эпид грипп и птичьи грипп.pptx
- Количество слайдов: 20
Астана медициналық университеті Тұмау және құс тұмау кезіндегі шаралардың стандарттары мен алгоритімі Тексерген: ________ Орындыған: Омармен А. Ш. 330 топ ЖМ
Тұмау тұрі Тұмау v Құс тұмауы v Доңыз тұмауы v
Тұмау ауруы жалпы жұқпалы аурулар арасында қала аумағында жетекші орында тұр. Дегенмен жылдан жылға бұл аурудың таралуы біртіндеп азайып келеді Тұмау вирусы тұрғын халықтың барлық топтары арасында ауру – сырқаулықтың таралуына себеп болады. Тұмаумен кез келген адам, тіпті ауруға бейім емес топтағы адамдар да ауырады (созылмалы аурумен ауыратын ересектер мен балалар, жасы ұлғайған адамдар ж. т. б. ).
Созылмалы аурулармен ауыратын ересек және басқа адамдар тұмаумен ауыра қалған жағдайда бұрынғы ауруларының қозып , оларға әр түрлі ауыртпалықтар әкелуі мүмкін. Тұмау ауруының қабынуына және бұрынғы созылмалы аурудың қозуына , тіпті өлімге әкеліп соғуы мүмкін. . Ал сау адамдар арасында тұмау тыныс жолдары ауруы түрінде 5 күн көрініс береді. Кей жағдайда адамдарға ауруға байланысты 5 және одан да көп күнге еңбекке жарамсыздық парағын алуға тура келеді, ауырғандардың 40 – 50 % дәрігер көмегіне кеш келеді.
Аурудың тарау көрсеткіші Соңғы бес жылда аурудың өршуі бір рет көрініс берген еді , аурудың кең етек алуы 2003 жылы тіркелді, бұл жылы 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіші 4652, 3 , ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 945, 0 болды. Аурудың өршу мерзімінен кейін, оның бірден азаю көрінісі 2004 ж ( 202, 5) және ( 0, 0 ) 2006 жылы байқалды. Эпидемиологиалық процесс ерекшеліктерін ескере отырып, Балқаш қаласында тұмаудың өршуі 2007 жылы басталып, 2008 жылы аурудың өршуі аяқталады деп болжам жасалуда.
. Жыл сайын әлемде тұмаумен 500 млн. адам ауырады, оның ішінде өлім –жітім 0, 01% ден 0, 2 % құрайды , яғни бір жылда тұмаудан 2 млн. адам көз жұмады.
Тұмаудың белгілері мыналар - тамақ ауруы , дене қызуының көтерілуі , бас ауруы , сонымен қатар , бұлшық еттің ауруы, осыдан барып адам еңбекке уақытша жарамсыз болып қалады
Тұмаудың алдын алу ол халықты оған қарсы егу шаралары. Бұл шара жылда тұмау індетінің таралу мерзімінің алдында жүргізіледі. Тұмауға қарсы егу шараларының нәтижесі 90% көлемін құрайды. Вакцинациялау шаралары халық арасында бұл аурудың өршуіне жол бермей аурудың жеңіл өтуіне өз септігін тигізеді. Сонымен қатар емдеу – профилактикалық ұйымдар арқылы тұмауға қарсы егу шараларын жүргізу үшін ақылы егу кабинеттері жұмыс жасайды.
Сонымен қатар көптеген өндіріс орындары мен ұйымдар өз қызметкерлері арасында иммундау шараларын жүргізу үшін өз еркімен вакциналар сатып алып жатады. Кейінгі жылдары облыстың дәріханаларында тұмауға қарсы дәрі –дәрмектің түрі көбейді. Тұмауға қарсы қолданылатын вакциналар қауіпсіз және олар тұмаудың алдын алудағы жоғарғы шаралардың бірі болып саналады.
Құс тұмауы «Құс тұмауы» - бұл құстардың жұқпалы ауруы, ол вирусты тұмаудың А типіне жатады. Құс тұмауының вирусы алғаш рет ХХ ғасырдың басында Италияда анықталған, көптеген уақатқа дейін адамдарға қауіпті деп саналып келді. Адамдар арасындағы құс тұмауының белгілері қарапайым тұмауға ұқсас белгілерден (конюктивит, қызба, жөтел, тамақтың ауруы және бұлшықеттердің ауруынан) бастап көз ауруының жұқпасы, өкпенің қабынуы, жіті респираторлық аурулар, вирусты өкпе қабынуы және басқа да ауыр, өмірге қауіпті белгілерге дейін түрленеді.
Құс тұмауының тарау көрсеткі . Құс тұмауымен ауырған адам алғаш рер 1997 жылы Гонконгтан анықталған, тұмаудың 1 түрі 18 адамның ауыруына әкеліп соқтарды, оның 6 адамы қайтыс болған. Бұл тұмау тек қана құстарға ғана емес, сонымен қатар адамдардың өміріне де қауіпті. Тұмау құстардан немесе солардың шикі етін жегеннен жұғады. Оның вирустары қатты мұзда да бола береді, 70 градустан төмен температурада ол бірнеше жылдың көлемінде сақтала береді. Бірақ бірнеше секунд ішінде жоғары температурады өледі.
Құс тұмауынан сақтану үшін ауылдық елді-мекендерде тұратындар үй құстарын өз ауласында ұстауы тиіс. Бұл жағдайларды олар жабайы құстармен байланыста болмайды; құс еттерінен тамақ дайындау барысында тиісті шараларды сақтау қажет; Құстың шикі етімен және құстардан жасалған тағамдармен жұмыс жасағаннан кейін, қолыңызды сабынмен жақсылап жуыңыз.
Доңыз тұмауы Антигендік А Н 1 N 1 формуласымен белгіленген жаңадан пайда болған тұмаудың вирусы, яғни «доңыз тұмауы» адамға өте қауіпті. Калифорнияда анықталған вирустың ішінде адамның, құстың және енді ғана белгілі болған доңыз тұмауларының гендері табылған
БДҰ-ның мәліметі бойынша қазіргі күні Н 1 N 1 - түріне жататын тұмаудың вирусымен науқастанған адамдардың расталған жағдайларының жалпы саны 365 -і құрайды, оның ішінде 234 - і (63%) өлімжітіммен аяқталған. Вирус жаңа географиялық аумақты игеріп, барлық Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытайды жайлап аумағын кеңейтуде.
Ауырудың алғашқы сатыларында. Ауырудың алғашқы сатыларында вирусты жұқтырған адамнан ешқандай белгілер байқалмайды, бірақ ол айналасындағы адмдарға беріледі. Аурудың алғашқы белгілері ауыруды жұқтырған соң 7 күн өткеннен кейін пайда болады.
Доңыз тұмауының басты белгілері қызуы көтерілуі немесе тоңуы, жөтел, тамақ ауруы, жүрек айнуы, диарея, бас ауруы, мұрынның бітелуі, мұрынның ағуы, бұлшық еттердің ауруы. Ауыру науқас адамнан сау адамға ауру ауа арқылы таралады. Вирустың ең кішкентай түйіршіктері үстелдің, телефонның және тағы басқа заттардың үстінде сақталып, адамның ағзасына қол арқылы жұғады. Егерде қарапайым тұмау нәресте мен қарттарға қауіп төндірсе, доңыз тұмау дені сау адамғада өте қауіпті болып табылады.
Доңыз тұмауы сақтандыру шаралары · Суық тиіп ауырған адамдармен жақын қарымқатынаста болмауға тырысыңыз! · Жылдың суық мезгілінде денеңіздің тоңазып қалмауын қадағалаңыз! · Суық тиіп ауырсаңыз басқа адамдармен қарымқатынаста болмаңыз! · 7 тәулік бойы қандай жағдайда да үйден шықпаңыз, егерде суық тиіп ауыра қалсаңыз мектепке бармаңыз! · Өзін-өзі емдеуге жол бермеңіз, аспирин және құрамында аспирині бар дәрілерді 18 жасқа толмаған балаларға бермеңіздер! · Ауыру адамның пайдаланған ыдыс-аяғын басқа біреу қолданғанға дейін сабынмен жуыңыз!
· Жөтелген және түшкірген кезде аузыңызды қолыңызбен, орамалмен жабыңыз. · Қолыңызды қайталап жуып тұрыңыз, әсіресе дәретхана мен қоғамдық көліктерде болған соң. · Доңыз тұмауы А / N 1 H 1 тіркелген мемлекеттерге (АҚШ, Канада, Мексика) жоспарланған сапарыңызды кейінге қалдырыңыз! · Доңыз тұмауы А / N 1 H 1 тіркелген мемлекеттерден келген азаматтармен қарым – қатынстан сақ болыңызы! · Амандасқанда бөгде адамның қолын алмаңыз! · Басқа адамдармен сөйлескенде 1, 8 – 2 м ара қашықтық ұстаңыздар!
тұмауы жөнінде төтенше жағдай жарияланғанда · Міндетті түрде таяу жердегі дәріханадан хирургиялық маска немесе респератор сатып алыңыз! · Үйден шығарда мақта марлядан жасалған бетперде киіңіз! · Қоғамдық орындарға бармауға тырысыңыз! Қоғамдық көліктермен жүрмеңіз! · Үлкен адамдар балалар мен отбасы құрамының басқа да мүшелерінің денсаулығын үнемі бақылауда ұстауы қажет! Тәулігіне екі рет дене қызуын тексеріп отыру керек! · Дене қызуы 38, 8 С немесе одан жоғары көтерілгенде және жөтел, тамақтың ауыруы сияқты суық тиюдің белгілері бақалған жағдайда жедел түрде дәрігерге көрініңізі!
Осы ережелерді берік сақтасаңыз, өзіңізді және отбасыңызды тұмауынан қорғайсыз!
эпид грипп и птичьи грипп.pptx