астана арман кала.ppt
- Количество слайдов: 43
Астана – төл перзенті Елбасының
Астана – арман қала
Самұрық құсында ØАлтыннан жұмыртқа – Аңыздан шындыққа ØАйналды Бәйтерек!
Бәйтеректің басына сен шықтың ба? Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба? Өзегіңді жарып әппақ бір сезім, Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба? !
Елордам менің – Астана, Осында жаңа бастама Сәулетті зәулім үйлер көп, Көрікті сондай жас қала.
Он жылда өзгерген Астана көз көрген. Арайлы әр таңын Бақытқа кез келген.
Ескерткіш әсем көп мұнда, Тарихын оның тек тыңда. . .
Ақын бабамыз – Абай айтқан ‘Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. ’
Үш би қасынан өттің бе? !
Жер бетіне шуақты нұрын төккен, Тәңірінің сөнбесін күні көктен. Ерлік, сірә, жасамай тұра ала ма, Хан Кененің жолымен жүріп өткен.
Бүгінде менің Астанам – Еліне жыр мен дастан-ән!
Астананы қақ жарып тұғыры алып, Есіл өзені жосылған мың бұралып.
Толқып жатқан секілді сезіледі Арнасында су емес, шұғыла ағып.
Армандап өткен бабамыз Көз салып бүгін қараңыз, Сан ғасыр күткен сағынып – Астана – арман қаламыз.
Алтын сәуле көзінен сырғанаған. Ақордадан далаға нұр тараған. Шағылысып ақ шаңқан шатырына Зеңгір көктен ғашық боп күн қараған.
Бір қала сәулеттенді бұл ғасырда Төрінде Сарыарқаның жалт-жұлт етіп.
Астананың қасынан Есіл ағып, Есіледі жағаның есін алып. Арнасына, кім кепіл, құйған шығар Жылағанда көз жасын жесір налып.
Астана ақыл-ойдың тұрақ ізі, Астана егеменді ел рәмізі. Қазақтың Ақордасы – Астанаға Таң қалып қарап отыр дүниежүзі.
Жетімдіктің бір кезде күйін кешкен, Қазақ бұрын бақ іздеп жиі көшкен. Озық ойлы бұл күнде елге айналды Бәйтерегі көк тіреп биік өскен.
Содан, сірә, көзімде күн күледі, Үкі таққан үмітім үлбіреді. Әлемдегі жеті ұлы кереметтің Бірі шығар Астана, кім біледі?
Ақорда – тірегім, Астана жүрегім. Құлпырған гүл – шағым Аңсаумен жүремін.
Әлемдегі ең әдемі жас қала, Азияның Бәйтерегі – бас қала.
Астана – арайлым, Таңдана қараймын. Гүлзарлы бағыңды Жұммаққа балаймын
Астана әсем қала таласы жоқ, Көңілге көрік берер саласы көп. Бұл күнде Астананы ел айтып жүр, “Жастықтың биік арман қаласы” – деп.
Жасыл қалам, әсем қалам – Астан ам!
Ырыс, бақыт ордасы, Шаңырағың биік болып, Керегең жайған кең болып, Барлық елмен тең болып. Жасай бер, мәңгі, Астана!
астана арман кала.ppt