Astanada_damy_1171_an_servister.pptx
- Количество слайдов: 12
Астанада дамыған сервистер
Техника дамыған бүгінгі заманда көлік саласында да экологиялық таза әрі экономикалық жағынан шығыны аз заманауи технологиялар қолданыла бастады.
«Астана Тазарту» ЖШС елордадағы коммуналдық кәсіпорындардың ішінде алғашқы болып 9 техникасын осындай инновациялық құрылғылармен жабдықтап алды.
Астанада алғашқы рет қолданылып отырған газды дизелді жүйені еуропалық «Global Gaz» компаниясы әкеліп отыр.
Оның елордадағы ресми өкілдігі – «ЭКО Газтранс сервис» ЖШС аталмыш компанияның басшыларын тың технологиялардың тетіктерін астаналықтарға егжей тегжейлі түсін діруге арнайы ша қыртыпты.
«Global Gaz» кәсіпорнының бас инженері Федор Цигалоның айтуынша, газды дизельді жүйелермен қамтамасыз етілген құрылғылар орнатылған сәтте көліктердің тарту қуаты күшейіп, жанар май шығыны 40 пайызға дейін азаятын көрінеді.
Сонымен қатар, газ отыны 95 пайызға дейін жанып кететіндіктен қоршаған ортаға зияны да соғұрлым төмендейді. Көліктің жүрісі де жеңілдеп, қалдықтарды тұндыратын сүзгі үнемі таза қалпында сақталады екен.
Тың технология жүйесі қауіпсіздік талаптарына да сәйкес келеді. «Астана Тазарту» кәсіпорны арнаулы көліктеріне газды дизельді құрылғыларды орнатып, оны екі ай бойы сынақтан өткізіпті. Осы уақыт аралығында қосымша құрылғылардың тиімділігі мен артықшылығы дәлелденіп шыққан.
«Жаңа құрылғылармен жабдықталып, қайта жаңғыртылған көліктеріміздің қуаты 30 пайызға артқанын байқадық.
Сонымен қатар техниканың қозғалтқышына, моторына салмақ көп түспегендіктен көліктің қосалқы бөлшектерінің жарамдылық мерзімі де ұзаратыны сөзсіз» дейді мамандар.
Енді «Астана Тазарту» басқа көліктеріне де осындай құрыл ылар орнатуды ғ бастамақ.
Astanada_damy_1171_an_servister.pptx