Родительская конференция_на каз.ppt
- Количество слайдов: 18
Ата-аналар Қонақжайы «Бала құқықтары- ата-аналар міндеттері»
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнермен қуантады түбінде. Бала нені білсе жастан, ұядан – Өле -өлгенше соны таныр қиядан. Жүсіп Баласағұн
XXI ғасыр – бала ғасыры 20 қараша – Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күні 10 желтоқсан – Адам құқықтары күні
70 - бап. ҚР Отбасы Кодексі Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері 71 -бап. ҚР Отбасы Кодексі Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері
27 -бап. ҚР Конституциясы Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу атаананың етене құқығы әрі міндеті. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген тұлғаларға қарсы олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Бала құқығы туралы Конвенция – дүниежүзі балаларының құқығын қорғауды реттейтін маңызды құжат. Конвенция – бұл бала құқығының тізімі ғана емес, осы құқықтарды қорғау үшін мемлекет міндеттемелерінің тізбесі болып табылады. БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұаратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінд , егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші болып бекітілмесе 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды. Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін өзіне алады.
7 -бап және 8 бап Бала дүниеге келген соң, өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай-ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата-анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.
9 -бап Бала өз мүддесіне қарамақайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата-анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай-ақ бала ата-анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдайда олармен байланыс жасап тұруға құқылы.
14 -бап және 15 бап Барлық балалардың өз ойларын ашық жеткізуге, өз қызығушылықтары бойынша шаралар ұйымдастыруға және оларға қатысуға құқысы бар.
34 -бап , 35 -бап және 36 бап Барлық балалардың жәбірленуден, балаларды ұрлаудан немесе басқа да мақсатпен балаларды пайдалану жолдарынан қорғануға құқысы бар.
24 - бап Бала нақты түрде қамтамасыз етілген, ең жоғарғы стандарттарға сай медициналық көмек алуға, сонымен қатар оның денсаулығына ықпал ететін жағдайлар мен емдеу шаралары туралы ақпарат алуға құқылы.
30 - бап Этникалық, діни немесе тілі жөнінен азшылық топқа немесе жергілікті халыққа жататын бала өз тобының басқа мүшелерімен бірге өз мәдениетін пайдалануға, өз дінін тұтынуға, оның салт – жораларын ұстануға және ана тілінде сөйлеуге құқысы бар.
28 - бап және 29 -бап Барлық балалардың баланың тұлғалық дамуына мүмкіндіктер туғызатын білім алуына құқысы бар.
27 – бап Барлық бала әлеуметтік дамуына лайықты өмір деңгейіне мүдделі және құқылы. Бұл дегеніміз бала тамағы, киімі және баспанасы болуға тиесілі.
31 - бап Баланың тынығуға және мәдени демалуға, өз жас мөлшеріне лайық түрлі ойындар мен көңіл көтеру шараларына қатысуға, мәдени өмірге еркін араласып, өнермен айналысуға құқығы бар.
ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ, БІРАҚ ӨЗГЕ АДАМДАРДЫҢ ДА ҚҰҚЫҒЫН СЫЙЛАУДЫ ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ!
БАЛА ҚҰҚЫҒЫ Ø Өмір сүруге құқылы Ø Есім және азаматтық алуға құқылы Ø Медициналық көмек алуға құқылы Ø Білім алуға құқылы Ø Тынығуға және мәдени демалуға құқылы Ø Мүлік иемденуге құқылы Ø Өз ойын еркін жеткізуге құқылы Ø Еркін жүріп-тұруға құқылы Ø Ата-аналар тәрбиесіне және қорғауына құқылы Ø Жан-жақты дамуға және адам беделін құрметтеуге Ø құқылы (бірде-бір бала жапа шекпеуі тиіс)
ОТБАСЫ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ОШАҒЫ Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туғантуысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н. Ә. Назарбаев
Родительская конференция_на каз.ppt