эколайф-25 февраля.pptx
- Количество слайдов: 23
Ауа райын болжау – ауа райын алдын ала ғылыми негізде анықтау.
Метеорология- жердің ауа қабаты – атмосфера туралы ғылым, оның құрылысын, құрамын, қасиеттерін, онда жүріп жатқан физикалық және де ауа массаларының қозғалыстарын зерттейді.
Климат- белгілі бір жерге тән ауа райының көпжылдық орташа режимі.
Климатология - климаттың генезисін, яғни географиялық факторлардың әсерімен, климат құрушы үдерістердің арқасында климаттың орнығуын зерттейді. Метеорологияда негізінен физикалық зерттеу әдістері қолданылады. Олардың негізгілері: 1) бақылау әдісі; 2) эксперименттік әдіс; 3) теориялық әдістер
Метеорологиялық бақылау - дегеніміз, метеорологиялық өлшемдер мен құбылыстарды аспаптармен өлшеп және көз мөлшермен бағалап, оларға сандық және сапалық баға беру.
Экспериметтік әдіс Қазіргі кезде лабораторияда және табиғи жағдайда тәжірибелік жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Мысалы, бұлттардағы физикалық процестерді моделдеу арнайы камерада жасанды бұлт жасап оныңдамуын бақылау арқылы жүргізіледі. Мұндай камераларда әртүрлі қысым мен температура жағдайында тамшы немесе мұз кристалдарымен бірге ауаның жоғары немесе төмен бағытталған қозғалыстарын тұрғызуға болады.
Математикалық әдістер Көпжылдық метеорологиялық бақылау нәтижелерін талдап атмосфералық процестердің заңдылықтарын анықтауға болады. Ол үшін статистикалық талдау әдістері қолданылады. Статистикалық әдіспен, берілген метеорологиялық сандық қатардың статистикалық сипаттамалары. Сонымен қатар әртүрлі метеорологиялық өлшемдердің арасындағы өзара байланыс тығыздығы анықталады.
“Каз. Гидро. Мет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан гидрометқызметінің негізі 1922 жылдың қаңтарында салынған. Қазіргі таңда бұл Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ірі ғылыми-өндірістік кәсіпорыны. ҚР Үкіметі 1999 жылдың 2 науырызындағы № 185 Қаулысымен оған Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын – РМК «Қазгидромет» мәртебесі берілген. Бүгінгі күні РМК «Қазгидромет» құрамына Қазақстан Республикасы әр облысының және Алматы мен Астана қалаларының 14 еншілес мемлекеттік кәсіпорындары кіреді, онда 2 мыңнан астам жұмыс істейді. Елімізде 287 метеостанса, оның 65 халықаралық мәртебеге ие және ғаламдық желіге кіреді. Осы стансаларда бақыланған ауа-райы әлемдік дерек орталығына беріледі. Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК 298 гидрологиялық бекеттер бар, онда химиялық талдауға су сынамалары алынып, өзендер мен көлдердің су мөлшерлері есептелінеді. Зертханалық жағдайда гидрохимиялық және гидробиологиялық саралаулар ластаушы элементтердің 70 -тен аса түріне жасалынады.
Қазақ жұлдызшарларының ауа-райын болжау тәсілдері Қазақ жұлдызшарларының өмірге әкелген үлкен жаңалығы мен жетістігі аптаның әрбір күнінің жеке қасиеттеріне анықтама беретін есеп қағидасы – Күн санау. Ол Шығыс елінің ғылымына, Ислам дінінің қағидаларына, жүздеген жылғы халық тәжірибесіне арқа сүйей отырып, қазақ халқының оқымыстылары мен көріпкелдері, емшілері мен жұлдызшылары бірлесе жасап шығарған әр аптаның әр күнінің қасиеттері мен ауарайының болжамдары туралы нақты тұжырымдамасы.
Қазақ жұлдызшарларының ауа-райын болжау тәсілдері Түрлі өзгерістер мен құбылыстарға байланысты. Жан-жануарларға байланысты Табиғатқа байланысты
Ағылшын халқына тән ауа-райын болжау әдістер • Ағылшын халқы да, қазақ халқы секілді ең алдымен жан-жануарға мән берген. Себебі: ауа-райындағы өзгерістерді адамнан гөрі жануадың сезімтал екенін алға тартады. • Аспанға қарап та ертеңгі ауа-райын болжай алуға болады: Егер дауыл жақындаса, қою қара төнеді. Ал ақ ұлпа бұлт болса, жаймашуақ күннің белгісі.
Ағылшын, қазақ халықтарының ауа-райын болжаудағы ұқсастықтар
1. Құстар
2. Бақалар
3. Құмырсқалар
3. Қой
3. Сиыр
3. Аспан
3. Бұлт
3. Ара-көбелектер
эколайф-25 февраля.pptx