Arykbaeva_Galia_303_stom_DB.pptx
- Количество слайдов: 13
“Астана Медициналық Университеті”АҚ Жел шешек. Қызылша қызамығы. Орындаған: Арықбаева Ғ. Б. Топ: 303 стоматология Қабылдаған: Габдуллина Д. М. Астана 2015
Жоспар Жел шешек. Этиологиясы. Патогенезі. Қызылша қызамығы. Этиологиясы. Патогенезі.
Жел шешек – ол терiде және шырышты қабықтарда везикулалы-пустулездi бөрiтпе пайда болуымен сипатталатын жоғары жұғымды жедел жұқпа.
Этиологиясы Аурудың қоздырғышы –Varicella Zoster вирусы. Оның негiзгi қасиеттерi - ұшқыш және қоршаған ортада тұрақсыз. Физикалық, химиялық факторларға өте сезiмтал, күн және ультракүлгiн сәулелерiне, қыздыру әсерiне байланысты тез өледi. Антибиотиктерге – тұрақты. Балалар арасында жайылған жұқпалардың бiрi. С е з i м т а л д ы ғ ы: адам арасында өте жоғары. Ең жиi ауыратын бiрiншi 4 жастағы балалар. Көбiне күз - қыс кездерде кездеседi. Аурудың көзi – адам. Вирус жұтқыншақтың шырышты қабығында, ауру адамның қанында, көпiршiктер сұйықтықтарында болады. Жұғу кезi инкубациялық кезеңнiң соңғы күндерiнен соңғы бөртпенiң 4 күнiне дейiн. Туғаннан кейінгі бірінші екі айларында жел шешек жатыр арқылы анасынан берілген иммунитетке байланысты сирек кездеседі.
Патогенезі Вирус жөтел, түшкiру, әңгiме кезiнде ауру адамнан денi сау адамға ауалы - тамшылы жолмен берiледi. Вирус өте ұшқыш, вентилляциялық жүйешек, қабаттан қабатқа 20 метрден жоғары тарайды. Өте сирек трансплацентарлық және қарым – қатынастық жол арқылы жұғады. Үстiңгi тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары бойынша адам ағзасына түседi де, қан арқылы барлық ағзаға тарайды. Терiнiң, шырышты қабықтардың эпителиiнде жиналып, вирус олардың көпіршіктенуін пайда қылады. Жасушалар өз қалпын жоғалтып, мөлдiр сұйықтыққа толы көпiршiктерге аударылады. Желшешектiң вирусы жүйке тiнiн зақымдайды, сондықтан бас ми қабаттары, мишық қабығы жиi қабынады. Iшкi ағзалардың зақымдануы өте сирек кездеседі.
Қызылша – ол уытталу белгiлерiмен, жоғарғы тыныс жолдарының және көз конъюнктивасының шырышты қабықтарының қабынуымен, дақты – папулездi бөртпемен сипатталатын жұқпалы ауру.
Этиологиясы Қызылшаның қоздырғышы – Polinosa morbillarum вирусы. Вирустың антигендерiне ағзада антиденелер пайда болады. Вирус сезiмталдығы физикалық және химиялық әсерлерге өте жоғары, күн, ультракүлгiн сәулелерi астында, қыздырғанда тез өледi, антибиотиктерге тұрақты. Бөлме температурасында өз белсендiлiгiн 34 сағат бойы сақтайды, төмен температурада – бірнеше ай бойы сақталады. Ауамен жайылып, қызылшаның вирусы қашыққа тарайтын қасиеті бар. Сезiмталдық - өте жоғары, 100%-ға дейiн. Ең жоғары ауырсыну 5 жасқа дейiнгi балаларда, 6 айға дейiнгi балалар анасынан берілген трансплацентарлық иммунитетке байланысты қызылшамен өте сирек ауырады. Ауру көктемде және жазда кездеседi. Аурғаннан кейін тұрақты иммунитет пайда болады. Аурудың көзi – тек ауру адам. Таралу жолы – ауатамшылы жол.
Патогенезі Қызылша вирусы ағзаға жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтары және конъюнктива арқылы түсiп, шырышты қабықтар астына және лимфотүйiндерге түседi. Лимфотүйiндерде вирустар көбейiп, қанға енедi де, барлық ағзаға тарайды. Вирустың ең көп жиналатын жері: орталық жүйке жүйесі, өкпе, таңдай бездерi, iшектер, бауыр, көк бауыр. Осы жерлерде қабыну процесс дамып, токсиндер және аллергендер пайда болады, олар жалпы уытталу белгілерін және ішкі мүшелердің зақымдануын дамытады.
Қызылша қызамығы – терiде ұсақ дақты бөртпемен, лимфа түйiндердiң ұлғаюымен сипатталатын немесе трансплацентарлық жолмен берiлiп, ауыр кемтарлыққа соқтыратын жедел жұқпалы ауру.
Этиологиясы Қызамықтың қоздырғышы – құрамында РНК бар Rubivirus тұқымдасының вирусы. Қоршаған ортада тұрақсыз, бөлме температурасында бiрнеше сағат iшiнде өледi, 100 о. С – бiрнеше минут арасында, 20 -40 о. С өз қасиеттерiн бiрнеше жыл сақтайды. Вирустың антибиотиктерге сезiмталдығы жоқ, химиялық факторлар әсерiнен тез өледi. Балалар арасындағы сезiмталдығы - өте жоғары. Қызамыктың эпидемиялары әр 3 -4 жылдан кейiн болуы мүмкiн. Жұқпаның көзi: ауру адам және тасымалдаушы. Берiлетiн жолы: ауалытамшылы және трансплацентарлық жол. Трансплацентарлық жолы бойынша жұқтырылған аурудың қоздырғышы, вирусемияға байланысты, анасынан ұрыққа берiледi. Әйел жүктiлiктiң бiрiншi үш айында ауырса, тератогендi әсерге байланысты бала өлi болып туылуы мүмкiн. Туа біткен қызамықта «қызамықтың классикалық синдромы» пайда болады: жүрек ақаулары, кереңдік және катаракта. Ақаулар басқа мүшелерде де пайда болуы мүмкін, олардың пайда болуы жүктіліктің мерзіміне байланысты: Әйел қызамықпен жүктіліктің бірінші екі айында ауырса - балада глаукома, катаракта, туа біткен жүрек ақаулары, ал жүктіліктің үшінші-төртінші айында ауырғанда- психикалық бұзылыстар пайда болады. Туа пайда болған қызамық кезiнде балалар вирусты 1, 5 жас бойы бөледi. Вирус осы кезде тұрақты түрде тыныс жолдарының шырышты қабығында, ауызда, конъюнктивада, қанда, зәрде, нәжiсте болады
Патогенезі Қызамық вирусы адам ағзасына жоғарғы тыныс алу мүшелердiң шырышты қабықтары арқылы енiп, көбейе бастайды. Осынан вирус қанға түсiп, лимфа тiнiн және дер кезеңде терiнi де зақымдайды. Туа бiткен қызамықтың дамуында өзгешелiктер бар. Бала ағзасында вирус анасының қан ағымымен түсiп, хорионның эпителийлерiн және бала жолдасының қан тамырлар эндотелиiн зақымдайды. Сол жерден вирус эмбол түрiнде ұрықтың жасушаларына еңіп, қалыптасып жатқан мүшелердiң және жүйелердiң ақауларын пайда қылады. Инкубациялық кезеңі орташа алғанда 18 -23 күнге дейін болады.
Қолданылған әдебиеттер Интернет желісі http: //studopedia. org/1 -2525. html Детские инфекционные болезни Самарина В. Н. 2001
Назарларыңызға рахмет !!!
Arykbaeva_Galia_303_stom_DB.pptx