Маденова Ф 656 Педиатрия.pptx
- Количество слайдов: 11
“Астана Медициналық Университеті”АҚ Тақырыбы: Туа пайда болған өкпе тамырларының ақауы Орындаған: Маденова Ф. К Қабылдаған: Сейдалиева Г. Б Топ: 656 Астана-2015 ж
Жоспар: Анықтамасы Этиологиясы Жіктелуі Патогенезі Клиникалық көріністері Емі Профилактика Қолданылған әдебиеттер тізімі
Туа біткен даму – аномалия, көбінесе жатырішілік дамудағы ағза не тін құрылысы мен жұмысының терең өзгеріске ұшырауы салдары нәрестелердің 1 -3 пайыз өкпе дамуы ақауларынан өледі, ал даму ақауларының өздері созылмалы бронх-өкпе дерттерінің 20 -30 пайыз құрайды.
жіктелуі Өкпедегі қан және лимфа тамырларыныңаномалиялары Өкпе артериясы мен оның тарамдарының стенозы Өкпе веналарының варикоздық кеңеюі Локальдық артериовеноздық тесіктер Анық орны жоқ көптеген артериовеноздық тесіктер Лимфангиоэктазиялар және өкпе лимфа жүйесінің басқа ақаулары
Сыңар вена бөлігі -Оң өкпенің қосымша сегментінің болу варианты, бұл сыңар вена орнының ауытқуымен байланысты. Диагнозы өкпе рентгенограммасы көрінісіне қарай: оң жақ өкпе төбесінен басталған доға тәрізді сызық оның түбіріне дейін созылады – ақ қан тамшы түрі. Емнің қажеті жоқ. Қосымша бөлікте қайталамалы қабыну құбылыстары өрбіген жағдайда операция жасалады.
Өкпе артериясының агенезиясы не гипоплазиясы. Клиникасы тыныс бұзылыстарымен көрінеді, алғашында олар жеңіл болғанымен, соңынан өкпелік гипертензия өрбуімен қосалқы кардиопатия дамуынан өлім қатері тууы мүмкін. Диагнозы тек ангиопульмонографиямен ғана емес, жай кеуде рентгенограммасымен ақ белгілі болады. Ол кеуде ағзаларының қан келмейтін кішірейген өкпе жағына қарай ығысуы, сау өкпенің медиастениалдық жарығы жағында тым ауа көп болуымен сипатталады. Операцияны клиникалық және ангиографиялық белгілерге жасайды.
Өкпе артериясының агенезиясы не гипоплазиясы.
Артериовеноздық аневризма мен қатынастар. Бұл іштен болатын өкпелік артерия мен вена арасындағы тесік. Клиникасы созылмалы гипоксемиямен, ентігу, цианоз, полициптемиямен сәби кезінен көрініс табады. Аневризма үстінен систолалық не қосфазалық шу естілуі мүмкін. Рентгенограммада дөңгелектеу, кейде дірілді көлеңке анықталады. Диагнозы ангиопульмонография көрінісіне сүйеніп қойылады. Егер аневризмалар тым көп болмаса операция жасауға болады.
Балаларда өкпе, бронхтар және олардың тамырлары ақауы басқа даму аномалияларымен, дизэмбриогенездік стигмалармен қатар кездесетіні аз емес. Сондықтан кез келген рецидивті бронхөкпелік инфекцияларда, ауыратын балада және қосымша даму аномалиялары, дизэмбриогенез стигмалары болса, өкпе жүйесі ақауы туралы ойлау керек.
Маденова Ф 656 Педиатрия.pptx