Фарм ГЕРБ срс.ppt
- Количество слайдов: 14
«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ ЖАЛПЫ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ Тақырыбы : Гастро-эзофагальді рефлюкс ауруының фармакотерапиясы. Орындаған: Қалилаева Ж. Топ: 313 ОМ Тексерген: Тасбалтаева А. М. Астана 2015 ж
Жоспар 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім -Гастроэзофагалдық рефлюксті ауруы -ГЭРА кезінде қолданылатын препараттар -ГЭРА емі. Фармакологиялық қасиеттер, әсерету механизімі, қолдану көрсеткіштер, кері көрсеткіштері. 3. Қорытынды 4. Қолданылған әдебиеттер
ГЭРА – өңеш-асқазан-ұлтабар аймағындағы мүшелердің моторлы-эвакуаторлы қызметінің бұзылуы болып табылады. Нәтижесінде АІЖ жоғарғы бөлігінің сфинктерлерінің қызметінің жеткіліксіздігі дамып , асқазан және ұлтабардың құрамының өңешке кезеңді түрде түсіп отыруына әкеп соқтырады. ГЭРА ем жасау үшін түрлі фармакологиялық топтардық дәрілері қолданылады. Бұл , алдымен , антисекреторлық прерараттар , оларды қолдану асқазан сөлінің қышқылдылығын және оның өңештің шырышты қабатына зақымдаушы әсерін азайтады. Алайда, оларды дуоденогастральді рефлюкс кезінде қолдану оң әсер көрсетпейді, себебі ұлтабардың құрамының зақымдаушы әсері асқазан сөлінікіне қарағанда әлдеқайда жоғары болып табылады.
Емдеу принциптері -Диетамен емдеу; -Постуралды ем ( рефлюкс деңгейін азайтуға, өңешті асқазандық құрамнан тез босатуға бағытталған, бұл қабыну мен респираторлық асқынуда дамуының кауіптілігін азайтады. -Осыған бағытталған медикаментоздық ем: -Асқазанмен өңештің перистальтикалық қызметінің қалпына келтіру; -Асқазанның қышқылды өндіретін қызметін қалпына келтіру; -Өңештің шырышты қабатының құрылымын қалпына келтіру, шырышты қабатта дамитын қабынулық өзгерістер мен куресу.
Бездердің қызметін төмендететің дәрілер М-холиноблокаторлар ( атропин, метацин, гастроцепин) Ганглиоблокаторлар(бензогексоний, пентамин, пирилен) Н 2 -гистамино блокаторлар ( циметидин, рантидин) Протондық насосты тежеушілер Антацилиндер жүйелік әсері бар (натрий гидрокарбонаты) жүйелік әсері жоқ (магний қышқылы, магний үшсиликаты, алюминий суқышқылы) күрделі препараттар(маалокс, алмагель, мегалак, топакан) Гастропротекторлар : висмут препараттары ( викалин, викаир, де-нол) жергілікті жараға әсер ететін (вентер, сукралфат) регенерацияны жақсартатындар (оксиферрискарбо-натрий)
Антацилиндер -Дәрілік түрі Лимон дәмді ішуге арналған суспензи -Белсенді заттар: 460 мг алюминийдің гидрототығы, 230 мг алюминий тотығына сәйкес келеді 400 мг магнийдің гидрототығы бар, -Қосымша заттар: 64% сахароза ерітіндісі, 70% сорбит ерітіндісі (кристаллданбайды), ксантан камеді, гуар, лимон‐лаймның табиғи хош иісті үстемесі, натрий хлориді, қанықтырылған сутегі асқынтотығының ерітіндісі. -Сипаттамасы Ақтан бозғылт‐сары түске дейінгі лимон иісі бар біртекті суспензия. -Фармакотерапиялық тобы Қышқылдықтың бұзылуына байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Алюминий, кальций, магний препараттары біріктірілген.
Фармакокинетикасы Алюминийдің сулытотығы мен магнийдің сулытотығы асқазан‐ішек жолынан нашар сіңеді. Алюминийдің сулытотығы асқазанда алюминий хлоридіне баяу айналады. Фармакодинамикасы Антацидті дәрі. Препарат өңештің, асқазанның және он екі елі ішектің шырышты қабығын қорғайды. Қолданылуы - жедел гастродуоденитте - асқыну сатысындағы қалыпты немесе жоғары секреторлық функциясы бар созылмалы гастродуоденитте - диафрагмалық өңеш тесігінің жарығында - кейбір дәрілік заттарды (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, кортикостероидтар және б. ) қолдану кезінде туындайтын диспепсиялық құбылыстарда (және олардың алдын алу) - эпигастриядағы жайсыздық немесе ауырулар, қыжыл, ем‐дәмдегі кінәраттардан, алкогольді, кофені және т. с. с. көп ішуден, көп шылым шегуден кейінгі ащы кекіру. Қолдану тәсілі және дозалары - қыжыл мен қышқылдың қайта құйылуы кезінде 1‐ 2 мини пакетшеден (1 доза) - тәуліктік дозаның ең жоғары мөлшері:
Жағымсыз әсерлері Жиілігі белгісіз ‐ асқазан‐ішек жолдарының өткінші бұзылуы (іш өту немесе іш қату) ‐ ұзақ уақыт қолданғаннан кейін немесе бұл препараттың құрамында алюминий болғандықтан, препараттың жоғары дозасынан кейін гипофосфатемия болуы мүмкін. Қолдануға болмайтын жағдайлар ‐ препараттың кез келген компоненттерінің біріне жоғары сезімталдықта ‐ препараттың құрамында сорбитол болғандықтан фруктозаны көтере алмаушылықта
Сақтандыру шаралары Бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратындарға, оның ішінде диализге ұшыраған созылмалы кезінде препарат құрамындағы алюминийді есмкеру керек (энцефалопатияның даму қаупі болуы мүмкін). 10 күннен аса уақыттан кейін шағымдар болса немесе аурудың өтуі нашарласа, онда ауру себебін тексеру және емді қайта қарау керек. Пакетше ішіндегі бұл дәрілік заттың құрамында 3, 15 г сахароза бар, сондықтан оны күнделікті есте сақтау керек. Жүктілік және лактация Жүктілік кезінде препаратты тек қажет болған жағдайда ғана қолдануға болады. Препаратты жүктілік кезінде қолдану мүмкіндігін дәрігер дербес шешеді. Құрамында асқазан‐ішек жолдарының өткізгіштігіне әсер етуі мүмкін магний және алюминий иондарының бар екенін ескеру керек: ‐ магнийдің сулы тотығының тұздары диареяны туындатуы мүмкін ‐ алюминий тұздары жүктілік кезінде жиі байқалатын іш қатудың себебі болуы және іш қатудың кетуін нашарлатуы мүмкін.
Домперидон ( Мотилиум; таб. 0, 01) – құрамы бойынша бутирофен тобындағы препараттарға ұқсас, ал әсері бойынша метоклопрамидке ұқсас. Гематоэнцефалды тосқауылдан өтпейді және экстрапирамидті бұзылыстарды шақырмайды. (прокинетиктер) Қолдану көрсеткіштері : -АІЖ-ң функционды бұзылыстары -Асқазан гипотониясы -ГЭРА -Жара ауруларында Жанама әсерлері: -Пролактин деңгейінің жоғарлауы -Бастың ауруы -Ауыздың құрғауы -Бастың айналуы
Мизопростол ( гастропротекторлар) – Е 2 – простогландиндер тобына жатады. Препаратты қолданғанда асқазан сөлінің қышқылдығы азаяды, моторикасы төмендейді. репаративтік, гипотензивтік әсерін тигізеді. Қолдану көрсеткіштері : -АІЖ –ң қызметінің бұзылуы -Стероидты емес қабыну тежейтін дәрілердің жара туғызатын әсерін алдын алу үшін Кері көрсеткіштері: -Гипотония -Диспепсия -Басайналу
Циметидин (Н 2 -гистаминоблокатоллар) асқазан моторлық қызметін төмендетіп тұз қышқылының және жалпы асқазан сөлінің көлемін азайтады. Бұл дәрінің белсенділігі әсіресе 12 -елі ішектің жарасын емдегенде жоғары болып табылады. Кері әсерлері : бастың ауруы, бас айналуғ жүрек айну, іштің журуі, брадикардия, нейтропения, анемия. циметидин бауырдың микросомалдық ферменттерін тежеп, үйықтататын дәрілердің, транквилизаторлардын, анаприлиннің әсер ету уакытын ұзартады; андрогендік рецепторларды тежеп олигоспермия, импотенция, гинекомастия туғызады.
Қорытынды ГЭРА Гастроэзофагалдық рефлюксі аурудың мәселесінің өзектілігі оның кең таралғандығына байланысты. ГЭРА ересек адамдардың ішінде анықталуы 25%-тен 40%-ға дейін. Бірақта аурудың шынайы таралуы толық зерттелмеген, бұл клиникалық көріністерінің үлкен ауытқымалығына байланысты – қыжылдаудың кайталанып дамитынын асқынған рефлюкс-эзофагиттің айқын клиникалық көріністеріне дейен. ГЭРА зеріттеудің өзектілігі бұл аурудың клиникалық көріністерінің әртүрлі болуына байланысты, кауіпті асқынулардың даму мүмкіндігіне ұзақ уақытта медикаментозы емдеуді қажет етуі.
Қолданылған әдебиеттер 1. Харкевич Д. А. “ Фармакология” , 2004 ж. Алматы 2. Клиническая фармакология, В. Г. Кукес и др. , 2004 3. Алэутдина “Клиникалық фармакология” 4. www. google. kz , www. yandex. kz, http: //irbis. pushkinlibrary. kz
Фарм ГЕРБ срс.ppt