ТОКе.ppt
- Количество слайдов: 12
“Астана медициналық университеті” АҚ Жалпы және биологиялық химия кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: ГОРМОНДАР БИОХИМИЯСЫ. ЗАТ АЛМАСУДЫҢ ГОРМОНДАРМЕН РЕТТЕЛУІ Орындаған: 214 ОМ Еламан Т. С. Қабылдаған: Оразай П. О.
l Сабақтың мақсаты: l 1. ОЖЖ мен жасуша ішілік алмасудың байланыстырушысы ретінде гормондар туралы білімді қалыптастыру; l 2. Зат алмасудың ағза аралық реттелуін негізгі механизмдері туралы білімді қалыптастыру.
l Оқыту мақсаты: l Эндокринді және тағы басқа аурулардың патогенезінің биологиялық негіздерін түсіну үшін метаболизмді реттеудің молекулярлық механизмдері туралы білімді қолдана білуге үйрету.
l l l Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Метаболизм реттелуінің негізгі механизмдері. Зат алмасуды жасушааралық және ағзааралық үйлестірудегі гормондардың атқаратын ролі. 2. Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондық жүйенің құрылымы: гормон, рецептор, аралық тасымалдаушы, жасушалар және нысана – ағза. 3. Гормондардың жіктелуі: А) синтезделу орны бойынша; Ә) биологиялық ролі бойынша Б) химиялық құрылысы бойынша В) әсер ету механизмі бойынша 4. Реттелуші жүйелердің иерархиясы. 5. Инсулиннің химиялық табиғаты, синтезі және зат алмасуға әсер ету механизмі. 6. Глюкагонның химиялық табиғаты, синтезі және зат алмасуға әсер ету механизмі. 7. Норадреналин және адреналиннің химиялық табиғаты синтезі және зат алмасуға әсер ету механизмі
Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады. l Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жол мен (қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді. l Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды. l
l l Гормондар[1] (гормоны); (гр. hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа) бөліп шығарады. Гормондар — өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекұсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялык белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады. [
Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрылым ұқсастығын, физика химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі. l 1. Белоктық — пептидті қосылымдар (инсулин, глюкагон, сома тотропин т. б. ); l 2. Стероидтар (бүйрек үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары); l 3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер адреналин, норадреналин). Гормондардың биотүзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транс кортизон, альбумин және α глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі темен байланысқан гормон түрі пайда болады. l
l Инсулин (лат. insulinum insula — арал) — эндокринді эпителиоциттерден құралған ұйқы безі аралшықтарының бета жасушалары (В инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон. В инсулоциттер ұйқы безі аралшықтарының орталықтарында орналасады. Олардың цитоплазмасында инсулин гормонын түзуге маманданған, безді жасушаларға тән барлық органеллалар жақ сы жетілген. Бета—безді жасушалар цитоплазмасындағы түзілген инсулин дәншелері суда ерімейді, спиртте ериді. Инсулин — қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны адам мен жануарлар бауыры мен бұлшықеттерінде қорланатын күрделі көмірсу — гликогенге айналдырады. [1]
l Глюкагон — ұйқы безі аралшықтарының альфа жасушала ры (А клеткалары) бөлетін гормон. Химиялық та бигаты жағынан полипептидтерге жатады. Бауыр жасушалары гепатоциттерде қорланған адам мен жануарлар организмдеріне тән крахмал тәріздес полисахарид — гликоген глюкагонның ықпалымен глюкозаға айналып, қанға өтеді. Нәтижесінде, глюкозаның қандағы мөлшері артады. [1]
l l l Адреналин (лат. adrenalinum; лат. ad маңында, қасында; лат. ren — бүйрек) — бүйрекүсті безінің бозғылт затын құрайтын хромаффиндіжасушалар тобының адреноциттері (адренонефроциттер) бөлетін гормон; бүйрек үсті бездерінің қабатында болатын ми тәрізді заттан түзілетін гормон. Адреналин негізгі зат алмасу процесін күшейтеді: көмірсулар– майлар алмасуын жүрек қан тамырлары және бұлшық еттер жұмысын реттейді. Оқыс түскен үлкен физикалық немесе психологиялық ауыртпалықтар жағдайында ағзаның оларды тез жеңуіне көмектеседі. Адреналиннің өте аз мөлшерінің өзі жүрек жұмысын күшейтеді сүтқоректілердің бас миының кейбір нейрондары синтездейтін катехаломин тобына кіретін медиатор. Адреналиннің секрециясы ағзаның жаңа жағдайларға бейімделуге байланысты өзгерістерге ұшырауы кезінде күшейіп тыныс алуды шапшаңдатады қандағы глюкоза мен бұлшық еттердегі сүт қышқылын көбейтеді. [1] Адреноциттер түрі өзгерген симпатикалық жүйке жүйесінің нейроциттері болғандықтан, адреналинді қозу кезіндегі постганглионды симпатикалык жүйке талшықтарының үштары да бөледі. Адреналин катехоламиндерге жатады. Адреналиннің әсерінен құрсақ қуысындағы қан тамырларының арнасы тарылып, көкбауыр мен бауыр қан тамырларындағы қанның қоры қан тамырларына шығарылады да, қан айналымындагы қанның мөлшері көбейеді; жүрек пен ми қан тамырларының арналары кеңейеді; жүректің жұмысын күшейтеді; көмірсудың организмдегі алмасуын реттеуге қатысады (бауыр жасушалары мен бұлшықеттер талшықтарында қорланған гликогеннің глюкозаға айналуын қамтамасыз етеді). [2]
l Негізгі әдебиеттер: ¡ Дәріс конспектісі. ¡ Т. С. Сейтембетов. , Б. И. Төлеуов. , А. Ж. Сейтембетова. , Биологиялық химия. Қарағанды 2007 ж. ¡ Т. С. Тапбергенов, Медициналық химия. Алматы. 1988 ж.
Назарларыңызға рахмет!!!
ТОКе.ppt