
GULZADA MICRA.pptx
- Количество слайдов: 11
Ауруханаішілік инфекция қоздырғыштары Орындаған: Төлегенова. Г. О Тексерген: Торғаева Н. А. Тобы: ЖМ-12 -025 -01
Ауруханаішілік инфекция АІИ анықтамасын 1979 жылы ДДҰ-ң Еуропалық бюросыұсынды. АІИ- науқас ауруханаға түскенде немесе емдік жәрдем алғанда, және де ауруханада болғаннан кейін пайда болуына қарамастан, клиникалық белгілері бойынша анықтауға болатын кез келген жұқпалы ауру. АІИ даму тарихының ең жарқын кезеңдері: 1800 -1940 ж. - асептика және антисептика заңдылықтарын ашу және оны практикада қолданудағы Найтингейн, Земмельвейс, Листер, Пастер, Пирогов еңбектері. 1960 -1970 ж. –санитарлық қадағалауды ұйымдастыру. 2000 ж. –денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде эпидемиологиялық қадағалау енгізілді.
Ірі стационарларда инфекциялық бақылау комитеті құрылады, олардың құрамына: ü Ауруханалық эпидемиолог; ü Инфекциялық бақылау бойынша маман; ü Әкімшілік өкілі; ü Бөлімше медбикесі, операциялық медбике; ü Стерилизациялық орталық қызметкері; ü Аурухана инженері; ü Микробиолог; ü Дәріханашы.
АІИ қоздырғыштары микроорганизмдердің барлық топтарына жатады: ü Бактерияларға ü Вирустарға ü Саңырауқұлақтарға ü Қарапайымдыларға S. epidermidis, Streptococcus(A, B, D), E. coli, Proteus, Enterobacter, Klebsiella, Salmonella, Campylobacter, Legionella, Mycoplasma, саңырауқұлақтар-Candida, Penicillium, Aspergillus, вирустар-қарапайым ұшық, PC-вирус, аденовирус.
АІИ қоздырғыштарының морфологиясы: ü Күшті экзотаксин шығармайды ü Жоғары инвазиялық қасиеті жоқ ü Адгезиялық, шырышты қабаттарды колонизациялау, адам организміне ену және сол жерде көбею қабілеттілігі болады. ü Олардың «агрессиялығы» : эндотоксиндердің, әртүрлі экзотоксиндердің, патогенділік ферменттерінің көмегімен атқарылады.
Токсиндер бөлу: S. aureus- гемолизин, плазмокоагулаза, лецитиназа, фибринолизин, ДНК-аза, А токсин өндіріп, тіндерді зақымдайды. E. coli адгезиндерді, цитолизиндерді, колонизациялау мүмкіндігі болады. Бұл микроб ішектен тыс эшерихиоздар(цистит, холецистит, пиелонефрит) қоздыруы мүмкін. Bacteroides- каталаза, супероксиддисмутаза, липаза, нейраминидаза, гепариназа(тромб түзілуіне, тіндердің бұзылуына әсер етеді) бөліп шығарады.
Эпидемиялық маңыздылығына қарай ауруханалық штамдарды 2 топқа бөлеміз: ü Адаптацияланған штамдар- бұл нағыз АІИ қоздырғыштары, олардың ауруханада кездесуі өте қауіпті. Өйткені олар антисептиктерге, антибиотиктерге, дезинфектанттарға төзімді, организмі әлсіреген науқасқа жұққанда инфекция дамиды. ü Ауруханаға бейімделмеген штамдар әдетте уақытша (транзитті) болады, дезинфектанттарға, антибиотиктерге сезімталдығы бар. Ауруханада жүргізілетін санитарлықгигиеналық шаралардың әсерінен олар жойылады.
АІИ жұғу көздері мен факторлары: ü ü ü АІИ дамуы ауруханаға түскен пациенттің өз жағдайымен де байланысты. АІИ-мен науқастануға «қауіпті факторлар» әсер етеді. жасы қосалқы аурулар генетикалық және генетикалық емес негізде иммундық статустың төмендеуі. ауыр операциялар жасалу антибиотиктерді, гормондарды, иммундыдепресенттарды жүйесіз қолдану психологиялық жағдайлар.
АІИ таралуына әсер ететін факторлар: ü Таңу материалдарын , инелерді, шприцтерді, аспаптарды, инъекциялық ерітінділерді стерилдеу ережесінің бұзылуы. ü Стерильді заттардың ластануы. ü Дезинфекциялық ережелердің бұзылуы. ü Науқасты оқшаулаудың бұзылуы. ü Палатада науқастарды тығыз орналастыру, көйлек-көншек санының жетіспеушілігі. ü Мед. персоналдың бактериятасымалдаушылыққа дер кезінде тексерілмеуі. ü Аурухана жайларын уақытылы жинастырмау, ыстық және салқын сумен тұрақты қамтамасыз етпеу. ü Антибиотиктерді ретсіз тағайындау.
АІИ сақтану жүйесінің негіздері: Сақтану шаралары: 1. Стационарда антимикробтық режимді сақтау q ара-қатынасын алыстату-карантин, оқшаулау, медициналық керекті заттардың тазасын және ластанғанын ажыратып отыру т. б. q жансыз заттарды стерилдеу және дезинфекциялау, бөлме ауасын желдету. q бір рет қолданылатын шприцтерді; қан алмастыруға, тамырға құюға арналған жүйелерді; халаттарды, сүлгілерді, бетперделерді және кейбір саймандарды пайдалану. q науқас денесіндегі микробтарды антисептиктермен жою. инвазиялық процедуралар санын азайту.
Қолданылған әдебиеттер Медициналық микробиология, Б. А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының редакциялауымен шығарылған. Биология, Қ. Қайым, Р. Сәтімбетов, Ә. Әметов, Ж. Қожантаева Жалпы және жеке вирусология, А. Ә. Стамқұлова, Қ. Құдайбергенұлы, Б. А. Рамазанова
GULZADA MICRA.pptx