Ауа-тамшылы жолмен таралатын жұқпалар: анықтамасы, этиологиясы, эпидемиологиясы,
Ауа-тамшылы жолмен таралатын жұқпалар: анықтамасы, этиологиясы, эпидемиологиясы, нозологиялық формасы, алдын алу және күтімі. Мейірбикелік процесс. Профессор Әміреев С. Ә.
Тыныс алу жолдарының инфекциялары – қоздырғыштың аспирациялық механизммен беріліп, тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарында орналасуымен сипатталатын жұқпалы аурулар.
Тыныс жолдары инфекциялары тобына бактериалды (құрөзек, көкжөтел, менингококті инфекция, туберкулез, легионеллез, скарлатина, т. б. ), вирусты (тұмау, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, жел шешек, т. б. ) этиологиялы аурулар кіреді. Қоздырғыштардың тыныс жолдары шырышты қабығына жайласуына орай ауа-тамшылы беріліс механизмінің жеңіл іске асуы олардың барлық жерде кең таралуына жол ашады. Жоғарыда келтірілген аурулар қоздырғыштарының адамды көбінесе бала не жас шағында зақымдайтындықтан бірқатарын балалар жұқпалары деп аталады. Қызылша, қызамық, жел шешек вирустарының жеңіл және тез берілуі және адамдарда тегіс қабылдаушылықтың болуы олардың ұйымдасқан ұжымдарда бір мезетте жаппай таралуына әкеліп соғады. Дифтерия, туберкулез қоздырғыштарының сыртқы орта жағдайына төзімділігі олардың ауа-тозаң жолымен қатар басқа жолдармен (тұрмыстық-қатынас, тағам арқылы) таралуына мүмкіндік туғызады.
Тыныс алу жолдарының инфекциялары Вирусты этиологиялы Бактериальді этиологиялы Дифтерия Жедел Герпесті Көкжөтел респираторлы инфекциялар: Скарлатина вирусты Инфекционнды Туберкулез инфекциялар: Мононуклеоз лепра Белдемелі Хламидиоз Грипп Легионеллез Орнитоз Парагрипп теміретке Стафилакоккты Цитомегаловирусты Пневмохла- Аденовирусты Стрептококкты мидиоз РС вирусты инфекция Пневмококкты Риновирусты Желшешек Гемофильді Реовирусты Қызылша Микоплазмалық жұқпалар Эпидемиялық Инфекциялары паротит Қызамық
Бұл аурулардың қоздырғыштары тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарына тропты болғандықтан, ауа-тамшылы жолмен жеңіл таралады.
Эпидемиологиялық белгілері Спорадикалық Ауру түрі Эпидемиялық Күз-қыс айлары Маусымдылығы Сирек қыс-көктем Әдетте 3 -5 жыл Кезеңділігі Сирек 10 жыл және одан көп Балалар Ең осал жас тобы
Тыныс жолдары инфекцияларының көпшілігіне эпидемия барысына айқын маусымдылық тән; сондықтан олар жылдың суық мезгілінде (күз-қыс-көктем айларында) тіркеледі. Халықтың белгілі топтары арасындағы иммунологиялық процесіне және иммунитетсіз адамдардың көбеюіне байланысты бірқатар инфекциялардың эпидемия барысына кезеңділік тән. Біраз тыныс жолдары инфекцияларының эпидемия барысы жоспарлы вакцинация жүргізу әдісімен (қызылша, қызамық, эпидемилық паротит, дифтерия, көкжөтел) берік реттеледі, сондықтан олар егумен басқарылатын инфекциялар деп аталады. Вакцинация жүргізудің әлсіреуі эпидемиялық жағдайдың күрт өзгеруіне соқтыруы мүмкін. Дегенмен көптеген инфекциялардың (скарлатина, ЖРВИ, т. б. ) әзірге иммундық алдын алуға арналған арнайы дәрмектер (препараттар) жоқ.
Тыныс жолдары инфекцияларының жалпы эпидемиологиялық белгілері мен эпидемия барысының маңызды факторлары және иммундық алдын алу әдісімен басқарылатын, басқарылмайтын инфекциялардың эпидемия барыстары көріністері төменде келтірілген. Өзге вирусты этиологиялы басқа өзге аурулар. Тыныс жолдары инфекцияларының қоздырғыштары антибиотиктерге өте сезімтал. Бірақ жекелеген дәрмектерге төзімді қоздырғыш штамдары да аз емес. Қоздырғыштар серотоптарының, серотиптерінің, сероварларының орасан молдылығы, олардың биологиялық қасиеттері мен антигендік құрамының өзгергіштігі тыныстық инфекцияларды сипаттайды, бұл арнайы алдын алу дәрмектерін жасауға (мысалы, тұмау, және т. б. ) едәуір бөгет болуда.
Иммундық алдын алу дәрмектерімен басқарылатын және басқарылмайтын тыныс жолдары инфекциялары эпидемия барыстарының көріністері Басқарылатын Басқарылмайтын МИБП*болуы Эпидемиялық: Спорадиялық бұрқетпе; Ауру типі эпидемия; (бірен-сарандылық оқиғалары) пандемия. Айқын емес Айқын білінеді Кезеңділік Айқын емес Айқын білінеді Маусымдылық Жасөспірімдер мен: мектепке; қатынасатын балалар: Ең осал орта және жоғары оқу орындарына қатынасатындар; мектепке жас топтары дейінгі балалар мекемелеріне Әскери қызметкерлер.
Тыныс алу жолдарының инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы Тыныс алу жолдарының инфекциялары иммунопрофилактикамен басқарылатын дифтерия көкжөтел қызылша қызамық эпидемиялық паротит менингококкты инфекция иммунопрофилактикамен басқарылмайтын грипп және т. б. жедел респираторлы вирусты инфекциялар скарлатина желшешек инфекционды мононуклеоз
Копия капельные Microsoft PowerPoint.ppt
- Количество слайдов: 10

