Атмосфералық ауаны ластаушы көздер
Атмосфералық ауаны ластаушы көздер
Оңтүстік Қазақстан облысының атмосфералық ауасының аса ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған және негізінен олар ластауыш заттардың валдық шығарындыларын түзеді де, өңірдің әуе бассейнінің жалпы жағдайына әсер етеді. Егер, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның экологиялық жағдайы нашар алты өңірдің біріне жатса, Шымкент қаласы автокөлік түтінімен ең жоғары ластанған қалалардың үштігіне кіреді. Автокөлік санының артуы, әсіресе облыс орталығында, ерекше алаңдаушылық тудырады.
Атмосфералық ауаны жылжымалы көздердің ластауыш заттарының шығарындыларымен ластағаны үшін төлемдерін анықтау әдістемесінің негізінде Шу-Талас экология департаментінің Оңтүстік Қазақстан филиалы мамандарымен жасалған алдын-ала есептер бойынша соңғы 5 жыл ішінде жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары 2 еседен астам көбейген. Жылжымалы көздерден ластауыш зат шығарындыларының көбеюі облыс аумағында автокөлік санының артуымен байланысты болып отыр.
2003 -2008 жылдарға жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары (тонн) жылдар 2003 2004 2005 2006 2007 2008 Ластауыш 53278 67957 81171 98024 112204 121480 зат шығарынд ылары, барлығы
Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундыша атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11 -ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60 -70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500 -ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты.
Табиғи ластауыштар Радиоактивті Жанартаулар Орман мен Шаң, тұз Ғарыш шаңы жер өрттері көшкіндері
АНТОРПОГЕНДІК ЛАСТАУШЫЛАР: Ø өнеркәсіп, оның ішінде үлес салмағы бойынша электроэнергетика, отын өндірісі, машина жасау, тау-кен өндірісі; Ø көлік (автомобиль, темір жол, су, әуе транспорттары); Ø тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық (орталық және жеке жылу орталықтары, қоқыстарды өртеу, олардың шіруі); Ø ауыл шаруашылығы (мал, құс өсіру кешендері, химиялық заттар қолдану, ауыл шаруашылығы заттарын өңдеу, ағаш өңдеу).
Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалддықтардың химиялық құрамының әр түрлі болуына сәйкес, олардың тигізер әсеріде әр түрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады. Сондай-ақ ол судың оттек бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттары ыдырататын бактерияларды құртып, балықтарды улайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның әр түрлі тұздары мен көмірді кокестеу кезінде пайда болатын фенол, цианидтер негіз ретінде әсер етеді. Енді біреулері (қыш-қылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизм-дердің ара қатынасын өзгертеді.

