АУ































АУ АЛ ОБ Ж Қ ор ы ЛЫ до кт ИЯ h. D , P Ц ыс ы Дәріс 2 И уш СТ оқ ыт ИНВЕСТИЦИЯЛ ВЕ а ға ың ИН ЫҚ БИЗНЕС- ын рас ед и ка ф ЖОСПАРЛАУ м но Эк н: . а ға С. Ж ы нд лла Ор йно Зе
2. 1. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ТҮСІНІГІ «Бизнес-жоспар» ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «кəсіпкерлік іскерліктің жоспары» дегенді білдіреді
БИЗНЕС-ЖОСПАР – бұл кəсіпкерлік іскерлікпен байланысты басқару-шылық шешімдерді кешенді, жүйелі түрде түсіндіретін, алдына қоятын мақсаттарды жəне одан шығатын міндеттерді анық көрсететін, сыртқы жəне ішкі жағдайларды объективті тұрғыда бағалайтын, мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды анық- тайтын, осының бəрін сандармен сипаттап, берілген шешімнің тиімділігін бизнеске тартылған барлық қатысушыларға (тұтынушы- лар мен оған ақша салушылардан бастап, одан жақсы
Бизнес-жоспар барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға іскерлік ақпараттарды жеткізуге арналған: бизнестің потенциалды қатынасушылары мен көмекшілеріне, жергілікті əкімшілігіне, мүмкін болатын инвесторларға, эксперттерге.
БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ мазмұны кешенді жəне жүйелі болуы керек, бұл онда сақталған ақпараттардың толық екендігін (маркетингтік, қаржылық, құқықтық, экономикалық, техникалық, тарихи) білдіреді.
2. 2. Бизнес-жоспар жəне ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау
БИЗНЕС-ЖОСПАР жаңа өндірістік қуат құру арқылы немесе өндірісті жаңарту, оны техникалық қайта қамтамасыздандыру негізінде жаңа өнім шығаруды іске асыру үшін сырттан қаржы көздерін тартумен байланысты ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді негіздеуде қолданылады.
КАПИТАЛДЫҚ САЛЫНЫМ сатып алынған активтерді қолданудың бүкіл кезеңінде табыс əкелуі тиіс, инвестор салынған капиталынан күтетін табысының нормасы оның басқа бір салаға салынған салымының табыстылығынан кем түспеуіне үміттенуге құқылы.
ҚОРЫТЫНДЫ * барлық инвестициялық шешімдер стратегиялық болып табылады, өйткені көп жағдайларда кəсіпорынның ағымдағы шығындарын алдын ала анықтайды. Инвестициялық шешімдер – ұзақ мерзімді шешімдер, оларды болжау сипаты кəсіпорынның қызметінің барлық аспектілерін сыртқы жəне ішкі факторларды есепке ала отырып, мұқият қайта өңдеуді талап етеді;
ҚОРЫТЫНДЫ *инвестициялық шешімдер белгісіздікпен жəне тəуекелмен байланысты, сондықтан міндетті түрде арнайы құралдарды қолдануды керек етеді (тəуекелдерді талдау);
ҚОРЫТЫНДЫ * инвестициялық шешімдердің белгісіздігі мен тəуекелдерінің минимизациялануы жоғары деңгейде дайындалған ақпараттық базаға негізделуі керек (шынайы жəне кешендік).
2. 3. Бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны
2. 3. 1 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 1 МЫСАЛ: 1. Өндірілетін өнімнің сипаты. 2. Өнімді өткізу нарығы. 3. Бəсекелестері. 4. Маркетингтің жоспары. 5. Өндіріс жоспары. 6. Өндірісті ұйымдастыру. 7. Заңдық жоспары. 8. Қаржылық жоспары. 9. Қаржыландыру жоспары. 10. Резюме. 11. Қосымша.
БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ 2 МЫСАЛЫ: 1. Кіріспе. 2. Кəсіпкерлік қызметтің мақсаты. 3. Кəсіпорынның мінездемесі мен потенциалы. 4. Кəсіпкерлік қызмет түрінің сипаттамасы. 5. Өнімнің сипаттамасы. 6. Өнімді өткізу нарығының бағасы. 7. Бəсекелестерінің сипаттамасы мен бағасы. 8. Өнімді өткізу болжамы. 9. Маркетинг стратегиясы. 10. Маркетинг жоспары. 11. Өндіріс жоспары. 12. Ұйымдастыру құрылымы менеджмент. 13. Персоналы. 14. Өнімнің табыстылығын талдау; 15. Қаржы стратегиясы; 16. Қаржы жоспары.
АҒЫЛШЫН САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН БАСТАУШЫ БИЗНЕСМЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗЫҚТЫ СҰРАҚТАРЫНА ТОҚТАЛАЙЫҚ Нарыққа шығу қандай тəуекелдермен байланысты?
АҒЫЛШЫН САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН БАСТАУШЫ БИЗНЕСМЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗЫҚТЫ СҰРАҚТАРЫНА ТОҚТАЛАЙЫҚ Сіздің жағдайыңызда қандай сауда ұсынысы бірегей болып табылады?
АҒЫЛШЫН САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН БАСТАУШЫ БИЗНЕСМЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗЫҚТЫ СҰРАҚТАРЫНА ТОҚТАЛАЙЫҚ Өнімнің патенттік қорғалуын қай дəрежеде іске асыру керек?
АҒЫЛШЫН САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН БАСТАУШЫ БИЗНЕСМЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗЫҚТЫ СҰРАҚТАРЫНА ТОҚТАЛАЙЫҚ Сіздің сатып алушыларыңыз тұтыну нарығында ма, өнеркəсіп нарығында ма?
АҒЫЛШЫН САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН БАСТАУШЫ БИЗНЕСМЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗЫҚТЫ СҰРАҚТАРЫНА ТОҚТАЛАЙЫҚ Осы мақсаттар үшін арнайы журналдармен танысу немесе көрмелерді аралау қай дəрежеде?
АҒЫЛШЫН САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН БАСТАУШЫ БИЗНЕСМЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗЫҚТЫ СҰРАҚТАРЫНА ТОҚТАЛАЙЫҚ Сіздің өніміңізді тұтынушы қандай ұтысқа ие болады?
АҒЫЛШЫН САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН БАСТАУШЫ БИЗНЕСМЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗЫҚТЫ СҰРАҚТАРЫНА ТОҚТАЛАЙЫҚ Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қандай қосарлама қызметтер керек?
АҒЫЛШЫН САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН БАСТАУШЫ БИЗНЕСМЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗЫҚТЫ СҰРАҚТАРЫНА ТОҚТАЛАЙЫҚ Өнімді өткізу жүйесі қалай құрылады?
БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ КƏСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ТҮРІН НЕГІЗДЕУДЕ ЕМЕС, БАСҚА ДА БІРҚАТАР ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ ДЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ: сыртқы нарыққа жаңа немесе бұрыннан шығарып жүрген өніммен шыққанда; инвесторларды тарту қажеттілігі туындағанда; несие алғанда; қаржылық іскерліктің жоспарын құрғанда; өнім өндірісінің көлемі өскенде.
2. 3. 2. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ МАЗМҰНЫ Бизнес-жоспар жасауда төмендегі сұрақтарға баса назар аударылғаны жөн: Сізге қанша құрал қажетті? Сізге берілген ақша қалай жұмсалады? Сіз өз өніміңіз немесе қызметтеріңізді қай жерде жəне қалай сатпақшысыз? Өз инвесторларыңызға ақшаны қалай қайтармақшысыз?
1. ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ. Бұл бөлім екі беттен аспайды, онда бизнес-жоспардың қысқаша мазмұны берілу керек: бизнестің сипаттамасы; басқару; негізгі қаржылық көрсеткіштері; инвестицияның қажеттілігі.
2. КОМПАНИЯ. Бұл бөлім осы шақтағы компанияның қыз- метінің толық сипаттамасын, оның тарихы мен стратегиясын көрсету керек: компанияның тарихы; ағымдағы іскерлік; іс жүргізу стратегиясы.
3. ІСТІҢ САЛАСЫ. Саланың шолуы нарықтың өлшемі жайында ақпараттарды, осы өнеркəсіптік сала нарығының негізгі қатысушыларын, осы саланың даму тенденциясын қамту керек. Компанияның жетекшілері осы саланы жəне компания-ның дамуына ықпал ететін сыртқы факторларын жете түсіну керек: өнеркəсібі; жетістікке жетудің сыни факторлары; басқа факторларын бағалау.
4. ӨНІМ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ. Компанияның өнімін немесе қызметтерін сипаттау. Сіздің компанияңыз ұсынатын өнімдердің немесе қызметтердің арасындағы айырмашылығына жəне бəсекелестеріңіз ұсынатын баламаларына ерекше көңіл бөліңіз: өнімдер немесе қызметтер; өнімді немесе қызметті салыстыру.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ 1. Н. Ш. Əлжанова. ЖОБАЛАРДЫ ТАЛДАУ. Оқу құралы, ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ. - 20 -21 бет
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Н. Ш. Əлжанова. ЖОБАЛАРДЫ ТАЛДАУ. Оқу құралы, ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ. 2. http: //nicemanager. com/biznes-plany 3. http: //homestartup. ru/us_business-plan. html
Рахмет!!!!!!!!!

