылық – медициналық кабинет және қосымша бөлімдер (аптека, медициналық архив, және т. б. ) кіреді.
ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ: аудан тұрғындарын және ауданның орталығындағыларды жеткілікті көлемде білікті мамандандырылған ауруханалық және емханалық медициналық жәрдеммен қамтамасыз ету; Ø ұйымдастырушылық – методикалық басшылық жасау және аудан көлеміндегі барлық денсаулық сақтау мекемелердің жұмысын бақылау; Ø аудандағы денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын жоспарлау, қаржыландыру, материалдық – техникалық жағынан жаабдықтау; Ø аурулықты азайту, балалар өлімін және жалпы өлім көрсеткішін төмендету және денсаулықты нығайту үшін медициналық жәрдемнің сапасын жоғарылату және бұл бағытта түрлі шаралар қолдану; Ø медициналық қызметкерлерді дұрыс орналастыру және дұрыс пайдалану. Ø
Орталық аудандық аурухананың жұмысын басқару үшін бас дәрігер тағайындалады. Ол барлық профилактикалық, емдеу – диагностикалық, әкімшілік және қаржыландыру жұмысын атқарады. Бас дәрігердің бірнеше орынбасарлары болады. Олар: емдеу жұмысын, аналар мен денсаулығын қорғау, шаруашылық бөлімін басқару, т. б.
Денсаулық сақтау жұмысын басқару үшін бас дәрігер медициналық кеңес ұйымдастырады, оның құрамына жауапты қызметкерлер және мамандар кіреді: бас дәрігердің орынбасарлары, аудандық СЭС – тің, аудандық дәріхананың меңгерушісі, медицина қызметкерлерінің аудандық кәсіптік ұжымының бастығы, аудандық Қызыл крес және Жарты ай қоғамының бастығы, бас мамандар (терапевт, хируг, педиатр, акушер – гинеголог, т. б. ).
Ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық жәрдемді көрсетудің тағы да бір түрі – амбулаторлық – дәрігерлік жәрдемнің көшпелі бригадасы, олар орталық аудандық немесе облыстық аурухананың жанынан ұйымдастырылады.
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ МАҢЫЗЫ Облыстық аурухана – емдеу – профилактикалық мекемелердің ішіндегі ең үлкен әрі көп қырлы емдеу – профилактикалық мекемелердің бірі. Оның негізгі мақсаты – облыс тұрғындарына толық көлемде жоғары білік мамандандырылған жәрдем көрсету.
Облыстық аурухана сонымен қатар облыстық барлық медициналық мекемелерінің ұйымдастырушы және әдәстемелік басқару орталығы, дәрігерлердің және орта білімді мамандардың білімін жоғарлату болып саналады.
Облыстық аурухана облыс тұрғындарынңы санына байланысты, үлкенді, кішілі болып келеді, оның құрамына облыс орталығының тұрғындары кіреді. Әрбір облыстық аурухананың өқрылымында кеңес беру емханасы, стационар, емдеу – диагностикалық бөлімдер, лабораториялар және басқа бөлімдер (морг, дәріхана, ас пісіру орны, т. б. ) болады.
Сонымен қатар облыстық аурухананың құрылымына медициналық статистика бөлімшесі, ұйымдастыру – әдістемелік бөлім, шұғыл және жоспарлы кеңес беру бөлімі, шет аудандардан келген ауруларға арналған пансионат, білім жоғарылатуға келген медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана кіреді.
Назарларыңызға рахмет!
auyl_t_1201_r_1171_yndaryna_emdeu_k_1257_rsetu.ppt