Айкен М. 207 топ.pptx
- Количество слайдов: 25
Астана Медициналық Университеті Патологиялық анатомия кафедрасы Тақырыбы: Өлім оның белгілері. Танатогенез. Өлімнен кейінгі өзгерістер. Қабылдаған: Иманмадиева И. М. Топ: 207 ЖМ Орындаған: Айкен М. Астана 2015 жыл
Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім • Танатология. • Өлімнің белгілері. • Өлу үрдісі. • Мәйіттің сууы. • Өлімнен кейінгі өзгерістер. III. Қорытынды IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе Әрбір ағзаның жеке тіршілігінің ақырғы фазасын - өлім деп атайды. “Өмір барда, өлім бар” деп халық бекер айтпаған. Адам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп қарау керек. Өлімнен кейін тіңдер біраз уақыт өзінің тіршілігін сақтай алады. Яғни, өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды.
Ағзаның зат алмасу және сыртқы ортамен қарым - қатынасы бұзылған кезде оның өлімі басталады. Ағза өлімінің табиғи себептері болып қартаю құбылыстарының тереңдеп үдей түсуі, патологиялық құбылыстар, сыртқы орта факторларының зиянды әсерлері болуы мүмкін. Адам өлгеннен кейін оның мүшелерін трансплантацияуға болады. Мысалы, бүйректерді, жүректі өлген адамнан ауру адамға көшіріп отырғызу тәжірибеде кең жол алған. Ол үшін өлімнің белгілерін білу керек.
Негізгі бөлім Өлім белгілерін анықтау барлық дәрігерлер үшін, патологанатомдар үшін аса қажет. Патологанатомдар өлімнің қандай ауру салдарынан болғанын, пайда болу механизмдерін ашып береді.
Өлу сатылары 1. 2. 3. 4. 5. Агония алды жағдай Терминалды үзіліс сатысы Агония (күресу) Клиникалық өлім Биологиялық өлім
I. Жанталас алды кезінде(Преогония): -есі әлі сақталған, бірақ емделуші өте баяу, есі шатасқан; пульсі жіп тәріздес, тахикардия; -тыныс алуы жиілейді; -осы фазаның ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше тәулікке созылады II. Жанталаскезінде(Агония): -естің болмауы мүмкін, бірақ емделушінің естуі мумкін; -терісі өте боз, кейде акроцианоз немесе мәрмәр түсті болады немесе басы көгереді; пульсі ірі тамырларда ғана анықталады, брадикардия дамиды; -сирек, ырғақсыз, жанталаса тыныс алу байқалады.
Терминалды үзіліс сатысы – кенеттен тыныстың тоқтауы және жүрек қызметінің тежелуімен сипаталатын бірнеше секундтан 3 -4 минутқа созылатын жағдай. Адам толықтай есінен танады, рефлекстер жойылады. Бұл кезеңнің ерекшелігі ми қыртысының терең тежелуіне қарамастан, ондағы бульварлы орталықтар қызметінің сақталған, соның нәтижесінде организм дезорганизациялық сипатта болады. Өлімнің әрбір сатысының ұзақтық мерзімі әр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе тәулікке созылуы мүмкін. Клиникалық өлім 5 -6 мин соң биологиялық өлімге айналады. Осы кезден бастап организмді мәйіт деп атауға болады.
IV. Клиникалық өлім. Бұл бірнеше минут (3 -6 минут) аралықтарында ағзаның бастан кешіретін жағдайы. Бұл өмір мен өлім аралығындағы қайтымды, қысқа мерзімді кезең: -есі болмайды; терісі боз, көгерген, суық, мәрмәрлі, тамыр дақтары пайда болады; -пульс анықталмайды; -тынысы тоқтайды (апноэ); -көз қарашығы мейлінше кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ.
Биологиялық өлім Қайта қалпыны келмейтін жағдай, яғни бұл кезеңде адам организмінің маңызды функцияларын қайта қалына келтіру мүмкін емес. Ең алдымен қалпыны келмейтін бұзылыстар ми қыртысында пайда болады, бұл дегеніміз мидың өлімі болып табылады. Организмдегі әр мүшенің өлуі әртүрлі мерзімде жүреді және осы уақыт 20 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Осы кезең ішінде мүшелер әртүрлі сыртқы - химиялық, механикалық және электрлік тітіркендіргіштерге жауап береді. Өлгеннен кейінгі әр тканнің сыртқы тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеті суправитальды реакциялар деп аталады. Суправитальды реакциялар басқада белгілермен бірге өлім пайда болған уақытты анықтау үшін сот медицналық сарапшыларымен кеңінен қолданылады. .
ӨЛІМ. Өлім биологиялық түсінік, сонымен қатар адами қоғамдағы әлеуметтік құқықтық көрініс болып табылады. Өлімнің биологиялық тұрғыдан жіктелуі табиғи немесе физиологиялық және де табиғи емес немесе уақытынан бұрын өлу деп бөлінеді.
Табиғи өлім Адам әбден қартайып, ағза қызметтерінің бірте – бірте әлсіреп барып, тоқтауымен, тозуымен байланысты. Ғылымдардың болжауы бойынша адам 160 – 180 жас, бірақ көптеген себептерге байланысты бұл жасқа осы күндері жекелеген адамдар ғана жетіп отыр.
Өлім Зорлық-зомбылық нәтижесінде Ауру нәтижесінде
зорлық өлім Аурулардан болған зорлық емес өлім Механикалық жарақаттар Жүрек қан тамыр жүйесінің Механикалық асфиксия Тыныс алу жүйесінің Уланулар Орталық жүйке жүйесінің Әртүрлі температуралар әсерінен Асқорыту жүйесінің Электрлік токтық әсерінен Қатерлі ісіктерден Баротравма Жұқпалы аурулардан Сәулелік энергияның әсерінен болған өлімдер Жүктілік және босану кезінде болған Басқа жүйелердің ауруларынан болған өлімдер
Өлімнің алғашқы белгілері: 1. 2. 3. 4. 5. Мәйіттің сууы. Сіресіп қалуы. Мәйіттің кебуі. Қанның қайта бөлінуі. Мәйіт дақтары.
Мәйіттің сууы Өлгеннен соң организмдегі зат алмасу үрдісінің тоқтауына байланысты. Дене жылуы бірте – бірте азайып, айналадағы температурадан 0, 5 -1 С төменірек дәрежеге дейін түседі.
Мәйіттің сіресіп қалуы. Дене бұлшық еті қатайып, тартылып қалуына байланысты. Бұл өзгерістердің негізіндегі биохимиялық үрдістер жатады. Тірі организмдегі бұлшық еттердің белгілі бір тонуста тұруы АҮФ қышқылының бұлшық еттерімен байланысты. Өлгеннен соң АҮФ бірте – бірте жойылуына байланысты және сол жерде сүт қышқылының, кальцийдің жиналып қалуы себепті бұлшық еттер қайтадан тартылып, сіресіп қалады. Жақ, бет, мойын бұлшық еттерінен басталып, бүкіл денеге тарайды, бір тәуліктен кейін барып олар қайтадан босай бастайды. Мәйіттің сіресуін жасанды түрде жою үшін біраз күш жұмсау керек.
Мәйіттің кебуі Өлгеннен кейін денедегі сұйықтықтардың құрғап және буланып кетуінің нәтижесі. Өлгеннен соң бірнеше сағаттан кейін басталып, терінің, шырышты қабықтардың кеуіп қалуына алып келеді. Көздің мөлдір қабығы күңгірттеніп, ақшыл қабығы өзінің реңін жоғалтып, сарғыш – сұр түсті болады. Еріннің шырышты қабығы, терінің жұқа жерлері қатып, бүрісіп, қоңыр – қызыл түс алады.
Қанның қайта бөлінуі. Өлгеннең соң артерия қан тамырының қысқаруы нәтижесінде қан вена тамырларына өтеді және өзінің салмағына байланысты дененің төменде жайғасқан бөліктерінде жинала бастайды. Жүректегі және ірі вена тамырларындағы қан ұйып қалады.
Мәйіт дақтары Өлгеннен соң 2 -4 сағаттан кейін пайда болады. Олар мәйіттің төменгі бөліктерде көкала – қызыл немесе қоңыр – күлгін түсте көрінеді. Қолмен басқанда олардың реңі ақтан дақтанып барып аз ғана уақыттан соң өз реңіне қайтадан кіреді. Бұл белгілі мәйіт тірі кезіндегі қанталаулардан ажыратуға жәрдем береді.
Мәйіт дақтары келіп шығуы қанның қайта бөліну механизімен түсіндіріледі. Мәйіт дақтарының орны аурудың өлер кезде қалай жатқандығына байланысты. Бірінші тәуліктің екінші жартысында қандағы эритроциттер гемолизге ұшырайды, плазма қан тамырларынан шыға бастайды. Осы плазманың тіндерге сіңу үрдісін имбибиция деп атайды.
Өлімнен кейінгі белгілер Аутолиз Шіру
Аутолиз Гидролиздеуші ферменттердің белсенділігінің күшеюімен байланысты. Сол үшін аутолиз көп болған ағзалардан басталады. Ұйқы безінде, бүйрек үсті безінде, бауырда аутолиз үрдісі басқа ағзаларға қарағанда күштірек көрінеді. Мәйіттің шіруі Аутолиз үрдісінің күшеюімен және оған шірітүші бактериялардың әсерінің қосылуымен түсіндіріледі. Шіру үрдісінің жылдамдығы қоршаған ортаның температурасына байланысты. Тіндерде өте жағымсыз иіс пайда болып, олар сарғыш – жасыл түске кіреді. Газ түзуші бактериялар көбейгенде газ бүкіл денеге тарап, мәйіт эмфиземасы пайда болады. Кейін органикалық заттардың бәрі шіріп, тек сүйектін бейорганикалық заттары қалады.
Мәйіттік құбылыстардың түріне және пайда болу мерзіміне байланысты өлім мерзімін анықтау Мәйіттік құбылыстар Өлгеннен Толық дамуы кейін пайда болу мерзімі Мәйіт дақтары Гипстаз 1, 5 -2 сағ. Мәйіттік сіресу 1 -3 сағ. Басталады. 20 -24 сағ. соң Барлық бұлшықеттер 5 -6 сағ. 3 -7 тәулік ішінде мәйіттік сіресу жазылады Мәйіттің салдындауы Бет аймағы мен қол басы 24 сағ. соң 1 -2 сағ. Дененің басқа аймақтары 4 -5 сағ. Аутолиз 2 -6 сағ. әртүрлі мезгілде Шіру 24 -48 сағ. Әртүрлі мезгілде Мумификация Алғашқы айда Майлану 2 -3 айда 4 -6 ай және оданда көп уақытта 6 -12 ай және оданда көп уақытта Стаз 10 -24 сағ. Имбибиция 24 -36 сағ. соң
Қолданылған әдебиеттер: • • • Струков А. И. “Патологическая анатомия. ” Ахметқалиев С. Е, Камбаров Ж. А. . “Клиникалық патоморфологияға кіріспе. ” Ахметов Ж. Б. “Патологиялық анатомия. ”
Айкен М. 207 топ.pptx